Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М. Жұмабаев «Балалық шақ»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді қатесіз, дауыстап оқиды, мазмұнын түсінеді, оқығаны бойынша ойын жазады
Көптеген оқушылар:. Өлеңді мәнерлеп оқиды, оқығаны бойынша мысалдар келтіре отырып өз ойын жазады;
Кейбір оқушылар: шығарманы мәнерлеп оқиды, оқығаны, көргені бойынша мысалдар келтіре отырып жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытындылайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Жабайы аққулар

Біздің жақта қыс түскен кезде қарлығаштар ұшып баратын сонау ит арқасы қияндағы бір елде король болыпты. Оның өндірдей он бір ұлы, Элиза деген жалғыз қызы бар еді. Ағалы-інілі он бір ханзада мектепте сабақ алатын. Омырауларына жұлдыз тағып, белдеріне қылыш байлап жүретін. Алтын тақтаға алмас қаламмен жазатын. Бәрі де сабаққа жүйрік оқуға алғыр болушы еді. Ханзада екендіктері айтпай-ақ көрініп......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 8 9 сыныптағы оқушылардың дене шынықтыру сабағында күш қабілетін дамыту әдістемесі

Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру.
Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. Мектеп дәрігері оқушыны дене тәрбиесі сабақтарына жалпы баідарлама бойынша жіберу - жібермеуді анықтайды немесе кейбір оқушыларға денсаулығы нашар балаларға арналған арнаулы топтарда шұгылдануды ұсынады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу

Шаруашылықтағы гинекологиялық аурулардын таралуын болдырмау малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиясы жөнінен терең білімі болмай мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Гинекологиялық аурулар малдың қысыр қалуының бірден-бір себебі болып табылады.
Аналық малды бағып-күтудің ережелерін дұрыс сақтап, оны ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмдегі болатын физиологиялық-биологиялық процестерді дұрыс пайдаланып отырса, озық тәжіребие көрсеткендей әрбір 100 сиыр мен құнажыннан жыл сайын 100 аса бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады. Бағып күтудің ережелерін сақтамай, жануарлардың рационың дұрыс құрмай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында оның физиологиялық-биологиялық мүмкіндіктерін бағаламай қалай болса, солай малды пайдаланса, төменде келтірілген гинекологиялық ауруларға мал басының шалдығуы мүмкін. Гинекологиялық аурулардың салдарынан мал бедеулікке ұшырауы әбден ықтимал. Ал, бедеулік мал басының көбеюіне кері фактор болып табылады. Міне осыдан шаруашылыққа гинекологиялық аурулардың тигізер экономикалық залалын баса айтуға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Балапан, үйрек, қаз

Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Үйректің балапанын жүзуге үйретпе.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Мартин Иден

Бірінші тарау

Алда келе жатқан жігіт француз кілтімен есік ашты. Оған ерген жас жігіт, табалдырықтан аттамас бұрын, әлденеге қолапайсызданып, жұлқа тартып, басындағы кепкасын қолына алды. Оның жұпыны шидем киімінен теңіз лебі аңқиды; кең холлға кірген кезде бұл жігіттің не қылса да берекесі қашайын деді. Кепкасын қайда қоярын білмей, қалтасына енді жытырғалы жатқанда серігі жайраңдап, өзімсініп, қолынан кепкасын ала қойған еді, оның бұл қылығы жігітке ұнап кетті. «Жағдайға түсінетін жақсы жігіт екен, тегі, ұятқа қалдырмас»,— деп ойлады ішінен.

Еденді жоғарылы-төмен теңіз теңселтіп тұрғандай ол найқалып, аяғын нығарлай басып, серігінің соңынан жүріп келеді. Алшаңдаған алпамсадай жігітке дағарадай бөлме тар көрінді — ол есіктің жақтауын иығыммен қағып кетер ме екем немесе каминнің үстінде тұрған жылтырауық-жарқырауықтарын ұшырып жіберем бе деп зәресі қалмады. Олай-бұлай орынсыз бұрыла бергендіктен, қайдағы жоқ бәлеге өзі бас болды. Рояль мен үстінде үйіліп көп кітап жатқан столдың арасынан алты адам еркін өтер еді, сол арадан әлденеге сасқалақтап, бір өзі әрең өтті. Соқталдай болып солбырайған екі қолын қоярға жер таппағандай. Бірде стол үстіндегі кітаптарды қағып кетем-ау деп, үріккен аттай орғып түскенде, рояльдің түбіндегі орындықты құлатып кете жаздады. Ол алдында алаңсыз еркін жүріп келе жатқан серігіне қарап, өзінің арпыл-тарпыл жүрісін ерсі көрді. Екі беті оттай дуылдап кетті. Маңдайынан шып-шып тер шықты, сәл кідіріп, орамалымен күнге күйген қоңырқай бетінің терін сүртті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Информатика | MathCad бағдарламасы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Mathcad бағдарламасын зерттеп, бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсету әрі бағдарламаны информатика, физика, математика пәндерінде оқытудың маңызын таныту.
Гипотезасы: Қазақстан 2050 стратегиясын іске асыру үшін, мемлекетіміздің әрбір азаматы инновациялық технологияларды толық меңгеріп, күнделікті өміріне енгізуі керек.
Зерттеу кезеңдері:
Mathcad туралы жалпы мәлімет
Mathcad – тың қарапайым құрылымы
Mathcad көмегімен физика – математикалық есептеулер жүргізу
Эксперимент әдісі: кітапханамен, ғаламтормен, информатика пәніне арналған журналдармен жұмыс.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: еліміздегі ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру.
Эксперименттің қолдану аясы:: жасалған жұмысты мектеп бағдарламасына енгізу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынуға болады.
Зерттеу нәтижесі мен қорытынды: Mathcad бағдарламасының пайдасы дәлелденіп, мектеп бағдарламасында қолдану аясы көрсетілді. Зерттеу барысында маңызды ойлар түйінделіп, ұсыныстар мен шешу жолдары көрсетілді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Кеплер жаңа планеталар жүйесі

Зерттеудің мақсаты: Күн жүйесінен өзге экзопланеталарды зерттеу барысында анықталған Кеплер - 11 планеталар жүйесін зерттеп, оларда тіршіліктің болуы мүмкін бе? Болса адам үшін маңызы қандай екендігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: 1. Түрлі ақпарат деректерін оқу, талдау, салыстыру.
2. Өзгелердің осы аталған тақырыпта білетіндерін тыңдау, ой бөлісу
3. Осы уақытқа дейінгі бар мәліметтерді көзіммен көру.
4. Көргендерімді, естігендерімді оқығандарымды жазу, суретін салу, макетін жасау.
5. Барлық жинақталған материалдарды талдай отырып ой қорытындысын шығару.
Зерттеудің болжамы: Кейінгі кездері Кеплер орбиталық телескобының көмегімен анықталып жатқан экзопланеталардың тіршілік үшін үлкен маңызы бар деп болжаймын.
Жұмыс жоспары:
Кіріспе:
І. ХХ ғ. адамзат тарихындағы «Ғаламды игерудің» маңыздылығы.
ІІ. Негізгі зерттеу бөлімі.
1. Кеплер телескобының жұмыс істеу принципі
2. «Кеплер»- 11 жаңа планеталар жүйесі.
3. «Кеплер»- 22 би планетасы.
4. Өзге де жетістіктер
Қорытынды.
Жобамен таныстыру......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0