Мен бұл мақаланы жазарда көп ойландым. Ойланып жүре берер ме едім...
Бірде бір ана маған былай деді: «Жалғыз ұлым бар. Ол әлі бала. Аузынан ақ уызы кеппеген. Ал қыздар мазасын алып, неше түрлі әңгіме жазады. Жауап бермесе небір әдемі сөздермен ар-намысына тиеді. Сіз не айтасыз осыған?»- деп маған сұрақ қойды. Үнсіз қалдым...
Қыздар арасында сауалнама жүргіздім. Төмендегідей сұрақтар қойдым:
«Қазақ қызы қандай болу керек? Қазақ қызына тән қандай қасиеттер бойыңда бар?
Ар, намыс дегенді нешінші орынға қояр едің? «Қылықты қыз» дегеннің мағынасы? «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе күңнен тыю» деген мақал- мәтелді қалай түсінесің?
Үнсіздік...Жоғарыда айтылған әңгімедегі кейіпкер қыздарымның жанарлары төмен, жүздерінде ұят өрті тұтанды. Бір қызарды, бір сұрланды. Қазақта қыз бала бірінші болып сезімін білдірмейтіндігін айттым. Ол үлкен ұят екенін түсіндірдім.
Біраз уақыт өткен соң, сол сұрақ қойған ана: «Ұлыма смс жазу тоқталды. Құлағымыз тынышталды,» -деп күлімсірейді.
Ішім алай-түлей. Мен де екі қыз тәрбиелеп отырмын. Біреуі 15-ке толды. Екіншісі әлі 4-те . Қыздарыма қандай тәрбие беріп жатырмын? Кешегі бізді тәрбиелеген аяулы анашымның тәрбиесін осы қыздарыма бере алып жүрмін бе?
Мен үлкен қызымның араласатын құрбы-құрдастарынан қызым туралы сұрадым. Ана жүрегінің жарылардай қуанышын, бақытын мен сонда сезіндім. Яғни мен өз анамның тәрбиесін аздап болса да өз балама бере алғаныма бақыттымын.
Мен мақаламда көп нәрсені жұмбақтадым. Себебі, айтылмайтын дүниелер болды. Есімдер жасырын қалды. Болған оқиғаның ізімен жай ғана ой тастадым.
Күнделікті күйбің тіршіліктің қамымен жүргенімізде қыздарымыз қараусыз қалып қоймасын. Өз баламызды тәрбиелеуге уақыт жетпей жатқанда, өзгелер тәрбиелеп, санасын уламасына кім кепіл? Қазақтың қара көздері қор болмай, мазақ болмай жүрсе екен деген аналық тілегімді өздеріңізбен бөліскім келді. Кешегі сұлу Жібектей, ару Баяндай, Әлия мен Мәншүктей ардақты, аяулы қара көздеріміз аз ба? Сол аруларымыздың салып кеткен сара, дара жолында ар-намысты биік түғырға қоятын қыздар бүгінде саусақпен санарлықтай ма? Ойланайық. Ойлана отырып, тығырықтан шығар жолды іздейік. Бақытты ананың мейіріміне бөленіп, шуағына шомылып өскен қыз бала сыпайы, ілтипатты, инабатты болмақ. Тәрбиенің тамырына салт-дәстүрдің, қазақы тәрбиенің құндылықтарын сіңіре білген жөн. Абырой мен ар-намысты бағалай алатын қыз баланы тәрбиелеп өсірсек,ертеңіміздің жарқын, болашағымыздың нұрлы болары сөзсіз.
Астана қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қасымғалиқызы Лаур .....
Басын Арқаның аласа тау сілемдерінен алып, шығыстан батысқа қарай садақша иіліп, баяу аққан Жыланды өзені бетеге, жусан, бұйырған өскен боз топырақты жазық дала мен сиыр таңдай құм төбелерді, ақ сорға айналған көлдің табандары мен қазан шұңқырлары алқаптарды басып өтіп, көктемгі тасқында Ащыкөлге құяр еді. Жаз айында суы кеміп, кей тұстары жиегіне қамыс, құрақ, арагідік шоқ–шоқ шілік өскен бірде тұщы, бірде ащы үзік–үзік қара суға айналады. Жағасы биік әрі құлама болғандықтан, суаттан басқа жері тіршілікке қолайсыз. Елдің көбі жайылым қуып, шашырай қонып, ауыз суды құдықтан ішіп, малды да құдықтан суарып әдет қылған. Қыста қар — суымен күн көреді. Әсіресе егіні жоқ, бірыңғай мал бағып, құм жайлаған шаруалардың өзен суына күні түсіп көрген емес. Әйтсе де солардың өзі «биыл Жыландының суы аз екен» десе, айдалада отырып уайым қылып, «көп екен» десе, «е, бәрекелді» деп қуанып, шүкіршілік етіп отырады.
