Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты: — Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.......
Баяғы заманда жылқы емін-еркін өз бетімен жүрген жабайы аң екен. Ешқандай айдау-қайыруды білмепті. Қысты күндері қары жұқа жазық даланы, шөбі қалың тоғайды, өзен бойындағы құрақты жерлерді, көл жағасындағы қалың қопаны мекендепті. Ал жазды күндері тауға шығып, шалғыны мол сай-салада жайылып жүріпті. Қалың қарағай арасындағы алқаптар мен құйқадай жон-жотаны шарлап, сол маңда жусапты.
Бір күні жылқы қатпар-қатпар тау арасындағы бір алқапқа барып, сондағы шүйгін шөпке, көгорай шалғынға малтыға көміліп, бейқам жайылып жүріпті. Өрісі кең, жайылымы......
1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.
Менің ата-анам бар Ештеңем жоқ алаңдар Анам келсе жұмыстан Үстел толы тағамдар Бауырсақта пісіреді Кәмпиттіде қояды Кәмпиттерді тығып жеп Менің қарным тояды.
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен патша болыпты. Онын атын Сұлтаншын дейді екен. Патшаның үлкен уәзірі бар, оның аты Мералі екен. Күндердің бірінде патша аң аулауға шығады. Жүріп келе жатса, патша қыздың баушарбағына кез келіпті. Шарбақтан қызды көреді. Әйелдікке алуға қызығып, патша қызға елші жібереді. Маған қыз тисін, дейді. Оған патша қыз айтады: «Егерде патшаңыз мені өзін жамағаттыққа аламын десе, менің ол патшадан сұрайтын сауалым бар, – дейді. — Егерде сауалыма жауап берсе, тиемін, болмаса тимеймін» – депті. Менің сұрайтын сауалым мынау......