Әңгіме: Джек Лондон | Ақсақалдар лигасы

Казармада бір адамға сот болып жатыр еді, мәселе я өмір, я өлімге тірелген. Бұл адам Юконға Лe Барж көлінің төмен жағынан құятын Ақ Балық өзенінің ну орманды жағасын мекендейтін Имбер дейтін үндіс шал болатын. Оның ісі бүкіл Доусонды, жоқ тек Доусонды ғана емес, жалпы Юкон аймағының мың мильдік о жақ бұ жағын түгелдей дүр сілкіндірген. Англосакстер өздері жаулап алған жерлерде ертеден-ақ ерекше заң орнатқан ғой, және ол заң өте аяусыз, қатал-ды. Бірақ дәл осы сотта, Имбердің ісіне келгенде, бұл заң алғаш рет тым жеңіл, тым рақымшыл көрінген. Ең бастысы, мұнда, — қарапайым ғана арифметикалық көзқарас тұрғысынан келгенде, жасалған қылмыс пен оған қолданылатын жаза арасында ешқандай үйлесім жоқ екен. Мына қылмыскерге тек қана өлім жазасы кесілетініне, әрине, ешкім күмән келтіре алмайды — басқадай жаза тіпті миға да кіруге тиіс емес — алайда бұл бір-ақ адамның құны ғой, ал Имбердің мойнында қаншама жанның, қаншама боздақтың қаны бар десеңші!

Иә, бұл адамның қолы білегіне дейін қанға батқан еді. Ол бүкіл өмірінде нешебір бейбақтың жанын жаһаннамға жібергенін өзгені қойып, өзі де білмейтін шығар. Ал осы аймақтың тұрғындары жол жүріп келе жатып, асудың үстінде темекілерін құшырлана тарта отырып, немесе кешкілік ошақ басында қоңыр әңгімені қоздатып қойып, бұл шалдың қай жерде кімді өлтіргенін, қалай өлтіргенін, одан соң да қаншасын келмеске аттандырғанын жыр қылып айтып, саусақтарын санай берер еді. Ол құрбандардың барлығы — еңбектеген баладан, еңкілдеген шалға дейін түп-түгел ақ адамдар-тұғын, олар кейде жалғыздан, кейде жұбымен, енді бірде топ-тобымен өлтірілген. Және ешбір себепсіз, салдарсыз, қолға ілікті — бітті, ажал құшқан бәрі де. Бұның сыры, басқаны былай қойып, мұндағы корольдік атты полицияға да күні кешеге дейін белгісіз боп келген. Тіпті Юконнан алтын табылып, доминион үкіметі бұл жерге өз губернаторын жіберген кезде де "кездейсоқ жоғалғандардың" жұмбағы жұмбақ күйінде қалып еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сая Молдайып | Шаниннің феномені Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл


Нағыз нар туғандар елін өркениет өріне өрістетпек. Бұл – хақ!

Біз сөз еткелі отырған Жұмат Шанин де елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат еді. Тарих солай дейді.

Ең ауыр өкініш - қазақтың марқасқа ұлын қилы заман қылышымен қиып түсірді - «Спектакльді 10 минутқа әдейі кеш бастады, Сталинге қастандық жасамақ болды» деген жала жабылып, атылып кетті.

Бұл туралы және Шаниндер әулеті жайлы атасының мерейтойына арнайы келген қоғам қайраткері, режиссер, драматург, актер Болат Шанин сұхбат барысында әңгімеледі...

- Атамекенге қош келдіңіз, Болат аға!

Шана әулеті мен Жұмат Тұрғынбайұлының тағдыр-талайы хақында білгіміз келгені көп еді...

- Жұмат атамыз Баянауылдағы Желтаудың бауырындағы Қаратал қыстауында 1892 жылы туған екен. Арғы атамыз Қожамберді деген батыр адам болыпты. Бергі атамыз Шана бес ағайынды екен.

Атамыз дарынымен, алғырлығымен маңайын мойындатқан, өнерпаз адам болған. Шанадан - Тұрғынбай, Тұрғынбайдан - Жұмат пен Әкіш туады.

Шана әулеті өз еңбектерімен күн көрген, тұрмыстары кедей болған. Аз ғана малмен жағдайлары түзелмейтінін білген соң, Шана әулеті басқа кәсіп іздейді.

