Мен орыс тілінде білім алатын сыныптарда қазақ тілінен сабақ беремін, бастауыш сыныптарда міндетті түрде сергіту сәтін өткіземіз. Ол міндетті түрде болуы керек. Сондықтан әр мұғалім үшін пайдалы болар деген ниетпен өзім сабақта қолданып жүрген сергіту сәтіне арналған тақпақтарды ұсынып отырмын.
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді. Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады: - Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......
«Жаңа жылдан күтер сыйым жақсылық» (Жаңа жыл тіл ұстарту ертеңгілігінің сценарийі)
Кубденова Жанылсын Сабитқызы Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын.......
Жаңа оқу жылының басталуына да бір ай қалды, деп жазады «Айқын» газеті.
Тамыз - қарбалас айы. Ата-ананың балаларын мектепке дайындап әбігерге түсетін де кезі осы. Алайда білім беру жүйесінің соңғы кездері көп сынға ұшырап жатқаны жасырын емес. Білім және ғылым министрлігі биылғы жылы жаңа реформаларды жүзеге асырамыз деп жоспарлаған еді. Тіпті осы жылдың наурызында Қазақстанда «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген. Онда бес күндік оқу аптасының....