Қазақша ертегі: Түлкі мен Бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:
- Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.
- Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен қасқыр

Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.
Қасқыр қасындағы түлкіге:
— Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Үш ауыз ақыл сөз

Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп:
- Балам! Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, - депті. Бала тұрып:
- Құп! Берейін, үйретіңіз, - дейді. Әлгі кісі:
- Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың төбелес бастаса, сол қолың арашашы болсын, - дейді. Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша Жаңылтпаш: "М" әрпі

Мінген Шанаға да,
Танаға да
Анау бала-қара бала.

Мен бақшаның қарбызын жинадым,
Алмагүл алма үзіп жинады,
Жоламан таудың жалбызын жинады.
Жаңылтпаштар
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Зерделі

Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдастарымен жиһан кезіп келе жатып, бір қарияға кездесіпті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге:
- Әкең Қазақбайды білуші едім. Үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады, бір бала әкесіне жете туады, енді бір бала бар, ол кері кете туады. Сен соның қайсысы боласың? - деп сұрапты.
- Ата, өте туған бала боларымды алдағы өмірім білер, кері кете тудым ғой деп білем, - депті. Қария тағы бір сұрақ беріпті.
- Балам, өтірік пен шындықтың арасын өлшедің бе? - депті.
- Өлшедім өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, - деп, бала оң қолының төрт саусағымен көз бен кұлақтың аралығын басыпты.
Қария:
- Балам, ақыл кімнен шығады, асыл неден шығады, қанат неден шығады....
Ертегілер
Толық
0 0