Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеденқақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін......
Анам менің ардақты, Ақ сүтін маған берген. Әкем менің жан жақты, Үйге табыс әкелген. Атам менен әжем бар, Тәрбиемен өсірген. Кіп-кішкентай сіңілім, Олда қолдау көрсеткен. Отбасымды оп-оңай, Теңеймін мен алтынға.
Баяғы ерте заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың бір қызы бар екен. Шал балық аулап, кемпір ау жамап, күндерін көріпті. Бір күні балық аулап отырған шал ағып келе жатқан бір сандықты көреді. Сандықты судан шығарып, үйіне апарады. Кемпір мен қызы екеуі жабылып, сандықты аша алмайды. Осы кезде көмекке шал келіп, зорға дегенде сандықтың аузын бұзады. Қараса, ішінде жеті бүктеліп, айдаһар жатыр екен. Ол......
Елпеңдей жүгіріп келе жатқан түлкінің сирағы сарышұнақтың ініне түсіп кетіп, кептеліп қалыпты. Қанша әуреленсе де қайта тартып шығара алмайды. Інінде жатқан саршұнақ сұғынып тұрған түлкінің табанын қытықтай бастайды. Қытыққа шыдай алмаған түлкі өзінен-өзі ыржаңдап, күле береді. Сөйтіп, күліп тұрғанда, қасына қасқыр келеді. — Оу, түке, неге күле бересің, қандай қызық көрдің? – деп сұрайды таңданып.......
Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып дауласып қалыпты. – Менің бойым таудай. Күшім де көп, – деп мақтаныпты піл. – Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ! – Ал мен ептімін, ештеңе бөгет бола алмайды, – деп, таласыпты маймыл. – Ағаштан-ағашқа ырғып, ну жыныстың арасымен сырғанап жүре беремін.......
Ертеде бір байдың Еснияз деген баласы болыпты. Баласы өскеннен кейін бай оған келіншек әпермекші болады да бір байдың қызына құда түседі. Ал Еснияз өзі оқығысы келіп жүреді екен. Әкесі келіншек әпергеннен кейін үйінен қашып кетеді. Бала қашып бір қалаға барады да, сол қалада оқиды. Бірнеше жыл оқығаннан кейін ауылына кайтып келе жатса, алдынан қой......
Баяғыда бір етікші болыпты. Ақшадан жұрдай болса керек. Ақырында әбден кедейленіп бітіп, қос етік тігерліктей ғана былғарысы қалыпты. Іңірде әлгі былғарыдан етік пішеді де:
«Қазір жатып, ұйқымды қандырайын, таңертең ертерек тұрып, тігіп тастармын»,— деп ойлайды.
Сөйтеді де, жатып ұйқтап қалады. Таң сәріден оянып, беті-қолын жуып, жұмысқа кіріспекші болып ыңғайланса, жұмысы дайын тұр — етіктерді біреу тігіп қойыпты.......
Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ. Бірі жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында қалады. Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері пұшпақ болып құлпырады. Аналары балаларын ауық-ауық жатақтың жанындағы жайдаққа серуенге алып шығып жүреді......