Қарынды, баста қылған, аяғы үш, Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті, Қарнына таяқ тығып піспектесең, Ысқырып күрілдейді қайнайды күш. Осындай түсі суық мақұлық бар, Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
Өткен заманда он сегізге келген бір ақын қыз ауыл-аймақ ішіндегі бозбала, жігіт-желеңге өлеңмен ұпай салып азар-ақырет берсе керек. Содан қызда есесі кеткен ел жігіттері алыс жердегі атақты ақын шалды ат-шапанын беріп қызбен айтыстырмақ болып алып келеді, қыз мұнан хабарсыз болады. Екеуіне арнайы қызойнақ істейді. Көпшілік жиналған соң, шал қызға «айтысалық» деп өлең айтады. Қыз: «Сізді шал демейін, айтысайын, бірақ та бір жұмбағым бар......
Алыс жақтан ұшып келе жатқан екі қаз жолай су таба алмай, жер шарлап, ұзақ жүріпті. Шілденің шыжыған ыстық күндері екен. Ақыры бір сарқынды көлшікке келіп қоныпты. Бір бақа сол көлшікті көптен мекендеп жүріпті. Ол көлшігін қызғанып, барқылдай қорып, екі қазды жолатпай, су ішкізбей қойыпты.
Шөлден таңдайлары кеуіп тұрған екі қаз әлгі бақаға бас иіп жалыныпты. Бақа сонда да......
Баяғыда Қайыр деген шал болыпты. Шалдың Самет деген баласы болыпты. Шалдың кәсібі: базарға тоғыз серкені айдай барады екен, не сатпайды, не соймайды, тоғыз серкенің пұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкеледі екен. Бір күні шал баласына айтады:
— Балам, мен қартайдым төрімнен көрім жақын. Сондықтан осы тоғыз серкені базарға айдап бар, не сатпа, не сойма, бірақ осы тоғыз серкенің пұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкел, – депті. Баласы тоғыз серкені базарға айдап келіп сатайын десе, әкесі «сатпа» деген; сояйын десе, «сойма» деген......
Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласып: — Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді. Түлкі бір жарды көріп: — Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.......
О баста түлкінің құйрығы жоқ екен. Қасқыр мен түлкі араз болыпты. Қасқыр қайда барса да түлкінің ізін аңдып, соңынан қалмайды, ұстап алып талап, жей беріпті. Ізін жасыра алмаған түлкі ауыр азап шегіпті. Бір қасқыр тағы да аңдып, түлкінің ізіне түсіпті. Түлкі қашып барып, ініне тығылады. Сол кезде қасқыр да жетіп, түлкі інінің аузын тырмалап, қаза бастапты. Осындай қауіпті алдын ала ойлаған түлкі ініне екі ауыз жасаған екен. Әлгі қасқыр іннің бір аузын қазып жатқанда, түлкі екінші аузынан байқатпай сыртқа шығып кетіпті.......
Қырық қылыш, найзалы қай жануар, Асынған және он екі қанжары бар. Көңіл жер мен көктің арасында, Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар. Болады бұған әуес көп адамзат, Шежіре көкірегі жазылған хат. Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп, Астына мініп отыр алтыннан тақ. Басында құрулы тұр алтын шатыр, Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр. Барғанын тіпті аман жібермейді, Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.
Бүркіт, қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын құйрығы, сегіз найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры, алтын шатыр-томағасы