Тақпақ: Анашым

Анашым менің анашым,
Өзіңсің менің данашым.
Ардақтаймын өзіңді,
Ардақты, асыл анашым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Ақылды қоян

Ерте ерте ертеде, Ешкі жүні бөртеде, өте бір бай орман болыпты. Бұл орманның аңдары саудамен айналысыпты. Өте алғыр жануарлар осы орманда жиналыпты. Бұл орманның патшасы әрине арыстан болыпты. Олардың саудалары қалай жүзеге асыпты?
Аралардан алынған бал аюларға сатылыпты. Оның құнына ағаш тақтайлар алынып, базардың құнымен сәулетші құндыздарға өткізіліпті. Осылайша бір шама уақыт өткен соң саудалары алға баспай, аралар ақшаны азсынып, аюлар балды сапасыз көріп, кұндыздар алған тақтайларын ұнатпайтын болыпты. Не керек орман.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша Жаңылтпаш: "Т" әрпі

Тастай ауыр ақ сақам,
Ақ сақаммен жақсы атам.
Жақсы атқаным емес пе,
Ұлдарды зар қақсатам.

Тас,тас, тасбақа,
Асты-үстінде тас-тапа.
Келсін қасқа- асқа, ата,
Берші бата, досқа, ата.
Жаңылтпаштар
Толық
4 -2

Қазақша ертегі: Ақыл, ғылым, бақыт

Ақыл, Ғылым, Бақыт - үшеуі бір- бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті:
Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, - депті.
Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Қорқақ қоянның жауабы

Ертеде бір нулы орманда әртүрлі жан-жануарлар мекендепті. Оларды аң патшасы арыстан билеп тұрыпты. Бірде арыстан: "барлық аңдар алдыма жиналсын"- деп бұйырыпты. Ормандағы барлық аң атауы жиналыпты. Сонда арыстан:"Барлығың менің келе жатқан туған күніме дайындалыңдар. Әрқайсыңа жеке-жеке тапсырма беремін"-депті. Сол кезде барлық аңдарға не дайындау керегі айтылыпты, кезек қоянға да жетеді. "Қоян сен үстелге құмыраға салып.....
Ертегілер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Отбасы, отбасы мүшелері, бала, көңіл, көлеңке

Көтеріліп қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,
Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.
Адамның ойы

Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді.
Күніне мың шақырым жерге,
Барып қайтып келеді.
Көңіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0