Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ, Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ. Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте, Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке. Әркімдер көтерем деп ойласа да, Келмейді сірә тегі тіпті епке.
Пеш, түтін
Сырты қап-қара, Іші қып-қызыл жара. Әлсін кіріп шығады, Бір жалаңбас бала.
Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты. – Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің......
Баяғы заманда бір хан болыпты. Ханның жалғыз баласы болыпты, дәулеті сонша - бір өзеннен тоқсан мың жылқы суарады екен. Жылқыларын қайда суарса да су шақ келмепті. Күндердің күнінде хан бір жерден екінші жерге көшіп, басқа бір құдыққа қоныс аударыпты. Әлгі құдықтың қанша жыл суарса да суы таусылмапты, мөлдіреп шығады да тұрады екен. Хан бұл құдық бір қасиетті құдық екен деп, құдыққа келген сайын бір ту бие тастап кетіп отырады екен. Бірнеше жыл өткен соң, хан қатты ауырып, өлер алдында баласына айтады......
Мектептен қайтып бара жатқан кіп-кішкентай қыз, пәтер баспалдақтарынан әрең көтеріліп бара жатқан қарт атайды көріп қалады . Қолындағы ауыр жүкті көзі шалып , егде тартқан атайдың жанына келіп
-Ата қолыңыздағы жүктің жартысын маған беріңіз, - деп күлімдейді.
Ақ сақалды , нұр жүзді атай қыздың әдептілігіне қайран қалады. Үйіне жеткенше кішкентай қыздан
Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.
Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:
— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:
Баяғы өткен заманда бір байдың жалғыз баласы болыпты. Бір күндерде бай баласына бір мың сом беріп, оны алыстағы жәрмеңкеге жіберіпті. Бала бірнеше күн жәрмеңкені аралайды да басқа ұнамды ештеңе таба алмай, әкесінің берген ақшасына бір мысық сатып алыпты. Ол үйіне қайтқан соң, бай баласының келгенін естіп, не нәрсе сатып алып қайтқанын білуге келіпті. — Қарағым, жәрмеңкеден не нәрсе сатып алып қайттың? — Әке! Мен сіздің берген барлық ақшаңызға бір мысық сатып алдым. Мұның қасиеттілігі сондай жер-жүзіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайды, – дейді. Баласының бұл сөзіне ешбір жауап қатпастан, бай үйіне қайтып кетеді.......