Тақпақ: Жаңа жыл

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы әніміз.
Ән айтамыз бәріміз де қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Анама

Емізіп, ақ сүт берген балаға

Анадан артық жақының бар ма жаһанда

Ақ сүтін татып көрмеген сірә сезбейді

Уыздың дәмін алмаған қалар арманда

Арманда қалма, анаңды сыйла қарағым.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат (1)

Тай қазаным күні бойы қайнайды
Ортайып та, сарқылып та қалмайды.
Көл

Қолымыз кір болса,
Мұрынға лас қонса,
Кім деп білеміз досты
Кетіретін кір қоқысты?
Апамыз онсыз түк істемейді,
Кір жумайды, ас пісірмейді
Онсыз, төтесін айтайық,
Адам да күн көрмейді.
Аспаннан жауын құйсын,
Масақ дәнге толсын,
Кемелер жүзсін айдында –
Өмір жоқ онсыз, ол ...
Су

Сен бар әлемді жылытасың,
Шаршауды еш білмейсің,
Терезеден күллімдейсің,
Сенсің кәдімгі ... дейтін.
Күн
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)

Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
Шөп тырма

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Сыпырғыш

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
Балта
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ертегі: Суыр сұңқар су қайда

Ерте заманда сиыр сызылған кербез, суырыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәкаппар, мақтаншақ та екен.
Бір күні әлгі сиыр атпен ерегісіп қалып, екеуі жарысқа түсуге уәде байласады. Бұрынғы өткен жарыстардың бәрінде сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болуды мақсат етеді.
Көмбеге төреші болып арыстан келеді. Бәстің жайын ұққан соң, ат пен сиырды бір күншілік жолға жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды да өкіріп тұрып, кері қайтуға белгі береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Кішкентай тас пен құмырсқа

Ол ұшы қиыры көрінбей, көкжиекпен ұштасқан алып теңіздің жағасындағы кішкене ғана тас бөлшегі еді. Балалармен ойнағанды қатты ұнататын. Әсіресе осы кішкентай достары оны теңізге лақтырып ойнаған кезде қалай қуанатынын білсеңдер ғой! Оған күні бойы самсыған күн астында жату оңай еместі әрине. Теңізге шөлп......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Жақсы оқушы боламын

Сабаққа мен келемін,
Күнде ерте кешікпей.
Апай берген есепті,
Орындаймын асықпай.

Жазуды да жазымын,
Күнде бестік аламын.
Тәртіпті де ұқыпты,
Мен оқушы боламын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Кедей қызы мен хан баласы

Бұрынғы заманда бір хан халқын жинап, жарлық шашады:

— Менін жасым болса ұлғайды, төрімнен көрім жуық, менің орныма хан сайлап алыңдар, – дейді.

— Тақсыр, хан өлсе, ханның баласы хан болады, баласыз емессіз ғой, балаңыз хан болады, – дейді.

— Ал, ендеше, балам бүгіннен бастап хан болады, соған бағынасыңдар, – дейді хан. Баланың әке-шешесі өліп, арулап қояды. Бала бірнеше жыл хан болып тұрған соң халқына айтады:

— Ержеттім енді үйленгім келеді, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тышқан мен мысық

Мысық пен тышқан дос болыпты. Бір күні екі дос келе жатып, бір құмыра май тауып алыпты.

Мысық білгірсініп:

— Құмырадағы майды қыста жейік, – деп, шұңқыр қазып, көміп тастапты. Күндер өте береді. Қыс келеді. Аяз қысып, қарны ашып жатқан мысықтың есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті. Енді мысық сылтауратып:

— Тышқан, менің апам ұл тауыпты, соған той жасайды екен, мені шақырып кетті, – дейді де кетіп қалады. Сонан соң құмырадағы майдың төбесін ғана ойып жеп қайтады. Алдынан тышқан шығады.

— Бөбектің атын кім қойдыңдар? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0