Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы – қалың шілік, ана жағы – қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. — Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! – деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың – ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын.......
Үйде Кәрім, Жомарт, Жәлен үшеуі. Кәрім шынтақтап жатыр. Жомарт шалқасынан жатыр. Босаға жақта бөрікті бұқтырта киіп Жәлен отыр.
Бірінші көрініс
Кәрім (шымылдық ашылған соң, біраздан кейін Жомартқа қарап). Бай-бай... Шалқуың-ай! Жартыбайдың үйіне Дүйсенбай болыс келгенде тап осылай жататын...
Жомарт (күлімсіреп басын көтеріп). Дүние кезек: бір кезде болыс шалқайса, енді мен шалқаймаймын ба?.. (Жәленге қарап.) Осыған кейігеннен жатырмын.
Кәрім (кейіп). Әй, енді бұ да шала өлтіріп отыр. Апырм-ау, адам деген айтқанды істеп шыға алмас болар ма? Кеше ауылдан шыққалы қақсадым: «Үлкендеу әйелдер, бойжеткен қыздар келсе ұшып тұрып, иба ғып сызыла ғой» деп... Мелшиіп отырады да алады... Түйедей-түйедей қыздар келіп жатыр, солармен ілесіп сөйлесіп, адам деген бір жасап қалмас па? Сомпиып күйеу отырған соң, олар қайтсін, кетеді де қалады... Әлгіде Үкібас үйіндегі құдағи келді: осы ауылдағы әйелдің ішіндегі тілдісі, адуыны сол. Сондай адамдарға сөзге мерт қылу деген өлім ғой... Ол кіріп келгенде, мынау мелшиіп отырып алып еді, әзілі аралас бірталай сөз айтып, шаңымызды аспаннан келтірді.
1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.
Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:
Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.
Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.
Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр. ....