Сол Жыландының «арғы бет» деп аталатын түстік аймағында елді мекеннен тым жырақ қоныстанған жалпақ ауыл сырттан келген адамдарға өздерін: «Қосымнан тараған бір атаның балаларымыз ғой», — деп таныстыратын. Бірақ қосым қайда, біреу қайда, бұл күнде біраз ата бір–бірімен қыз алысып, қыз берісіп, нағашылы — жиенді күйге ауысқан; жиын кеңесте бірін–бірі қажамаса отыра алмайды. Еріккен шалдар таяғымен жерді шұқып қойып, әлдебіреулерге: «Шірік неме, сені бүлдірген анау шөккен түйеге міне алмайтын жаман әкең ғой, сірә», – деп; егер пысықтау біреу болса: «Өзің бізге тартып адам болып жүрген шығарсың, егер аталарыңа қараған күн болса, біржола жынды болып кетер ме ең», – деп кеңк–кеңк күліп, қажаған адамының шақшасын сұрап, насыбай атысып отырар еді. .....
Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған. Қуантатыны білім, ғылымның дамуымен қатар мектеп оқушылары, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жаңа көзқарасы, жаңа ойлар, ізденістері, білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны. Сондай оқушылардың бірі №4 орта мектептің 2 «А»сынып оқушысы Шоқпар Әбілмансұр ғылыми ізденіске жаңадан аяқ басып өзінің «Сандар құпиясы» тақырыбындағы жұмысын назарымызға ұсынып отыр. Бұл жұмыста ол ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына бала жүрегімен шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған. Біраз сандардың сырларына қанығып, ғылыми болжамдарға, ұстанымдарға назар аударып, өз қатарларына сандар қасиетінің өмірде алатын орнын түсіндіре білген. Шоқпар Әбілмансұр ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған. Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып, халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін......
Атақты ғалым, физиолог И.П.Павлов адам табиғаттың асқақ туындысы екенін, сонымен бірге оның күрделі де нәзік жүйе екенін, соған қарамастан табиғат қазынасынан игілік көру үшін адам дені сау, әлеуетті және ақылды болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. «Денсаулық-зор байлық» дейді халық. Денсаулық біздің қоғамда әр адамның жеке қазынасы, өз меншігі ғана емес. Сонымен бірге ол мемлекеттің қол жеткен табысы, ел байлығы болып есептеледі. «Ердің саулығы – елдің байлығы» деп халқымыз тауып айтқан. Біздің кемелденген отанымызда халық денсаулығы мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің білікті медициналық тегін көмегі арқылы; азаматтарды емдеуге және олардың денсаулығын нығайтуға арналған мекемелер жүйесін ұлғайту арқылы; қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияны дамытып, жетілдіру арқылы; кең көлемді профилактикалық шаралар жүргізу арқылы; айналадағыны ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар арқылы; жеткіншек ұрпақтың денсаулығына айрықша қамқорлық жасау, оның ішінде оқуға және еңбек тәжірибесіне байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салу арқылы; аурудан алдын-ала сақтандыруға және ауру-сырқауды азайтуға, азаматтардың ұзақ жасап, белсенді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістету арқылы қамтамасыз етіледі. Әділ заңның аялауы арқасында біздің елімізде халыққа медициналық көмек көрсету мен аурулардың алдын алу ісінде елеулі табыстарға қол жетіп отыр. ....
Қазақтың сәндік – қолданбалы ою - өрнегі жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оны бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т. б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан - ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою - өрнегі – сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы. Ою - өрнек – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері. Казахское народно - прикладное искусство, ассоцируется с красотой нежностью, благородством казахского народа. Эти национальные качества используются в любом жанре искусства. В литературе, архитектуре, акультуре и. т. д. Народно - прикладное искусство, является одной из древнейших искусств, а также в современном мире оно постоянно обновляется и пребряжается казахский национальный орнамент – это вид искусства, корнями уходящий глубоко в историю, и имеющий сложную теорию. .....
Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы аралас, ат құлағы көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың кеш көрінді.
Аздан соң көгілдір аспанды алтын сәулесімен шарпи, қызарып күн де шықты. Төңірек сандықтан суырған гауһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сәулетті түрге енді. Жаз ортасы ауған шақ еді. Даланың сәнге бөленген кезі өтіп, сұлу ажары кеми бастағанымен, күн сәулесіне бөккен жасыл шалғын семіз малдың түгіндей құлпырып тұр. Қалың шөп арасынан сыңсыған қып-қызыл қой бүлдіргенінен, сиыр бүлдіргенінен көз тұнады. Әбден саумалданып саяу бере бастаған қымыздық та шоғырлана кездеседі. Мезгілі өтіп бара жатқан қалың балауса, көк шалғынның хош иісі таңғы кіршіксіз таза ауамен араласып мұрынды жарады.
Күн сәулесіне шомылған кештің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-шаға... Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.
Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ......
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Аяз би - қазақ ертегісі. Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: — Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер.......