Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Көшпенділер

ЖАНТАЛАС

Тарихи трилогия

ПРОЛОГ

Қазақтың ұлы даласын күнгей мен күншығыс жағынан алып тағадай иіле түсіп, мыңдаған шақырымға созылған дүние жүзіндегі ең биік таулар қоршап жатыр. Осы ақ басты ғажайып шың, құздар қазақ жерінің үстінен өтетін ескек желге, азынаған дауыл-боранға ғана тосқауыл емес, бұл таулар көшкен елге де, басқыншы жаудың қалың қолына да асу бермес берік қамал. Тек бір жерінде ғана бұл ғаламат қиялар, шөккен нардай, даланың бауырына кіре, жатаған тартқан. Осы тұстан Азия мен Европаның түйіскен алқабына қарай, жаратылыстың өзі жаратқан долы сұрапылымен бірге, араларына жүздеген жылдар салып фангфур ұлы хандарының, Әтилланың, Шыңғыстың құмырсқадай құжынаған қосындары төгілген. Бұл қанды жорықтар ең алдымен осы арада әлмисақтан бері егіп егіп, мал бағып, қала салып, бейбіт жатқан елдерді талқандады. Одан өтіп қазақтың көшпенді байтақ даласын қызыл қанға бояп, лек-легімен күнбатысқа қарай лап қойды. Бұлар басып өткен жерде тек күңіренген ел, күйзелген дала, күйреген қала ғана қалды.

Бұл жолғы шайқас та — соның бірі еді.

Жоңғар қақпасының етегіндегі Сойқан сайда қытай мен қазақ әскерінің алысқанына міне бір жеті болған. Бойлауық жылқы секілді бой бермей, екі жақ бірдей арандағанда, талай қанды ауыз бөрілер пұшпағынан ілінді. Жүрегінің түгі бар талай батырлар қайқы қара алдаспандардан қаза тапты. Талай албырт жас өмір сабағынан үзілген гүлдей семді. Бірақ кісі қанын толарсақтан кешіп жүрсе де селт етпейтін қолбасшылар майданға жұртты төпеп айдай берді. Сегізінші күні жасыл жібек шатырын қырық құлға көтертіп, майдан шебіне қытай боғдыханы Канси келді. Әскер басшыларын шақырып алып: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Һамза Лумза әңгімесі

Пайғамбар заманында аға-іні — бір туысқан екі жігіт болды. Біреуінің аты — һамза, біреуінің аты — Лумза. Өздері жалаңаш, кедей: ішер ас, киер киім аз. Бірақ мінездері оңды, қыздан қылықты, екі аяқты адамзаттың жорғасы, намаздан қалмайды. Намазға жұрттан бұрын келеді, жұрттан соң шығады. Егіз қозыдай жарасып, жұрттың көзіне түсігі, аузына ілінді. Сөйтіп жүргенде, ан хазіретіміз бір соғыстан түскен......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ай астындағы Айбарша сұлу

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған екен.
Жарты жолға жеткен соң, Баяуханның пір тұтып жүрген бір абызы бар екен, сол есіне түседі. Баяухан: «Қой, мен қайда барсам, не істесем де абыздан рұқсат алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан бата, ақыл алмай кеткенім», – деп, әскерін сол араға қалдырып, бас уәзір екеуі абызға келіпті.
Абыз: «Уа, ұлым, қайда аттандың?» – деп сұрапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақылды лақ

Бір бұзау, бір тоқты, лақ ел көшкенде жұртта қалыпты. Үшеуі адам болып қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп, бір аю жеймін деп, қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: «Аюға не береміз?» – дейді тоқты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Құмырсқа

О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа»
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жаттығу процессіндегі бастапқы кезеңде волейбол секциясына балаларды іріктеу әдістемелік ерекшеліктері

Оқушылардың қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан -жақты зертеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1) Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау. 2) Дене құрлысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3) Психо- физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4) Ата-аналарымен танысу. Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударган жөн (организмнің ңұрлысы және дене мүшелері).
Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Физиологиялық ерекшеліктер.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» толғауы 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» толғауы 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.А/И2.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Сабақ мақсаты: Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0