Бірде тіміскілене сүмеңдеп келе жатқан түлкіге тоғайды шарлап жүрген жолбарыс кездесіпті. Сонан соң екеуі жолдас болып, сапар шегіпті. Кешке таман бір көлдің жағасына келіп, сол арада түнемек болыпты. Жардың қабағына жатыпты. Ұйқтар мезгіл болғанда:
– Менің ұйқым қатты еді, аунақшып жатып, жардан құлап кетермін. Түлкіжан, сен менің оң жағыма жатшы, – депті жолбарыс.......
Біздің колхоздың бойдақ малы Аяққұмды қыстайды. Бұл - ауыл орталығынан жүз елу километрдей қашықта жатқан құмды өңір. Бірақ құм дегенге тақырайған шағыл құмдар емес, сексеуіл, жүзген, еркек шөп өскен біркелкі құба жалдар. Жазға салым қоңыр бұйра мүк басқанда осы жалдар,- күншуақтап бұйыққан жас қозыларға ұқсайды. Ертелі-кеш үстінен сағым аққанда білдірмей, ақырын ғана нәзік дем шығарып, қозғалып жатқандай болады. Ал қысқа қарай жалдар үстін аттың шашасынан ғана келер жұқа қар жапқан кезде, биікке шығып, төңірекке көз жіберсең; қаздың жұмыртқасын сығылыстыра тізіп қойғандай көрінеді. Осы жалдардың арқасына біздің колхоздың бойдақ мал отарлары шашырай қоныстайды, қаһарлы қысты у-шусыз қалтарыста өткереді.
Құм арасында жолаушылар адасқақ келеді. Сондықтан әр қыстаудың іргесіндегі биігірек жалдың үстіне, ескі киім кигізілген ұзын сырықтан қарауыл қойылады. Жер жайын, жол жайын білетіндер алыстын-ақ әрбір қарауылды нұсқап тұрып: «Анау пәленше қыстау, анау түгенше қыстау...» деп шұбырта соғады. Әр қыстаудың белгілі бір аты бар. Мысалы, біздің қыстау Жылыбұлақ деп аталады.....
Бұрыңғы заманда бір бай бар екен. Үш қатыны бар да, баласы жоқ екен. Бір күндері бай қатындарына айтады: «Мен қартайдым, сендерден бала тумады, қыдырып әулиеге түнейін, құдай бала бермес пе екен?» – дейді. Темір таяқ алып, темір етік киіп жаяу бала тілеп жүріп кетеді. Айлардан ай өткенде, жылдардан жыл өткенде, темір таяқтан тебендей қалғанда байдың алдынан бір жұлындай жерден түтін шығады.......
Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле
И. А. Бунин.
I
Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті. Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Басындағы күн жеп тастаған мауыты қалпақтың оң самайынан жылтырап көрініп тұрған ақ атлас астарынан «Люкс» деген ирек жазу сығалайды.
Кеңірдектен шыққан қоңыр мақам кенет баяулап, тісі түскен кәрі кісінің ысылы көп шүлжің әңгімесіне ұласты. Қос тізеге жарыса құлаған салалы саусақтар көкке көтерілді. Сосын бір шөкім ғана сопақша бет-ауызды салғырт сипап өтті. Имек мұрын қара шал жылан көздене жылтырайтын қағанақ көзілдіріктің ар жағында манадан бері етпеттей сұлап жатқан селдір кірпіктерін кілт тікірейтіп жұрт жүзіне үңілді.
— Халайық, Сұрапалдыұғлы Тілеу қандай адам еді?
Қызыл төмпектің аяқ жағында мырс-мырс жылап отырған күлте сақал кісі:
— Жақсы адам!— деп тұншыға кемсеңдеді.
Аядай зираттың бір пұшпағындағы кішкене шоғыр жарыса тіл қатты. .....
Ертеде бір бай болыпты, байдың үш баласы болыпты. Бір заманда бұл байдың шаруасы кеміп азая бастайды. Күннен-күнге күн көрісі қиындап бара жатқан соң, байдың үш баласы ақылдасып кәсіп етуге шығады.
Үлкен баласы: «Мен Астраханға барып балық аулауды кәсіп етемін», – дейді.
Ортаншы баласы айтады: «Тұз кенінде кәсіп көп, мен сонда барамын», – дейді.......
Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:
— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.
Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.
Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.
Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.
Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.