Ертеде бір бай болыпты, байдың үш баласы болыпты. Бір заманда бұл байдың шаруасы кеміп азая бастайды. Күннен-күнге күн көрісі қиындап бара жатқан соң, байдың үш баласы ақылдасып кәсіп етуге шығады.
Үлкен баласы: «Мен Астраханға барып балық аулауды кәсіп етемін», – дейді.
Ортаншы баласы айтады: «Тұз кенінде кәсіп көп, мен сонда барамын», – дейді.......
Балаңыз сурет салып жатқанда, оны түзетуге не көмектесуге талпынбаңыз. Тек отбасы мүшелерін қандай ретпен салып жатқанын сырттай бақылап тұрыңыз. Сурет дайын болғанда, балаңыздан оның кейіпкерлерінің есімдерін сұраңыз.
? Реті бойынша. Үй ішіндегілердің пайда болу реттілігі балғын суретшінің оларға деген қатынасын көрсетеді. Әдетте балалар ең жақсы көретін жанды бірінші салады. Егер ол біреуді ұмытып кетсе, демек баланың ол адаммен қарым-қатынасы шиеленісті болуы мүмкін. Балалар әдетте өздерін суреттің ортасына орналастырады. Бұл оның ата-анасының өзін жақсы көретініне сенімділігін көрсетеді. Ал егер өзін салмаған болса, ол өзін жалғыз, әрі сүйкімсіз, керексіз сезінеді. ......
Сүтқышқыл бактериялар адамның өмірінде көне заманнан бері қолданылып келеді. Сүтқышқыл бактериялар нан тісіру, балық тұздауда, көкөністерді консервілеуде, сүтқышқылды және десерттік шырындарды дайындауда қолданылады. Микробиологияның дамуымен байланысты сүтқышқыл бактериялардың морфология-физиологиялық және культуралдық қасиеттері туралы білімдер және олардың қолдану сферасы әлде қайда кеңейді.[1] Көптеген ғалымдардың пікірінше, бүгінгі күнде әлемде медицина және тағам өнеркәсібі экономиканың тез дамып келе жатқан саласына жатады. Әрине бұл дамудың векторы ұлттық ерекшеліктер мен қаржылық мүмкіншіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін, алайда дәл осы салада жаңа өнімдердің түрлері, сонымен бірге жаңа технологиялардың жаңалықтары ашылуда. Осындай алдыңғы қатарлы салалардың біріне тағам және медицина биотехнологиясын жатқызуға болады.[2;8] Сүтқышқыл бактериялар ашытқылармен бірігіп, тамақ биотехнологиясында микроорганизмдердің ең бағалы және құнды тобы болып табылады. Олардың пайдалы биологиялық қасиеттерін қолдана отырып, әртүрлі жоғары сапалы құнды өнімдер алады. Соның ішінде адамның күнделікті тамақтануында негізгі орынды алатын шипалы сүтқышқылды өнім-айран болып табылады....
«Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасына Пікір Оқушының «Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда өмірде қолданыла бермейтін тың тақырыптардың бірі. Ол бұл ғылыми жұмысында тәлім - тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне байланысты екендігін түсіндіре алған. Сәбиіне баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі, бесік жырының тәрбиелік мәнін және қазіргі таңдағы бесік жырын айта алмайтын аналар туралы айтылған. Бесік жырының басты қызметі мен тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен. Жұмысында ауыл әжелерінің айтқан бесік жырлары енгізілген. Бір - біріне сазы да, сөздері де ұқсай бермейтін, бірінен - бірі асып түсетін осы бір «әлди әндерді» жазып алып, жинақ етіп шығару қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді – деп қорытындылаған. .....
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, парақорлық құрамының объективтік және субъективтік белгілерінің ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кеңінен сөз болады. Негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады. Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді. Парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген. ....
Картоп (Solanum tuberosum) алқа тұқымдасына және түйнекжемістілер тобына жатады. Картопты жерасты туйнекжемісі үшін өсіреді, өндірістік, мал азықтық және тағамдық маңызы зор. Бұл топқа картоптан басқа тағы да күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жер алмұрты немесе топинамбур жатады. Картоп – адам ағзасына өте қажетті тағам ретінде, ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақылдың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдардың ішінде дәнді-дақылдардан кейін екінші орын алатын, соған байланысты халық арасында «екінші нан» деген әділ бағасын алған дақыл. Қазақстанда дақылдың егістік көлемі – 180-189 мың га жерді алып жатыр. Картоптың қоректік, азықтық, техникалық және медициналық маңызы оның түйнегінің химиялық құрамымен байланысты. Оның түйнегінде 12-ден 32%-ға дейін құрғақ заттар болады, көп бөлігі крахмал түріндегі көмірсулар болып келеді. Индустриялық технологияны енгізу ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын едәуір арттырады, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын еңбек шығыны мен қаржыларды күрт кемітеді. Ауылшаруашылығы дақылдарының ішіндегі қолданыс аясы кең, үлкен сұранысқа ие картоп дақылы басым бағытқа ие. Картоп - тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан Республикасы ауылшаруашы-лығындағы кеңінен тараған, астықтан кейінгі екінші дақылдардың бірі. Еліміздегі ауа-райы мен топырақ жағдайы картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоптың өнімі тұқымның сапасына байланысты екендігіне көз жеткізген болар едік. Дақылдың өндірісін арттыруда ауылшаруашылығында оның өнімділігі мен сапасын жақсартатын озық технологияларды пайдаланудың практикалық маңызы зор. Тұқым өндірісі ауылшаруашылығының жеке бір саласы болып есептеледі, сондықтан да көптеген жылдар бойы ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесінде шығарылған сорттардың тиімділігі оның саапасына да байланысты. Картоп дақылының тұқым шаруашылығын дамыту, оның өнімі мен сапасын арттырып, республика тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру ауылшаруашылығы саласындағы ғалымдардың алдына қойған көкейкесті мәселелердің бірі. Көптеген тәжiрибелер көрсеткендей, картоптың репродукциясы артқан сайын, оның өнiмi төмендей бередi. Соған байланысты,биотехнологиялық жаңа әдiстердi пайдаланып, аурулардан сауықтырылған бастапқы материал алу мен оны жеделдетiп көбейтудiң маңызы зор. Жоғарыда айтылғандар негізінде, жасалып отырған жұмыстың мақсаты бастапқы вируссыз микротүйнектерді аз көлемді гидропоника жағдайында алудың оңтайлы жолдарын қарастыру болды.....
Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:
— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.