Мынау ұйқы-тұйқы дүние не болып кетті? Дәмелінің есіне бәрі түсіп жатыр...
1
«Мұрагер, мұрагер» деп ер баланы тілейтін қазақтығына басып, бұл туғанда әке-шешесі тіпті қуанбапты да. Дүниеге үшінші қыз келді дегенде, әкесі кімге өкпелегенін қайдам, ауылына екі күн бойы жоламай қойыпты. Шешесі де айыпты адамдай қатты қысылған екен. Амал не, ақыры тағдырдың жазғанымен бәрі де келіседі. «Ұл көруге жазсын» деп мұның атын Дәмелі қойғаны да сол еді. Біржарым жасқа келгенше әкесі мұның, бетінен де иіскемегенін анасы талай айтып отыратын. Ақыры бақытына артынан үш ұл бірдей еріп, Дәмелі деген атын ақтаған екен. Ұл болғанда қандай, бірінен-бірі өтіп, балуан, батыр, мерген болып өседі. Осынау Қармыс ауылына олар үлкен атақ әкеледі. Тұрғанбектің үш арысы атанады — Нарғазы, Жанғазы, Ерғазы. Оның есесіне бой жетіп, толықси отырғанда, екі әпкесі де дүние салады.
Нарғазының ел аузына іліккені сонша, Дәмелі төркінінен жырақта жүрсе де, «а, құдай-ау, тіл-көзден сақтаға» басып, айналасына түкірініп отыратын. Сонау үркіншілік жылы, ақ пен қызылдың алма-кезек айқасында, осы Нарғазы болмағанда Қармыс ауылының қырылып қалуы да сөзсіз еді. Ақылыңнан айналайын азамат, әйтеуір, қиын кезеңнен алып шықты ғой. Жағдай ауырлап бара жатқан соң, ол жылдары Дәмелі бала-шағасымен төркінін паналаған-ды. Алты жасар Ақылжанның құдай сақтап ақтың қылышынан аман қалғаны да есінде.
Осы сәт көз алдына келгенде, біреу қойнына мұз тастап жібергендей дір ете қалады. .....
Жаздың басы. Күн ыссы. Демалыс күн. Таудағы дачада түске дейін күрекпен жұмыс жасадым да, жуынып - шайынбаққа төменге, өзен бойына түстім.
Жер қазып, еңбек еткен адамның түрі белгілі: аяғымда тарпылдаған кирзо етік, бұтымда жұмыс істегенде киіп жүрген былғаныш көне шалбар. Кеуде жағым әдейі күнге күю үшін тыр жалаңаш. Ал басымда бір кездегі әдемі формасынан түк қалмаған, сап-сары боп қаңсыған сабан қалпақ. Басы көзім шаң-топырақ. Бетімде, жалаңаш денемде тердің қап -қара тарам-тарам, іздері.
Түрім осы. Бір қолымда қаңғырлаған бес шелек, екінші қолымда сабын, ысқырып өлең айтып, ағаштың қалың арасынан өзен бойына сопаң етіп, шыға келдім.
Әлгі ара кішкене ғана ашық алаң, бауырларын күнге қыздырып жайылып жатқан қой тастар. Тастың біреуінің үстінде дәл бет алдымда басындағы орамалын қолына алып, бетін желпіген, өзінен-өзі ентіккем бір әйел отыр.
Көздері бақырайған, жақ сүйектері шығыңқы, екі беті солыңқы бұл әйелді танитын секілдімін. Бірақ дәл кім екенін жөппелдемеде есіме түсіре алмадым. Сонда да қалт тұра қап:
— Есенсіз бе, — деп сәлем бердім.
Әйел ернін болар болмас жыбыр еткізді. Маған адам емес, жабайы аң көргендей біртүрлі тікірейе қарап қалған. .....
Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр: — Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып. — Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.......
Кәнекей, бастайық. Ал ертегімізді тамамдаған уақытта біз қазіргі білгенімізден көп білетін боламыз.
Бір сиқыршы адам өмір сүріпті, өзі жауыздың жауызы, барып тұрған дию болса керек. Бірде оның көңілі керемет көтерілді, өйткені бір айна жасаған еді, барлық жақсылық пен әсемдік атаулы бұл айнаға сәулесі түскен сәтте-ақ ғайып боп, мейлінше кішірейіп кетеді де, барлық жамандық пен ұсқынсыздық бірден көзге түсіп, бұрынғысынан да жексұрын болып шыға келеді. Ғажап сұлу көріністер онда піскен қарын құсап құрысып, ал адамдардың небір абзалдары құнысып көрінеді, әйтпесе олар аяқтары аспаннан кеп тұрғандай, құрсақтан мүлдем жұрдай бірдемелер болып көрінеді. Адамның бет пішінінің бұл айнада бұзылып......
Ерте заманда бір патша бір күні халқын жиып алып: «Мен бір түс көрдім, кімде-кім менің қандай түс көргенімді табатын болса, ол адамға мың ділдә беремін. Менің түсімді таппақшы болып, менің беретін ділдәларымды алған соң, көрген түсімді таба алмаса, ол адамның басын аламын», – депті.
Патшаның бұл түсін ешбір адам таба алмай, бірнеше күн өткен кезде, сол шәріде тұрушы бір адамның әйелі ерін жақтырмай, ерінің бір жаққа кетуін немесе бүтіндей өлуін тілейді екен. Бір күні әлгі әйел еріне:
«Сен патшаның көрген түсін табамын деп, патшаның мың ділдәсін алып алсаңшы.......