Тақпақ: Астана

Астана, арман қала, жас қала!
Кең аланың ортасында орналасқан.
Астана – Отанымның бас қаласы,
Астанада Бәйтерек бар даңқы асқан....
Тақпақтар
Толық
1 0

Тақпақ: Көлік

Зу-зу етіп көшеде,
Күн-түн тыным таппайды.
Төрт дөңгелек дөңгелер,
Төрт аяқпен шаппайды.

Түрі, түсі, атауын,
Оңай емес жаттауға.
Қазіргінің тұлпары,
Көлік жүйрік шықты алға.
Тақпақтар
Толық
1 0

Тақпақ: Отан

Отаным бар сүйетін,
Гүлдей жайнап жүремін.
Көркейтемін елімді,
Мен қазақтың қызымын!
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Кім жомарт? Не жомарт?

- Елбасы жомарт

Бар халықты басқарған.

- Не жомарт?

- Ай мен жұлдыз жомарт

Қараңғыдан сақтаған.

- Кім жомарт?

- Ата-ана жомарт

Бар баласын асыраған.

- Не жомарт?

- Көктем жомарт

Табиғатты оятқан.

- Кім жомарт?

- Ұстаз жомарт

Бар шәкірке мейірім төккен.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен

Ерке қыз өте ақылды, елгезек қыз. Әрине, кейде еркелеп, болмашы нәрсеге бұртиып өкпелеп қалады. Бірақ онысы ұзаққа созылмайды. Күні бойы өкпелеп жүргеннің несі жақсы? Ешкіммен ойнай да алмайсың. Онан да тез арада татуласып алған жөн. Ерке қыз анасының тапсырып кеткен жұмыстарын тап-тұйнақтай етіп орындап қойды. Өз бөлмесін және інісі шашып тастаған ойыншықтарды жинау соншалықты......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Айдаһар

Баяғы бір өткен заманда елге аты шыққан ақылды, батыр жігіт болыпты. Атағы бүкіл әлемге әйгілі екен. Күндердің күнінде сол жігіт үйленіп, торсықтай ұл сүйеді. Бірақ пешенесіне жазылғаны сол болар, ұлының қызығын көрмей, дүниеден ерте қайтады. Әйелі жалғыз баласымен жесір қалады. Қаншама қиыншылықтарды басынан өткізсе де ұлын басқа балалардан кем етпей бағып-қағады. Баласы әкесіне тартып ақылды, батыр жігіт болып өседі. Бір күні ол шешесіне:
— Ана, мен ел аралап, оқып, білім алайын, – деп сұранады.......
Ертегілер
Толық
0 0