Сөйтіп олар туған жері Желтауды тастап, Шөптікөлге келеді. Мұндағы жаңа ашылған шахтаға түседі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Коррекциялық оқыту ЖПО бұзылуы бар балалармен жүргізілетін оқыту түрі

Білім беру жүйесінің өзіне тән ұйымдасу ерекшелігіне қарай өзіндік оқыту принциптері мен әдістері болады. Оны айтпас бұрын оқыту әдісі мен принциптеріне біршама тоқталып өтейік.
Оқыту әдісі деген сөздің өзін талдап көрейік. Әдіс – гректің «методос» зерттеу немесе таным жолы, тәсілдер деген сөзінен шыққан. Әдіс – жалпы алғанда мақсатқа жету тәсілі, анықтап айтқанда әрекеттік білдіретін ұғым – бұл оған берілген философиялық анықтама.
Сонда әдіс оқыту барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасу нәтижесінде оқу - тәрбие жұмысының бір мақсатқа жетуін реттеуші тәсілі ретінде көрінеді.
Оқыту әдісі арқылы оқушының оқып білу әрекетін ұйымдастырылады, ол оқытушылардың қолындағы тәсіл ретінде, оқушылардың танымдық қабілетін дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, оқушының ойын дамытып, өз бетінше ізденуіне, жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасайды.
Ғылымда теориялық жағынан көрсетілген заңдылықтар, тәжірибеде орындалатын (істің) әрекеттің принциптері болады. Принцип – зерттеудің алғы шарты емес, ал оның нәтижесі деп айтылып келеді. Сонымен, принцип – бұл оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесі. Педагогикалық процеске тән: Мақсаттылық, байланыстылық, ғылыми, түсініктілік, жүйелілік пен бірізділік, сапалылық пен белсенділік, көрнекілік, бағыттылық принциптерін педагогика ғылымы арқылы білеміз. Арнайы білім беру жүйесінде пайдаланылатын арнайы педагогикалық принциптеріне: педагогикалық оптимизм, педагогикалық көмек, ойын, тілі мен коммуникациясын дамыту, коррекциялық – компенсациялық, дифференцация және лық жеке тұрғыдан кему арнайы педагогикалық басымдылықты қажет ету принциптері бар. Әр ғылымның өзінің зерттеу пәніне байланысты өзінің зерттеудегі принциптері мен әдістері болады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалар елі

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін жүйелеп бекіту. Тапсырмаларды орындау барысында нақтылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Білімге деген ынта - жігерін, іскерліктерін қалыптастыру.

Тәрбиеші: - Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаттары жоқ, жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Тіпті күнделікті өмірлерінде еш қызық болмапты. Сонан күндердің күнінде « Балалар елін» бір патшалық бағындырып алыпты. Ол патшалықтың аты «Ойын» екен. «Ойын» келісімен - ақ «Балалар елі» бірден көңілденіп сала беріпті. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қасірет

Бүкіл Галчино облысындағы әйгілі ісмер, сонымен бірге барып тұрған қияңқы мұжық деген атағы ертеден мәлім токарь Григорий Петров өзінің ауру кемпірін земстволық ауруханаға әкеле жатыр. Екі ара отыз шақырымдай жер, ал жол дегенің сұмдық жаман, одан Григорий ұста сияқты жатыпішер көр жалқау түгіл, қазынаның пошта тасушысы да жүре алар емес. Ызғырық, суық жел қарсыдан тура бетке ұрып тұр. Қай жағына қарасаң да ауада құтырынған ақтүтек боран құйындай ұйытқып соғады? Қардың аспаннан жауып тұрғанын, әлде жерден борап тұрғаның адам біліп болар емес. Тұмандай торлаған қарлы бораннан айналадағы маңай да, жол бойындағы телеграф бағандары да, орман да көрінбейді, жел ұйтқып кеп Григорийге түтеп бір соққанда, тіпті аттың доғасы да көрінбей кетеді. Титығы құрыған көтерем бие аяғын әрең басады. Қалың күртікке қайта-қайта малтығып, басын шұлғи шірене тартумен әбден болдырған. Ұста асығып келеді. Шананың алдыңғы тұғырында қопаң-қопаң етіп, аттың сауырынан қайта-қайта шықпыртып қояды.

— Сен, Матрена, жылай берме... - деп күбірлейді ол. Азырақ шыдай тұр. Құдай бұйыртса, ауруханаға да жетеміз, сонсоң сенің мұның қас қаққанша - ақ әлгі нетіп... Павел Иваныч саған дәрі ішкізеді немесе қан құйдыра ма әлде батшағар иең спиртпен ысқылата ма әлі, кім білсін, сонсоң ол нетіп, бүйіріңнің ауырғанын тура жұлып алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қараңғылық

Земство дәрігері қабылдауын аяқтап, ауруханадан үйіне қарай беттей бергенде, оның жанына үстіндегі тоны қырық жамау, аяғында үлкен қара байпақ, жасқана басып жақындай берді.

— Құзырыңа құлдық, өзіңе кеп едім, - деді ол

— Иә, не жағдай?

Жігіт таңқы танауын алақанымен жоғары қарай жапыра бір сүртіп, аспанға қарап алды да, сонан соң барып жауапқа көшті:

— Жоғары мәртебеңе бас ұрып кеп тұрмын... Өзіңнің қарамағыңда, тұтқындар палатасында, мәртебелі тақсыр, менің ағам Васька, яғни варвариндік ұста жатыр еді...

