Қақтық қанат балапандай Жасыл дала көк торғында. Қызыл шешек дамыл алмай Қол бұлғайды кел деп мұнда, Қақтық қанат балапандай Гүлден гүлге, нұрдан нұрға. Әнші бұлбұл дамыл......
Ертеде бір асқан мерген болыпты. Атқан оғынан жүгірген аң, ұшқан құс құтылмайды екен. Аңшы үстіне өзі атқан аңдардың терісін жамылып жүріпті. Сондықтан өзінің түр-түсі де алыстан қарағанда аң сияқты боп көрінеді екен. Бір күні мерген биік тауды сағалап келе жатса, иір мүйізі шаңырақтай иіліп, қожыр-қожыр жартастың үстінде тұрған құлжаға көзі түседі. Басқа арқарлар арғы беттегі шалғында жайылып жүреді. Мерген құлжаны атпақ болып, бір жалпақ тастың үстіне шығып, садағын кезей бергенде, өзін бір алып құс аспанға көтеріп ала жөнеледі. Мерген не де болса қапы қалмайын деп, алысып бағады. Бірақ қанша бұлқынса да онысынан ешбір пайда болмайды. Құрсаудай бүрген шымыр шеңгел қаңбақтай домалатып, қалықтап кете барады.......
Әнші балапан Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер. 1 - жүргізуші: Көңілдері марқайып бір қалсыншы Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы. 2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын. Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген. 1 - жүргізуші: Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді. Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?
2 - жүргізуші: Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық. Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ------------------ ағайға береміз. Сахнада ән сап жүреді Радамирді бәрі біледі Қазіргі бізге тартуы Әсем ән «Бала тілегі» «Бала тілегі» әнімен Айтасқызы Радамирді қарсы алыңыздар. .....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Қандай әдемі балапан №8 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу 3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем) 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну 2. Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып сөйлеу 3. Септік және тәуелдік жалғауларды дұрыс жалғау Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөйлейді Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдеді толықтырады, тірек сөздер негізінде сөйлейді, сөздерді дұрыс байланыстырады Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа сәйкес тақпақ шығарады, мәтін құрайды....