Ертегі: Қыран қарақшы

Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда мандайына басқан қанатты қара бедеу түйесі болыпты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жібереді де соңынан бедеуменен бірге ұшатын.

Күндерде бір күні күндегі аңға шығатын бетімен аңға шығып келе жатып, ханның баласы құсын ұшырады да соңынан бірге ұшып жөнелді. Құсы аспанға шырқап шығып келеді. Аспанның алты қабат үстіне шығып, құсы бір ақ күмбез үйдің төбесіне барып қонды. Жігіт те бедеуін белдігіне байлай салып......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны
Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.

Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады.
...Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды:
Болса деп бізбен ашына.

Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты.
Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балалардың ай сайынғы даму көрсеткіштері

✅ 1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды.

✅ 2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді.

✅ 3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіеді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады.

✅ 4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді.

✅ 5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гүілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Қалдырған ізің мәңгілік


«Қалдырған ізің мәңгілік...» «Шын асылды тот баспайды»-халық мәтелі. Бостандық ожбб мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болған марқұм апайым Алтынай Абашқызына арнаймын. ........ Алғашқы ұстаз............. Ия , осы бір ауыз сөзді естіген шақта- бар жан-дүниеңді ақтарып, ой теңізіне -қиял кемесімен балалық атты әдемі әлемге қалай сүңгіп кеткеніңді де аңғармай қаласың! Себебі, алғашқы ұстазыңды есіңе алғанда, ең алдымен көз алдыңа құлдыраңдаған сәби кезіңдегі алғаш мектеп атты үлкен орданың есігін имене ашып, жүрегің дүрсілдей, алдыңда мейірлене күліп, жылы жымиған апайыңның жүзіне өзіңше балалық сақтықпен барлай көз тастап, өз балалық таным-түсінігіңе сай зерттеу жасай бастайсың...... Ұстаздың бар бітім-болмысы, тұлғасы, жүріс-тұрысы, сөз саптау мәнері, дауыс ырғағы,бәрі-бәрі балалық пәк жүрегіңнің түкпірінен орын ала берері сөзсіз....... ...Арада сынаптай сырғыған зымыран-уақыттың жалына жармасқан мектептегі бал-балалық сәттерің сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен бірге қол бұлғап қоштасып, өмір айдынына қанат қағасың... Жігіттік, бойжеткендік, кемел шақтық өмір өлшемдері саған берілген ғұмыр беттеріне өз өрнегін салған шақтарда, артыңа бір сәт ойша көз жүгіртіп, тәтті естеліктерге толы өзің өтіп кеткен аялдамаларға қайта ораласың....... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Балалар тәрбиесі халық педагогикасы

Зерттеудің көкейкестігі
Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген. Халықтың өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Әзиз Несин | Таксидің есігі

«Куртулушқа барамын!» — деп шофер айқай салған сәтте-ақ мен таксидің есігіне жармаса кеттім. Добалдай тұтқасынан шап беріп бұрай бастадым, бірақ есік ашыла қоймады. Тұтқа тырп етпей тұрып алды.

— Солға бұра! — деп ақыл берді шофер.

Солқылдатып солға қарай тарттым. Былқ етпеді.

Шофер:

— Солға деп отырмын ғой, бей-ay, солға! Сен, немене, солдатта болған жоқ па едің? — деп айқайлады.

Апырым-ау, мен оң жағым қайсысы, сол жағым қайсысы екенін шынымен ұмытып қалғанмын ба деп ойладым.

Біздің долмұштың соңынан жеткен жеңіл машиналар, автобустар, жүк машиналары іркес-тіркес ошарылып қалыпты. Жол сілтеуші шыбын жаны шырқырап ысқырып тұр.

Солға қарай бұрасаңшы!

— Бауырым-ау, бұралмай тұрған жоқ па!

Шофер созып қол ұшын тигізді де, есікті аша салды, мен кіріп отыра қалдым. Машина орнынан қозғалды. Шофер да бұрқырай жөнелді: «Үлкеннің тамағын ішіп, баланың ісін істейтіндер толып жатыр! Ата сақал ауыздарына біткенше оң мен солын айырмайды. Солар-ақ шашымды ағартты. Түкке тұрмайтын нәрсе: солға бұрап қалсаң болды,— есік ашық...» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Жуан мен жіңішке


Николаевск темір жол вокзалында екі дос кездесе кетті: бірі жуан, бірі жіңішке. Жуан жаңа ғана вокзалдан тамақтанып шыққан еді, сондықтан оның май тиген еріндері піскен шиедей жылтырап тұрған. Одан херес пен флердоранж иісі шығады. Жіңішке жаңа ғана вагоннан шыққандықтан үстіне шамадандар, түйіншектер, қатырма қағаздар арқалап алған еді. Одан ветчина мен кофе тұнбасының иісі шығады. Жіңішкенің сыртынан ашаң жүзді әйелі мен ұзын бойлы, көзі сығырайған гимназист баласы қарап тұр. Жуан жіңішкені көріп:

— Порфирий! Сенбісің? Жарқыным-ау! Көріспегелі қанша заман! — деп дауыстап жіберді.

