Ертегі: Батыр тігінші

Бір неміс шаһарында Ганс дейтін киім тігетін ісмер адам болыпты. Ол күні бойы терезенің алдындағы үстелде іс тігіп отырады екен. Күрте де, шалбар да, кеудеше де тігетін болса керек.

Бір күні Ганс іс тігіп отырып, көшеден айғайлаған дауыс естиді.

— Мұраппа! Қара өрік мұраппасы! Кімге мұраппа керек?

«Мұраппа, ә!—деп ойлайды тігінші.— Және қара өріктің мұраппасы екен. Жақсы болды».

Осылай ойлайды да, Ганс терезеден айғай салады:

— Тәтей, тәтей, бері кел! Мұраппаңнан бере кет!

Жарты қалбыр мұраппа сатып алады да, бір тілім нан кесіп, оған мұраппа жағып қойып, кеудешені әрі қарай тіге береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Ақ лағым

Мақтандың ба лепіріп,
Ақ лағым – ау, ақ лағым.
Көк майсада секіріп,
Неге тыным таппадың.

Шаршадың ғой жарығым,
Ойынның да, жөні бар.
Ашқан шығар қарының,
Кел, мамаңды еміп ал.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Максим Горький | Парма балалары


Генуяның вокзал алдындағы алақандай алаңға қаптаған қалың жұрттың дені жұмысшылар болғанмен, бірақ араларында шүйдесі шығып, шытырая киінген адамдар да көп. Жиналған жұртты бастап тұрған муниципалитет мүшелерінің төбесінде қаланың шым жібекпен безеген туырлықтай тулары желбіреп, олармен қанаттаса жұмысшы ұйымдарының алуан түсті тулары да толқын ұрады. Судыраған жібек тулардың алтын оқалы шоқтары, шашақтары мен баулары жалт-жұлт етіп, сап сүмбілері жарқырап, көңілдері көлдей тасыған қалың нөпірдің ыңылдай салған әні күркіреген күйше гуілдеп тұрған болатын.

Қаптаған жұрттың үстінен қарап, биік пьедесталда, өз сеніміне бола қыруар қиыншылық шегіп, ақыр аяғы сол сенімінің арқасында жеңіп шыққан ойшыл Колумбоның бейнесі тұр. Қазірдің өзінде де жұртқа жоғарыдан көз жіберіп:

«Тек өзіне өзі сенген адамдар ғана жеңіп шығады» — деп, мәрмәр ернінің емеурінімен тіл қатып та тұрғандай өзі.

Оның аяқ жағын ала, күн көзіне шағылып, алтыннан аумай жалт-жұлт еткен жез кернейлерін пьедесталды шыр айнала саудырата жайып салып музыканттар отыр.

Мәрмәрдан айшық тәріздендіріп салынған вокзалдың абажадай зәулім үйі, жұртты тап бір аймалағысы келгендей, қанатын жая қалған. Порттан кемелердің алқына алған демі, су астында жұмыс істеп жатқан тетіктердің бүдірлеген дыбысы, шынжырлардың сылдыры, ысқырған және айқайлаған дауыстар келіп тұрғанмен, бірақ шыжыған ыстық күн сәулесіне малынған алаң үсті әрі қапырық, әрі жым-жырт. Үй-үйдің балкондары мен терезелерінен қолдарына гүл алған әйелдер, гүл-гүл жайнап әсем киінген балалар көрінеді.

Станцияға локомотив ағызып жетіп келіп, ақыра қоя бергенде қаптап тұрған нөпір селк ете түсіп, қанатын қаққан қара құсша, бірнеше мыжырайған қалпақ жұрттың басынан аса аспанға атылып та кеткен еді, музыканттар кернейлерін қолына алып, егде тартқан, салдарлы әлдебір адамдар желпіне басып, жұрт алдына шығып, беттерін топқа бұрды да, қолдарын оңды-солды сермеп, сөйлей жөнелді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Шыншыл мен суайт

Бір шыншыл мен бір суайт жүретұғын жолы бірге болғандықтан, жорықтас болып жол жүріп келе жатып көрген әңгімесі. Шыншыл қайда барса, сөзінің шындығы төрге отырғызып, ішпегенін ішкізіп, жемегенін жегізіп, ел көзіне сүйікті көрсетеді екен де, ілгері баса береді екен. Суайт қайда барса, өтірігі бетіне шығып, жұртқа жексұрын көрініп, көтінен кері кете береді екен.

Екеуі бір қорқынышты, қауіп-қатерлі шөлге шығып кетті дейді. Бұрын жүрмегендіктен, жол жайын білмегендіктен, солай болатұғындығы үшін бұрынғы қазақ......
Ертегілер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Уақыт, сағат

Әрбірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.
Бір жыл

Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім иірген.
Сағат

Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сөйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ертегі: Жарқанат неге түнде ұшады?

Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып:
– Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті.
Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Дүниенің байлығы

(этнографиялық әңгіме)

Сарай іші қатты абыржулы. Қызметшілердің бәрі тілаузын қойып қалғандай үндеспейді. Бір жағы шағылмен жалғасатын хан ордасының төңірегі көтерілген желден шаңытып тұр. Ұстарамен тақырлап алғызған адам басындай тып-тықыр жерді құйын әлсін-әлі сыпырып өтеді. Ұстара демекші Әз-Жәнібек хан да басын ұстарамен қырғызып қойғалы екі күн болған. Өзі де қанын ішіне тартқан қара сұр адам шашын алғызған соң ұсқыны кетіп, сұр жыландай ысқырып отыр. Бүгін жай, күн сәске болып қалғанда тұрған соң одан сарайдағылар әлдеқалай көңілділік күтіп еді. Жоқ, болмады. Қаны қашып, бетінің әжімі айдалған жерде өтпес соқа қалдырған атжалдай жырым-жырым болып кетіпті. Кешегі ашуы бүгін де басылмаған сықылды. Бүгін де келе салысымен, ордадағы орнына отырмай жатып Жиренше шешенді іздеді.

Жиреншенің осындайда табыла кеткенін әркім-ақ қалағандай еді. Өйткені шешендігімен болса да, көсемдігімен болса да ханды әңгімесіне еліттіріп, бәрін ұмыттырып, тұтасып жауғалы келе жатқан бұлтты көтеріп айдап кеткен желдей хан басындағы жаман ойды сәл ғана сейілтіп жіберуші еді. Ондайда ұсқыны кетіп, дүниенің бәрінен күсіп отырған хан сабасына түсіп жарқылдап, жадырап сала беретін. Ордада қызмет ететін, сұлулықтың құдайындай Керім деген сұрша жігіт бірде тіпті ойын естіртіп айтып қалған да болатын.

— Құдай бәрімізді де алып, дүниеде тек Жиренше секілді адамдар ғана қалса қандай жақсы болар еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0