Біз ол кезде аудан орталығында тұратынбыз. Әлжуаз науқасшаң шешем екеуміз ғанамыз. Әкем енбек армиясында да, Хасен ағайым майданда.
Күз кезі. Аз күнде оқу басталады. Аман болсам, биыл жетінші оқимын.
Бітпейтін ұзақ соғыс халықтың титығына мықтап жеткен. Ел жесе асқа, кисе киімге жарымай, шықпа жаным шықпа деп, әрең жан бағып отырған қиын кез.
Бір күні біздің үйге осы аудандағы Октябрь колхозының шофері, шешеммен ағайындас Әкімжан дейтін адам келіп қонды. Қасында екі-үш жолдасы, бір жарым тонналық газиктің кузовына басып алған он бес шақты қойлары бар.
Әкімжан Алматыға барады екен. Колхозға оны-мұны бұл арада табылмайтын заттар әкелмек. Қой колхоздың және жеке меншіктің базарға сатуға алып бара жатқан қойлары.
Қазір ел ішінде машина аз. Алматыға әдейілеп барып қайту кімге де болса оңайға түспейді.
Шай үстінде шешем Әкімжанға:
— Сен мына Шәкіржанды ала кетсең қалай болады? Барып, қала көріп келсін. Қойшыларға қосып қойған бірді-екілі қой бар еді. Соның бірін ала барып сатып, үстіне киім алып келсін. Аз күнде оқуы басталады, не сырт киім, не аяқ киімі жөнді емес, — деді.
— Барсын. Тек машинаға ақша төлесе болғаны, — деп Әкімжан күлді. .....
Көзінің тірісінде- ақ аты алты алашқа аңыз болып тараған Сарыарқаның саңлақ ақыны, тарихшысы, ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары сонау тоқырау жылдарының өзінде әр жылдарда там - тұмдап болсын «Үш ғасыр жырлайды», « Бес ғасыр жырлайды» жарық көрсе, оның елден ерек дара қасиеті, әулиелігін кеңінен толғаған кесек дүние түгіл ауызекі айтылатын аңыз әңгімелердің арқауына айналудан қалып, ұмтылып бара жатқандай еді.
Оған 1952 - жылы Мәшекеңнің бейіті құлатылып, сол кездегі партиялық идеологияның ақынның аруағын қорлап, былайғы жұрттың үрейін ұшыруға негізделген солақай саясаттың салқыны ерекше әсер еткені сөзсіз.
Бір ғажабы идеологтар қаншама тырысып, талаптанса да Мәшекеңді халық санасынан жоя алмады. Оның рухы жылдар өткен сайын асқақтап, аспандай берді. .....
Мектептегі мұғалімдік жұмысының алғашқы жылы еді. Бірде мектептің тәрбие завучы бұған: "Жүр, екеуміз класта өткелі жатқан кездесуге барып, қатысып қайтайық", — деді.
Тәрбие завучы жасы үлкен кісі еді. Мұның мектептегі оқушы кезінде осы саланы басқаратын. Сондықтан ба келе жатып: "Енді осындай іс-шаралардан қалма, араласып тұр", — деді.
Кездесу соғысқа қатысқан кісілермен болғалы жатыр еді. Осындай сыныптан тыс іс-шараларды тәрбие завучы белгілейтін. Сынып жетекшілерге тапсырмалар береді. Өзі өтіліп жатқан іс-шараларға қатысып отырады. .....
Кіріспе. Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар: 1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер); 5.психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); 6.тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған; 7. нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады. Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр. Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толыгымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі. Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануьша әсерін шгізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез менгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардьщ арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуьша кері әсерін іигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулсрінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы үйымдастыруды талап етеді. Медицииалық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.....
Күз. Дуал үстінен ал қара көк толқынды теңізге көз тігіп тұрмыз. Аннан-мыннан кеме желкендері ағараңдайды. Батқан күннің жалқыны алтын шапаққа бояған Швецияның биік жағалаулары алыстан қарауытады. Артымыздағы дуалдың тік жарынан жыра басталады, оған құлашын кең жайып өсетін тамаша ағаштар отырғызылған. Оның сарғайған жапырақтарын жел көтеріп, ізінше жерге төсеп жатыр.......
