Тақпақ: Достық пейіл

Дос дегенің серігің,
Дос дегенің адалдық.
Бірге жүріп бірге өскен,
Достық деген шын пейіл.

Доссыз өмір сүргенің
Көйлеңкеңмен жүргенің.
Досың бір сәт қиналса,
Түсін оның жүрегін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Әнші балапан

Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1 - жүргізуші: Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?

2 - жүргізуші: Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ------------------ ағайға береміз.
Сахнада ән сап жүреді
Радамирді бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «Бала тілегі»
«Бала тілегі» әнімен Айтасқызы Радамирді қарсы алыңыздар. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Мен елімді сүйемін

Еңселі елім, көркейе бер ұлы елім,
Сен деп соғар әрқашанда жүрегім.
О, туған ел оттай ыстық сезіммен,
Әлпештеген мені анамдай сүйемін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Алакөз батыр

Ертеде Абылай хан заманында бір байдың Алакөз деген ұлы болыпты. Алакөз он үш жасар батыр екен. Бір күні Абылай хан жауға аттануға көп қол жиыпты. Батырдың әкесінен: «Алакөзді маған бер, жорыққа ту ұстап барсын», – дейді. Алакөздің әкесі:

— Жоқ, ханеке, балам жас, баламды биылша тастап кет, алпыс ала ат берейін, – депті. Абылай хан: «Жарайды, олай болса», – деп, көп нөкерімен жорыққа шығыпты. Үш күн өткен соң, Алакөз үйінде отырып ойлайды. «Мен бұл әскерден қалғаным не қылғаным?», – деп, батырлығына шыдай алмай, өзінің бір қанатты Қарагер дейтін атына мініп алып, үш күн озып кеткен әскерлерді бір сағатта қуып жетіпті. Сонан соң Алакөз бұлармен бірігіп кетеді. Төрт күннен соң артынан әкесі қуып келеді. Баласы қашып ұстатпайды. Әкесі айтады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ғажайып қап

Ерке қыздың достары көп. Олармен ойнаған өте қызық. Бүгін де мысығы екеуі достары ойнап жүрген ойын алаңына барды. Мұнда әткеншек те, сырғанақ та, белтемір де бәрі-бәрі бар. Қалағаныңша ойнауға болады. Тек, достарыңмен таласып, өкпелетіп алмасаң болғаны.
— Ерке қыз келді! – деп қуанды Айна қыз.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қасқыр мен кісі

Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады:
— Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді.
Кісіден:
— Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Ақ мамам

Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі

Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан , түсінік– паймнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер, тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар.
Мен осы тақрыпты не үшін тандап алдым, себебі Париж бейбіт конференциясы халықаралық қатынастын дамуына өте үлкен ықпалың тигізді. Париж конференциясының маңызды нәтижесі - Ұлттар лигасының құрылуы болды. Ұлттар лигасының жарғысын В.Вильсон бастаған арнайы комиссия жасады. Ұлттар лигасы әлем халықтары арасында ынтымақтастықты дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті болды. Париж бейбіт конференциясының құрылуы халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларының қалыптасуына негіз салды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған жаттығулар

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған жаттығулар

1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0