— Құдай-ау! — деп таңырқады жіңішке. — Миша! Бала жастан бірге өскен досым! Өзің қайдан жүрсің?

Достар үш қайтара сүйісіп алды да, жасқа толы көздерін бірінен-бірі алмай қарап қалды. Екеуі де естері кетіп елжіресті.

Сүйісіп болғаннан кейін жіңішке сөз бастады: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Колхоздан келген қонақ


Есіл оянысымен көзін уқалай түрегеліп, бұрыштағы бала кереуетіне қараса, түнде онымен «жақсы түс көр» айтысып ажырасқан бұйра бас сары қыздың қарасы да жоқ. Көрпе-жастық кешегі күндізгі салтанатында тап-тұйнақтай жиюлы тұр. Есіл шифоньер айнасының алдында шашын өрігі тұрған анасынан:

— Мама, Зина қайда? — деп сұрады.

— Зина балалар бақшасына кетті.

— Қашан кетті?

— Әлгінде, сен ұйықтап жатқанда тұрып кетті.

Бұл хабар Есілге тым жайсыз әсер етті. Ол әлі де ұйқы табы айықпай, құрыстаныңқырап тұрған қабағын шыта түсіп, жабырқау кейіпте отырып қалды. Осы кезде мамасы:

— Ұйқың қанса, түрегел. Киін, — деп еді. Есіл мұны естімегендей, өз уайымын айтып жауап қатты:

— Мен енді кіммен ойнаймын?

— Түрегел. Аулада сен ойнайтын бала табылады.

Есіл тұрып, киіне бастады. Ол мамасымен екеуі Алматыға кеше кешқұрым келген болатын. Мамасы бұдан бұрын да мұнда талай келіп-кетіп жүрген адам. Ал Есіл болса бірінші рет.

Зинамен ол кеше теп-тез үйірсектеніп, екеуі бүкіл кешті тату ойнап, қызықты өткізіп еді. Енді сол серігі ұзақ күнге қасында болмайтынын білген соң Есіл қалай уайымдамасын. Мұндағы балалардан ол басқа ешкімді де танымайды ғой.

Шай үстінде де Есілдің қабағы ашыла қоймады. Мамасы оның көңілім сергітпекші болып:

— Мына әжең сені көшеге алып шығып, қала аралатып көрсетеді. Трамвайға мінгізеді,— деді.

— Ал сен ше? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мен қазақ қыздарына қайран қалам


Қыз бала — ұлт ұйытқысы, болашақ ана, аяулы жар. Бұл ұғым “қазақ” атауы дүниеге келгеннен күні бүгінге дейін аманат есебінде қалыптасып келеді. Дегенмен, осы арулар шын мəнінде саналы ұрпақ қалыптастырып, бір қазақ үйінің «отымен кіріп, күлімен шығып отыр ма?» деген сауал туындайды. Осы тұрғыда қыздарымыздың өзге ұлт азаматының етегіне жармасып, өзге ел табалдырығын аттауы жиілеп барады. Қаракөздеріміздің шетел азаматтарымен шаңырақ көтеруі өзекті мəселе десек, қателеспейміз.

Қазіргі таңда еліміздегі əр 100% некенің 20%-ы аралас неке болып табылады. Бұған не себеп? Ең бірінші ойға келетіні — қомақты қаражат, «бақ» қонған заңғар үй. Иə, көбінесе қыздардың басым көпшілігі байлықтың көзіне құмартқандықтан, осы əрекетке барады. «Бұл топқа көбінесе тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар жатады»,-дейді психолог мамандар. Екіншіден, өзге елдің тілін біліп, «Болашақпен» білім шыңына қол жеткізуді мақсат тұтқан «тыңдаушылар»(студенттер) Алғашқыда олар алпауыт елге арман қуалап кетсе де, кейіннен жаңа ортаға бейімделген соң, мəңгілік сол елді тұрақ етуді көздейді(бір себеп: онда айлық табыс біздікінен 10 есе жоғары). Үшіншіден, қазақ жігітінен қатты көңілі қалған бойжеткендер. Олар жігіт атаулыға «кек» қайтаруды көздеп, тұрмыс құрады. Бұл санаттағылардың легі 18-ді өткеріп, оң-солын бес саусақтай таныған қыз-келіншектер. Бірақ, бақ қуалап кеткендердің барлығы дерлік көздегендеріне жете бермейді. Өзгенің қара қасқа иттері “қорғансыздың күйін” кештіріп, қайтып келген қыздардың да саны жетерлік. Бұл дегеніміз, бір қыз шетелге күйеуге шықса, мың қыз түс көргенмен тең (көпке топырақ шашқаным емес)… .....
Әңгімелер
Толық
0 0