Сабақтың мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бір сан құрау, ұлттық валютамыз теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру. Көрнекілік: Әр баланың алдында ұсақ, 1, 2, 5 теңгелік (қағаздан қиылған) салынған әмиян.....
Шәкерімнің әкесі Құдайберді - Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған жалғыз баласы. Ақылды, дәулетті адам болған. Құдайбердінің Төлебике (қолы ашық болғандықтан жұрт Дәметкен деп атап кеткен) және Ботантай деген әйелі болған. Дәметкеннен Омар, Мұртаза, Шәке, Шәкерім туған. Шәкерімнің бәйбішесі Мәуеннен Суфиян, Тауфық, Мәйміне, Ғалия есімді екі ұл, екі қыз туған. Суфиянның жеңгелей алған әйелінен Шәмел, одан Бану туған. Осы Бану мақаланың басында біз сөз еткен әнші Құралайдың анасы болып шықты.
Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан Ғафур, Қабыш, Ахат, Кәмпит (ол жас кезінде қайтқан, Жәкіш (Жәкібала), Гүлнәр мен Зият туған. Ғафурдың Ақлима, Мәкей атты әйелдері болған. Мәкейден Баязит, Ләбиба, Нағима, Кәмилә туған. Жоғарыда анасының естелігін айтқан Мақсат Жаппарханұлы Кәмиланың баласы. Шәкерім ұлы Қабыштың отбасы ашаршылықтың құрбаны болыпты. Шәкерім ұлы Ахаттың әйелдері – Сағила, Қадиша, Бәтима. Сағиладан туған екі бала 1931 жылы Райханның үйінде қайтыс болған екен.
Ахат Шәкерімұлы зерделі, сауатты, ақылды адам болған дейді. Ол Шәкерімнен тараған бірнеше ұрпаққа қамқорлық танытып, олардың білім алуларына жөн сілтеген. Шәкерімнің Айғаншадан туған кенже ұлы Зият нәубет жылдары Қытайға өтіп кеткен екен. Қытайда отасқан әйелінен туған баласы Мереке Алматыда тұрды. Шәкерімнің кенже қызы Гүлнәр 1970 жылы Алматыда қайтыс болған.
Аңыздардан тере жүріп масақты, Рас, рас көзімізден жас ақты. Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар, Бірімізден бір-бір батыр жасапты... Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой... Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Сабақтың мақсаты: Балабақшада жазғы мезгілдерде балалармен түрлі қызықты ойын сауықтар ұйымдастырылады. Ойын сауықтарда балаларды болашақ маман иелеріне тәрбиелеу, салауатты өмір салтына балабақша қабырғасынан үйрету басты мақсат болып табылады. Аталған ойын сауықта балаларға өз денсаулықтарына құрметпен қарауға, тілдерін дамытып,мамандық иелеріне тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Көрнекілік: сүт тағамдарының түрлері, жеміс-жидектер түрлері, витаминдер суреттері пайдаланылады.....
Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:
-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.
Сабақтың мақсаты: Балаларға заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру. Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру;Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға , әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: ыдыс - аяқтар – посуды, ас үй – кухня, асхана – столовая. Қолданылатын көрнекі құралдар: Доп ,Ыдыс-аяқ суреттері. Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,триз әдісі......
Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!
Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..
Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас......