Ертеде Мұстақым деген бай болыпты. Оның еркек баласы болмапты. Он бес жасар әйел баласы болыпты. Байдың байлығы сондай асқан, басқа түгіл патшаға да жеткен. Бай сапарға бір шыққанда отыз қоспен шығады екен. Бір-бір қоста отыз мың сом сауда істейді екен. Күндердің күнінде көп жолдастары бар отыз қоспен саудаға шығыпты. Түстік жерге барып қоныпты. Түсте екі малшысы суға бара жатқанда қалың шөптің арасынан бір адамның қу басын көріпті. Ол қу басқа қараса, екі көзінің ішінен екі көк шөп шыққан. Әлгі екі малшы тамашалап, «қалай шыққан» деп қарап, су алып қайта қайтқанда басты айналдырып......
Ертеде Кішмүр шаһарында бір патша болған. Аты белгісіз патша халқына әділ, ғаріп-мүсәпірлерге көп қарасатын болған. Бірақ патша өзі баласыз болған. Патша өзінің сарайында бірнеше уәзірлерімен мәжіліс құрып отырғанда, борышы басынан асқан, сол борыштан қысылып жанталасқан, әр түрлі кемшіліктің бәрі де өз басында, үсті-басы алба-жұлба жыртық бір қайыршы кіріп келді. Патша отыр еді мәжіліс құрып, Үстіне сол мүсәпір келді кіріп.......
Бұл бір қыздың туған күнінде болған еді. Әлгінде ғана дастарқан басынан тұрып, өзара сөйлесіп тұрған ұлдардың жанына осы үйге әлдеқандай туыстығы бар орта жастардағы медбике әйел жақындады. "Осы сол қара бала сендермен бірге оқыған, иә?" - деді медбике әйел ұлдарға сұрақ қойып. "Иә", - деді жігіттер.
Медбике әйел басын шайқады.
- Сол бала ауыр жарақат алғанда, аудандық ауруханаға мен алып барған едім ғой. Сонда жол бойы маған жалғыз ғана сұрақ берумен болды. "Апа, мен енді солдат бола аламын ба?! Айтшы, апа, мен енді солдат бола аламын ба?!" дей берді. Егіліп кеттім. Сол нәрсе менің қолымда тұрғандай сұрады. "Боласың! Неге болмайды екенсің?! - деймін. - Әлі-ақ жарақатыңнан жазылып та кетесің. Солдат та боласың!" "Өтірік айтып тұрған жоқсың ба, апа?! Солдат болуға мен енді жараймын ба?!" деп ышқынды бала. .....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. ....
Ертеде бір хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болыпты. Хан да, ханның бас уәзірі де көпке дейін бала көрмей жүріп, бір күні екеуінің қатыны да ұл тауыпты. Хан баласының атын Хасен, уәзірі Ахметбек қояды. Бұл балаларын туғаннан бірге тәрбиелейді, оқытады. Он бес жасында екеуі де үлкен ғалым болады. Бір күні кітаптан бір ханның қызының жазғанын көреді. Онда былай депті:
«Пәленше жерде, пәлен шаһарда, пәлен деген ханның қызының бір......
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады: Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»). әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»). Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.....
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп......
Күн ұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай тынып басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде. Күн батып бара жатыр. Батар күннің сәулесі қызарып шашырап, дөңес жерлер қарауытып, қабағын жауып түнеріп тұр. Күншығыс жақтан құшағын жайып кележатқан қою қараңғылық — жапан даланы ұзатпай бүркейін деп тұрған сияқты.
Дала бос. Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып тақырланған жер жүректі тартпайды. Жүрек әлденені іздеген секілді. Қызықты жаздың құлпырған жерін жоғалтқан секілді. Мынау жол жанында жатқан кішкене шалшық су — бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап ұйысып жатқан көгал еді. Енді таздың басындай аламыштанып, ұйысқан шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Мына түріне қарағанда бұған көгорай шалғын бітті, кемерінен асып суы шалқыды деп кім айтар?
Күн бата Ырысбайдың белесіне жалғыз атты қақпалап; қорапсыз арбаға мінгесе мінген екі адам тырмысып келе жатыр. Жеккен аты арық, көтеремге шалдыққан малша, сүйектері ыржыңдап түр. Барынша шабан, шыбыртқы тисе бар денесін салып жіберіп, солқылдап жортқан болып, кішкене жүргесін тағы аяңдай бастайды. Арбаны қиқая бір жақ иығымен тартып, бір көзін айдаушының шыбыртқысынан айырмайтын сияқтанады. Шыбыртқы көтеріле бергеңде-ақ аз қымсынып жүре бастайды. .....
Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді.
Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен белгісіздік жылдары да көлеңкесін түсіре алмады. Ақын Шәкәрім есімі ақталғаннан кейін көзі тірісінде иеленген өзінің тарихи тағына қайта жайғасты. Бұл тұста оны кейбір қалам ұстағандар: «Шәкәрім ә, дегеннен – ақ не жазса да өзінше жазған, тіпті ақын ретінде қалың қауым Абай екеуін қатар таныған»,- десе , енді бірі Шәкәрімнің алғашқы өлеңдерінен Абайдың тіл мәдениеті, сөз үлгісі анық байқалатынын айтады.
Күні кешеге дейін кеңестік кезең қалыптастырған бір ізділіктен арылып, Абай және оның ізін ала шыққан ақындардың шығармашылығы төңірегінде пікірдің сан алуандығы қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл, біздіңше, аз олжа емес. .....