Ертегі: Батыр қойшы

Ерте заманда бір қойшы бір байдың есігінде жиырма жыл қой бағыпты. Күндерде бір күн ел-жұртын сағынып, туған-туысқандарына барып қайтуға байдан бес жылға ұлықсат алады. Ол үшін келген соң тағы да жиырма жыл байдың қойын бағатын болады. Жиырма жылғы ақысына бай қойшыға бір саржа мен бір құнан шығар ат береді. Қойшы қуанышы қойнына сыймай еліне қайтады. Қойшы бірнеше күн жүргеннен кейін, бір елге келеді. Келсе, ел-жұрты жиналып, абдырап, шаршап отыр екен. Сұрастырса, ханның сөзге шебер, көркемдігіне көз таң қалғандай жалғыз қызын бір түнде ұйықтап жатқан жерінен дәу ұрлап алып кетіпті......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Әже

Гүлдей жайна, бақ әжем,

Жақсы көрем өзіңді,

Ауырмашы, жан әжем!
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақша Жаңылтпаш: "О" әрпі

Ол бір қыл шылбыр есті,
Бұл бір қыл шылбыр есті.
Ол да,
Бұл да
Қыл шылбырды тым сылбыр есті.

Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.
Жаңылтпаштар
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әр түрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Мейірімді аяз

Екі қызым мектеп келе сала:

Мама, мұздап кеттік,
- Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.

- Мама, аяз жаман ғой,- деп бұртиды кішісі.

- Иә, қатып қалдым,- деп.....
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Достық

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту қып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ақ әжем

Ұрыспайды ешқашан,
Еркелетер «Ботам» деп.
Сыйлы адам бәріне
Менің әжем, ақ әжем!
Тақпақтар
Толық
0 0