Ертеде Абылай хан заманында бір байдың Алакөз деген ұлы болыпты. Алакөз он үш жасар батыр екен. Бір күні Абылай хан жауға аттануға көп қол жиыпты. Батырдың әкесінен: «Алакөзді маған бер, жорыққа ту ұстап барсын», – дейді. Алакөздің әкесі:
— Жоқ, ханеке, балам жас, баламды биылша тастап кет, алпыс ала ат берейін, – депті. Абылай хан: «Жарайды, олай болса», – деп, көп нөкерімен жорыққа шығыпты. Үш күн өткен соң, Алакөз үйінде отырып ойлайды. «Мен бұл әскерден қалғаным не қылғаным?», – деп, батырлығына шыдай алмай, өзінің бір қанатты Қарагер дейтін атына мініп алып, үш күн озып кеткен әскерлерді бір сағатта қуып жетіпті. Сонан соң Алакөз бұлармен бірігіп кетеді. Төрт күннен соң артынан әкесі қуып келеді. Баласы қашып ұстатпайды. Әкесі айтады......
Ерке қыздың достары көп. Олармен ойнаған өте қызық. Бүгін де мысығы екеуі достары ойнап жүрген ойын алаңына барды. Мұнда әткеншек те, сырғанақ та, белтемір де бәрі-бәрі бар. Қалағаныңша ойнауға болады. Тек, достарыңмен таласып, өкпелетіп алмасаң болғаны. — Ерке қыз келді! – деп қуанды Айна қыз.......
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.......
Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: — Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден: — Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......
Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», – деп, басқа әйелге үйленіп, өмір сүре береді.......