Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | М Әуезов Абай жолы романындағы әйелдер образы

Еліміз егемендік алғалы бері қазақ әдебиеті тарихының ежелгі және орта ғасыр дәуірі дербес пән ретінде бұрынғыдан да кең көлемде әрі тұрақты түрде оқытыла бастады. Өйткені дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде бізге көненің көзіндей болып ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраларды, соның ішінде жазба әдеби жәдігерлерін танып - білудің қажеттігі ерекше артып отыр.
Өйткені жазба мұраның осы күнге толық түп нұсқасы жетпей, архивтерде шаң басып жатқаны бірімізге аян. Яғни, осы деректерді алып ғылыми түрде дәлелдеу , жарыққа шығару қажеттілігі туындайды. Тарихи дерек пен тәжірибе жекенің жадында сақталады. Бұл орайда халықтың жады арқылы жеткен мұралардың деректік тұрғыдан объективтілігі басымдау болады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік - ел тілегі

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі

Нарықты экономика жағдайларында, ең негізгісі айқын реттелген бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылатын, басқарудың экономикалық әдістерін зерттеу мен тәжірибелік жұмыста қолданудың маңызы өте зор.
Бухгалтерлік есеп халықаралық қатынас құралдарының бірі, жәнеде кез – келген бизнеске сипатты қызметтің әр алуан түрінің байланыстырушы буыны болып табылады.
Басқару процесін ақпараттық қамтамасыздандыру бухгалтерлік және статистикалық есеп-қисабты, оперативтік деректерді, әртүрлі ресмиленбеген есептен тыс мәліметтерді қамтиды. Ақпараттық ресурстарды басқаруда қолдану дәрежесі әрқалай, дегенмен жалпы беталыс болып, басқару шешімдерін өндіру кезінде бухгалтерлік деректердің жеткілікті әлсіз қажетсінулігі табылады.
Көбінесе бұл қалыптасқан таптаурындардан шығады: шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің ақырғы нәтижелері бойынша, бухгалтерлік есепте бақылау функцияларының басым болуы, есеп беру нысандарының уақытша кешеуілдеуі, олардың мейлінше күрделілігі және т.б. Сонымен қатар, қаржы нәтижелерінің есебі және сол бойынша құрылған қаржылық есеп-қисап, өзінде, өте зор талдамалы әлуетті сыр сақтайды және ағымдыда, келешектікте сипаттағы басқару шешімдерін қабылдау процесінде қолданыла алады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үлестіріп, олардың еңбек және оқу қабілеттерін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде.
Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көз-қараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез-құлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілтті азамат тәрбиелеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жақсылық жасай білейік

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ертегі суреттері, слайдтар, оқулық, дәптер, сюжетті суреттер, ақ қағаз, көк қағаздан қиылған тамшылар мен дария.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен «Өзін - өзі тану» пәнінің кезекті сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін құрайық. Осы шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.
Жақсы болу - өзіңнен, “
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жерім

Қасиетті туған жерден айналайын.
Асау көңлім Шонжыға елеңдеген.
Қай ауылда болайын, қай қалада
Сен артықсын бәрінен туған жерім.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі нарықтық өзгерістер сатысынан өтіп өрістеу сатысында тұр. Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге өндірістік үздіксіз және динамикалық даму құбылысы тән. Капиталдық табыстылық деңгейін жоғарлату үшін өндірістің экономиклық тиімділігін арттыру мәселесі зерттеу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіш ретінде өндірістік іс әрекетін жүзеге асыру үшін және тбысты алу үшін кәсіпорынның мүліктік құны, яғни негізгі қорлардың құны қолданылады.
Бұл өтпелі кезінде негізгі қорларды пайдаланутиімділігін жәнекәсіпорынның өндірістік қуаттылығын арттыру проблемалары өте актуалды болып келеді. Бұл проблеманышешу нәтижесіне кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістегі алатын орны, оның қаржылық жағдайы және нарықтағы бәсекеқабілеттілік дәрежесі тәуелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Тіршілік көзі

Су деген - өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Болмас еді шөп-шалаң,

Болмас еді тірі жан.

Сол себепті балалар,

Ысырап қылмайық суды.
Тақпақтар
Толық
0 0