Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», – деп, басқа әйелге үйленіп, өмір сүре береді.......
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа. Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар. Жүру барысы: Шаттық шеңбер: Сәлем саған жер анам, Сәлем саған алтын күн. Сәлеметсіздер ме апайлар, Сіздерді көргеніме қуанам. Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі? Ал көктемнің қай айы? Сәуір айында қандай мерекелер бар? Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жерде болса тұрағым, Марсқа ұшып тұрамын......
Сахна ашылып, оқушылар әнұран айтады Абдусамат:Сәлеметсіздер ме ұстаздар мен оқушылар Гүлжан:Бүгінгі [Ата-ананың балалық шағына саяхат және отбасы салт-дәстүрі] атты тарбие сағатқа қош келдіңіздер Абдусамат: Балалық шақ қайтып оралмайтын шақ. Біздің ата-анамызда, ұстаздарымыз да бала болған.
Гүлжан: Кеше ғана сәби едік гүл терген Қызыл, жасыл әрі сары гүлдерден Жинап алып үйге....
Бір неміс шаһарында Ганс дейтін киім тігетін ісмер адам болыпты. Ол күні бойы терезенің алдындағы үстелде іс тігіп отырады екен. Күрте де, шалбар да, кеудеше де тігетін болса керек.
Бір күні Ганс іс тігіп отырып, көшеден айғайлаған дауыс естиді.
— Мұраппа! Қара өрік мұраппасы! Кімге мұраппа керек?
«Мұраппа, ә!—деп ойлайды тігінші.— Және қара өріктің мұраппасы екен. Жақсы болды».
Осылай ойлайды да, Ганс терезеден айғай салады:
— Тәтей, тәтей, бері кел! Мұраппаңнан бере кет!
Жарты қалбыр мұраппа сатып алады да, бір тілім нан кесіп, оған мұраппа жағып қойып, кеудешені әрі қарай тіге береді.......
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта». Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет. Тақырыбы: «Президент – ел тірегі». Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (дәмі, иісі, түсі, аққыштығы). Бүкіл тіршілік ететіндерге судың маңыздылығын нақтылау. Адамның өміріндегі, табиғаттағы судың маңыздылығы туралы түсінік беру. Ойлау қабілетін, байқампаздығын, тілдерін, білуге құмарлықтарын дамыту. Белсенді сөздік қорларын кеңейтіп, сұйықтық, түссіз, дәмсіз, мөлдір деген сөздерді енгізу. Суға деген ұқыптылық қатынастарын тәрбиелеу. Қолданатын көрнекі құралдар: 1. «Кімге су керек» атты панно 2. Тәжірибеге арналған құралдар: сауыттар сумен (балалардың санына қарай), бос сауыттар, тұз, қант, зеленка, марганцовка, қасықтар, сүт; өзен, жылға, теңіз, мұхит бейнеленген суреттер. 3. «Қолыңды жудың ба – шүмекті жабуға ұмытпа» атты танымбелгі. 4. Тамшы қуыршағы. 5. Тамшылар маскалары (балалардың санын қарай). 6. Бұлттың маскасы (тәрбиешіге). 7. Шырын (балалардың санына қарай).
Сөздік жұмыс: сұйықтық, түссіз, дәмсіз, мөлдір; жылға – өзеннен кішірек, жіңішке су ағыны; тәжірибе – заттың сапасын немесе қасиетін анықтауға өткізілетін іс - әрекеттер. Билингвальдық компонент: мөлдір – прозрачная, сұйықтық – жидкость, жылға – ручеек. .....