Жұмбақтар жауабымен: Мамандықтар (шаштараз, аспаз, агроном, мұнайшы, журналист, футболшы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Ата-ана

Ата- анам менің,
Керемет адамдар еді.
Бір сөз айтып жіберсем,
Күлкі тауып береді!!
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Атама арнау

Аяулы да ардақты атам менің,
«Бақытты бол, ер жет» - деп бата бердің.
Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,
Әрдайым ортамызда жүре бергін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Жәндіктер (құмырсқа, өрмекші, маса, ара, көбелек, шегіртке)

Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.
Қара қоңыз

Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.
Құмырсқа

Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.
Құмырсқаның илеуі
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Патша мен құмырсқа

Баяғы заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде патша өзінің әскерін ертіп аң аулауға шығады. Және шабармандарын жан-жақтағы құмырсқаларға, кішкентай жәндіктерге хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Патша: “Барлық құмырсқаларға, құрттарға.......
Ертегілер
Толық
0 0