Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап: — Мен ішетін суды неге былғайсың! – дейді. Қозы: — Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – дейді.......
Бұрынғы заманда араб жұртында керуен басы Байбатыр деген жаһан кезуші бір адам бар еді. Оның пайда үшін дүниеде бармаған жері жоқ еді. Бір күні болғанда, Байбатыр тағы керуен басы болып, өз шаһарынан бөтен шаһарға бармақ үшін мың түйе, жүз жолдасымен аттанып кетті. Неше күндер бойы жол жүріп келе жатса, бұлар келіп бір шаһардың үстінен шығады. Бұлар жанына қонып шаһардың ішін қараса, ішінен бір адам табылмайды. Біраздан соң бұлардың алдынан бір сұлу қыз шығып, жылап, сырын баян етіп, бастан кешкенін айтады.......
Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып: — Мені жеме, жібер? – дейді. — Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер? Сонда ақ тиін.....
Мәңгілік Ел болуға Қазақ елінің Ерлігі береке мен бірлігінде, ұлтаралық татулығында, дана басшылығында болады. Елбасы бастады, халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қостады, осының арқасында ұлттық тәуелсіздікке, қазіргі өркенге қол жеткізді. БІздер үшін Тәуелсіздігіміздің құндылығына жететін еш нәрсе жоқ. Өйткені тәуелсіздіктен айырылсақ басқасының бәрінен айырылып орны толмас өкініште қаламыз. Мәңгілік Ел туралы өлең жолдары:
Бабалар көз талдыра көптен күткен, Далама жандандыра келді көктем. Мәуелі Бәйтеректің басын шалып, Күн күлді нұрын шашып көкжиектен....