— Ал жатса қайтеміз?

— Жалынамын, жіберші оны!

— Түһ, кеңкелес екенсің ғой! Менің қандай қақым бар? Мен түрме қызметкері емеспін. Оны ауруханаға әкелсе, емде деп әкеледі, мен емдеп жатырмын, сені түрмеге жабу қолымнан қалай келмесе, оны босату да солай қолымнан келмейді.

— Оны тектен-текке қамап отыр. Соты болам дегенше, білесің бе, бір жыл тергеуде жатты, енді кеп қарасақ, неге жатқанын өзіміз де білмейді екенбіз. Егер кісі өлтірсе немесе ат ұрласа бір сәрі ғой, жазықсыздан-жазықсыз күйіп барады.

— Солайы солай шығар, бірақ менің бұл іске қандай қатысым бар?

— Адамды не үшін қамағандарын өздері де білмейді. Ол ішіп алған болатын, құрметті мырза, ес-түсі жоқ мас боп кеп әкемді құлақ шекеден қонжитқанын, өзі шекесін жарып алғанын да білмейді, ал біздің тағы бір екі жігіт кеп - әлдеріне қарамай, қарасаңызшы, түрік темекісіне құмарта қапты - сол екеуі оның басын айналдырып, түнде армян әйелдің дүкенінен темекі ұрлауға алып кетеді. Ол ақымақ мастықпен көне кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Көк құмыраның сыры


Джек Гарингтон сөреден бастап доп барып түскен жерге дейінгі арақашықтық қанша екенін мөлшерлеп, оған көңілі толмай тұрған болатын. Доптың тұсынан арт жақта қалған сөреге көз тастап, екі аралықты көзбен тағы бір шолып өтті. Өңінен ызаланып тұрғаны байқалады. Бір күрсініп қойып, таяғын жоғары көтеріп, қатарынан екі рет соғып еді, бірінде таяғы бақ-бақты жұлып түсті де, екінші рет бұрқ еткізіп, бір уыс шымды қопарып кетті. Тек үшінші ретте ғана допқа таяғы дөп тиді.

Жасың жиырма төртке келгенде гольфты кемшіліксіз шебер ойнауға уақыт табу онша оңай шаруа емес. Өйткені бұл кезде уақытыңның көпшілігі күнелтудің қамына жұмсалып, ықыласың соған ауа бастайды. Аптаның бес жарым күнін Джек жұмыста, қаланың ортасындағы қызыл ағашпен қапталған еңсені басатын кеңседе өткізетін. Тек сенбінің екінші жартысы мен жексенбіде ғана қолы босап, жеке басының шаруасымен айналысатын. Әлгі ойынға құмартқаны сонша, қиналып жүріп, Стоуртон Хит гольф алаңының маңындағы бір кішірек қонақ үйден бөлме жалдап алды. Күнде ертеңгісін сағат алтыда тұрып, бір сағат жаттығу жасап, сегізден қырық алты минут өткенде жүретін поезбен жұмысқа үлгеретін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Ұрланған хат

Даналыққа қулықтан асқан құбыжық жоқ.

СЕНЕКА

18... жылдың желкемді бір күзгі кешінде Парижде ымырт үйірілген шақта пенкадан жасалған трубканы қолға алып, досым С. Опост Дюпеннің аядай кітапханасында, яғни Сен-Жермен елді мекенінің Дюно көшесіндегі № 33 үйдің төртінші қабатындағы бөлмесінде айырықша рахатқа батып отырған болатынмын. Бір-бірімізге тіс жарып, тіл қатпай бір сағаттан артық отырдық, сырт қараған адамға мен де, досым да бұрқырап, бөлмені кернеген темекі түтінінен көз алмай, мелшиіп қалған тәрізді болып көрінуіміз де ғажап емес. Алайда мен кешқұрымғы әңгімеміздің арқауы болған оқиғаны ойша сараптап отырғанмын.— Мен бұл арада Морг көшесінде болған оқиға мен Мари Роженнің өліміне байланысты құпия жөнінде айтып отырмын. Міне сондықтан Париж полициясының бастығы, біздің байырғы танысымыз мосье Г... есікті ашып, кітапханаға кіріп келгенде, мұның өзі маған күтпеген әдемі үйлесім болып көрінді.

Біз онымен шұрқыраса амандастық, өйткені оның жағымсыз мінезі мен жақсы қасиеттері тең түсіп жағатын да, әрі біздің көріспегенімізге талай жылдар болып кеткен-ді. Ол келер алдында ақшамда жарықсыз отырғанбыз, енді Дюпен шам жағуға ұмтыла беріп еді, бірақ Г. бізбен — турасын айтқанда, менің досыммен өзін әбден әбігерге түсірген бір мемлекеттік маңызы бар іс жөнінде ақылдасуға келгенін айтқанда ол өз креслосына қайта сылқ ете кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып


Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...

Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0