«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» дейді. Бұл сөз бабалардан қалыпты. Сол рас! Жақында редакцияға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы ауылдан ардагер ұстаз Шолпан Әбілғазықызы Жақыпова келді. Осы аймақтан өткен тарихи тұлғалардың жұрт біле бермейтін мәліметтер, фотосуреттер жайлы көрген-білгенімен бөлісті. Соның бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров сүйген қыз Мәлике Мұқтарқызы!
Өнер-білімімен асқан, ақын, алуан-алуан тақырыпқа қалам сілтеп, әдебиет пен мәдениетке толағай мұра қалдырып үлгерген Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 жасқа қараған шағында өмірден «құйрықты жұлдыздай ағып» өтті, ол 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болды.
Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы. Сол ауылда жерленген. Басына белгітас қойылып, тоқсаныншы жылдардың басында кесенесі көтерілді. Бұған ұйытқы болған әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев болатын. Сол ауылда мұражайы бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын барғанымызда мұражай тым жүдеу еді. .....
Болса екен ұстаздардың бәрі сіздей, Жүресіз әрқашанда күліп күндей. Аямайтын ақылын көпшіліктен, Аяулы жан арамызда мәңгі жүргей!
Шуағын төгіп жайқалған гүл көктемге де қадам бастық. Сұлу да көркем көктем мезгілі жеткенде барша қыз-келіншектер де сұлуланып, ажарлана құлпырып шыға келеді.
Сұлулық дегеніміз не? Иә, біз көбінесе сұлулық деп сыртқы сұлулықты айтамыз. Десек те, тән сұлулығы уақыт өте келе көмескіленетіні жасырын емес. Ал жан сұлулығына келетін болсақ, ол - мәңгілік, оның берері де мол! «Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады деген мақал да тегін айтылмаған ғой.
«Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу–ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой - ұлы, ойландыра алған сұлулық - ұлы»- деп жазушы Ғ. Мүсірепов айтқандай, мен бүгін қаламымды қолыма алып, осындай ұлы қасиетті бойына дарытқан, жан дүниесінде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы толып жатқан жан туралы сөз қозғамақпын. .....
1895 жылы кейбір жағдаяттар, - бұл арада оларға тоқталып жатпаймын, - мистер Шерлок Холмс екеумізді айтулы университет қалашықтарының біріне ат басын бұрғызды; біз онда бірнеше апта болып, тұрпайылау болғанымен тағылымы мол бір оқиғаға ортақтастық. Енді соны баяндап бергелі отырмын. Әлбетте, оқиғаның қай колледжде орын алғанын және қылмыскердің кім екенін оқырманның дәл анықтап білуіне мүмкіндік беретіндей егжей-тегжейлі деректер келтіру орынсыз боп табылады, оның үстіне бүл намысқа тиетін нәрсе. Мұншалықты масқара оқиғаны жылы жауып қоя салғаннан келіп-кетер ештеңе болмас та еді. Алайда тиісті дәрежеде сыпайыгершілік сақтай отырып ол турасында айтып берудің артығы жоқ, өйткені бүл оқиғада досымның таңғаларлық қабілет - мүмкіндігі жаңа қырынан танылған-ды. Айтқалы отырған әңгімемде мұның қай жерде болғанын немесе кім жайында сөз боп жатқанын аңғаруға септік жасайтын жайлардың бәрінен орағытып өтуге тырыспақпын.
Біз кітапханаға таяу маңда орналасқан, жиһазбен жабдықталған бөлмелерде тұрып жатқанбыз. Аталмыш кітапханада Шерлок Холмс ежелгі ағылшын хартияларын зерттеумен шұғылданып жүрген - ізденістерінің қайран қыларлық нәтиже бергені сонша, бұл менің болашақта жазатын бір әңгімемнің тақырыбына айналуға әбден татиды - ақ. Бір жолы кешкісін бізге танысымыз, Әулие Лука колледжінің оқытушысы, мистер Хилтон Сомс келді. Мистер Сомс ұзын бойлы, жұқалтаң адам еді және қашан кездестірсең де ашушаң, ызақор біреу секілді әсер қалдыратын. Ал бүл жолы жүзі тіптен түтігіп кеткен-ді, соған қарап әлденендей бір төтенше жағдайға тап болғанын аңғару қиын емес-ті......