Қырсық балаларға 10 амал

Қазір көшеде баласымен алысқан ата-ананы жиі көріп жүрген боларсыз. Сол балаларға ұрысқанымыз үшін, жұрттың көзіне нашар ана болып сақталып қаламыз. Сіздердің де балаларыңыз сондай ма?

Білесіз бе, балалар өте ақылды. Өйткені олар қырсығып, мінез көрсетсе ......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Тақпақ: Достық

Достық біздің әніміз,
Достық біздің сәніміз.
Аққуды атпайық,
Достықты сатпайық.
Тақпақтар
Толық
0 0

Өлең: Бесік жыры

Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі. Баланы тербетіп отырып айтылатын осынау керемет жырдың тәрбиелік, тағылымдық мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар. Ананың жырмен жеткізген ізгі тілегін тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өсері анық. Сондықтан да әрбір ана өз баласына әсерлі әуен, сырлы сөзбен айтылатын бесік жырын міндетті түрде айтуы абзал. Бесік жырыны көптеген түрлері бар. Біз сіздерге жырдың көпшілікке белгілі деген бірнеше нұсқасын ұсынбақпыз.
Өлеңдер
Толық
2 0

Қазақша ертегі: Сыбызғы сыры

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.

Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын....
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жалқау мысық

Бір үйдің мысығы бейқам өмір сүріпті. Қарны тоқ болған соң, қимылдауға ерініпті. Жалқауланғаны сонша - тіпті тұмсығының астынан жорғалап өтіп бара жатқан тышқанды ұстауға да құлқы соқпапты.
Ақыры тышқан:
– Біздің маубас, – деп, мазақтайтын болыпты.
Бір күні қожасы екі-үш қап бидайды үйіне кіргізіп қойып, өзі сыртқа шығып кетеді. Сол кезде қап толы астыққа тышқандар тұс-тұстан лап қойыпты. Көзді ашып-жұмғанша қаптың тас-талқанын шығарыпты......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Отан

Отан! Отан! Отан! - Әдемі
Отанда бар әлемнің сәулесі.
Отаным бар Тәуелсіз,
Отаным бар кең байтақ.
Тақпақтар
Толық
0 0