Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Олар менің есімде


Мен Ленинград финанс академиясының жанындағы мамандық жетілдіру курсын аяқтағаннан кейін, СССР өнеркәсіп банкінің Алматыдағы қазақ конторында экономист-консультант болып қызмет атқардым.

1935 жылдың ноябрінде Орта Азия Соғыс Округінің Ташкенттегі машықтандыру орталығына запастағы командирлер шақырылды. Соған келгендердің ішінде мен де болдым. Біздің топтың командирі орта бойлы, арықша келген, ойлы қоңыр көзді, сопақ бет полковник Павел Вахалов болды. Екі "Қызыл Ту" орденді, азамат соғысында эскадронның алғыр командирі болған кісі еді ол. Павел Вахалов сияқты қос орденді командирлер ол кездерде бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда үшеу-ақ еді. Қалған екеуі полковник И.В.Панфилов пен қазақ азаматы Жармұхамедов қана болатын.

Біздің жиынның екінші тобына сабырлы, қарапайым, сұңғақ бойлы сары кісі — майор Степан Чистяков басшылық етті. Ол бұрын атқыштар батальонының командирі болған екен.

Азамат соғысынан алған ауыр жарақаттың салдарынан Павел Вахалов сылти басып жүретін. Ол — қызу қанды, жылдам кісі. Әдетте аяғының кемістігін ұмытып кетіп, бізге сап түзеудің жолдарын, қару ұстаудың тәсілдерін, гимнастикалық жабдықтарда жаттығудың әдістерін, кедергіні алу амалдарын өзі қызбалықпен құмарлана көрсетуші еді. Мүгедектің аты — мүгедек қой. Атты әскердің әдеттегі дәстүр сабаздығын сақтап, ол жаттығуларды қаншама ынтасымен көрсетсе де, кемістіктің аты — кемшілік екенін көрсетіп тұратын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Жұмбақ әзіл


Джейн Хелиер таныстыруын аяқтай келіп: «Ал мына кісі... Мисс Марпл болады!» — деді.

Актрисаның аты актриса емес пе, ол көкейіндегісін көздеген жеріне тигізіп, сөзінің соңын көтеріңкі, салтанатты дауыспен аяқтады. Шындығында үнінде толқу мен салтанатты шаттық бар еді.

Өкінішке орай, соншама жар салып, ауыз толтыра мақтағаны нәзік келген қарапайым, жасы егде тартқан кәрі қыз болып шықты.

Джейн арқылы әлгінде ғана жаңағы әйелмен танысқан қыз бен жігіттің көздерінен көңілдері толмаған қомсыну мен толқу сезіледі. Екеуі де келбетті. Қыз, Чармиан Страунд, қараторының мүсіндісі де, жігіті, Эдвард Росситер, ақ сары шашты, жылы шырайлы еңгезердей жас екен.

Чармиан ентігін баса алмай: «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын»,— деді. Бірақ көзінен күдік байқалады. Ол Джейн Хелиерге мұның қалай дегендей бір қарай қойды.

— Қымбаттым-ау,— деді Джейн әлгіге жауап ретінде,— бұл өте тамаша кісі, бәрін сол кісіге сеніп тапсыp. Осы жерге алып келемін деп едім ғой саған, айтқанымды орындадым. Енді ол Мисс Марплға бұрылып: «Бұлардың. шаруасын реттейсіз, оны білемін. Бұл сізге түкке де тұрмайды»,— деді.

Мисс Марпл жайдары көкшіл көзін Росситерге қадап: «Қандай шаруа еді? Құлағым сізде»,— деді.

— Джейн біздің досымыз,— деп Чармиан шыдамсыздана әңгімеге кірісіп кетті.— Эдвард екеуміз тұйыққа тіреліп қалдық. Джейн «қонаққа келсеңдер бір кісімен таныстырамын, ол кісі... былай... деген соң...» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сисекенов Нұрболат | Амонашвилидің Рука водящая еңбегіне оқырманнан пікір

Ш.А. Амонашвилидің «Рука водяшая» еңбегіне оқырманнан

Пікір

Бұл шығармада автор өмірден өз орнын таба алмай жүрген, өмір сүру керек пе, оның маңызы қандай деген сұраққа жауап таба алмай жүрген кейіпкер Алексей Александрович туралы баяндайды. Шығарма басталғанда, өзі жетім, ата – анасынан ерте айрылған, өзінің жазғы демалысын, өмірлік естеліктерін екі жүз беттік қалың дәптерген түсіріп отырған тіл мен әдебиет факультетінің 4 - курс студенті жайында өрбиді. Осыдан үш жыл бұрын қала сыртындағы мектепке қызметке орналасады. Ол мектепке ұстаздық қызмет үшін емес, жай күнкөріс, күзетші болу үшін барады. Оны қарсы алған, білімінен поэзияға жақын екенін түсінген мектеп директоры оны бірінші сыныптың мұғалімі етіп бекітеді. Алғашында келіспеген Алексей мұғалім мамандығын қаламай тұрса да, өзінің оқушыларын жақсы көреді. Міне, қазір өзі төртінші курс студенті болса, оқушылары бастауыш сыныпты аяқтағалы жатыр. Алексей Александрович өзі интернатта, мектепте көрген қиыншылықтарын, мұғалімдердің кемсітуін барлығын есіне ала отырып, жүрегіне оқушыларына деген жылы сезім ұялап, оларды жақсы көріп бар көңілін оқушыларына арнайды. Өзі көрген қиыншылықтарды оқушылары көрмес үшін аянбай еңбек етеді. Осылайша, мектептегі басқа бірінші сыныптардан алға озып барлық оқу бағдарламаларын өтіп шығады. Оқушылардың көңілін аулап, оларды жақсы көрген Алексей оқушыларға енді не істейміз деп сұрақ қойып отырады. Оқушыларын Достаевскийдің еңбегімен таныстырады. Оқушылар оны тез түсініп алып, ұстазына университеттің төртінші курс студенттері оқитын курсты беруін өтінеді. Оқушылардың қалауымен оқу жылының соңғы үш аптасында оқушыларға үйретеді. Соңғы, бастауыш сыныппен қоштасар сәтте оқушылар өз қалауларымен университет курсынан сынақты сүрінбей тапсырып, барлық мектепті таңқалдырады. Бірақ, Алексей Александрович болса, бұл өзінің мамандығы еместігін, мұғалім болғысы келмейтінін айтып мектептен кетуге арыз жазады. Бірақ, оған директор келіспей, қол қоймайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сенім

Сан-Франциско қаласы. Мектеп директоры 3 мұғалімді кабинетіне шақырып:

— Құрметті ұстаздар, сіздерді осы мектептің ең таңдаулы және ең үздік шығармашыл ұстаздары деп сіздерге жауапкершілігі зор жүк артпақпыз. Мектебіміздің ең үздік, ең ақылды деген 90 оқушысын келер жылға дейін жақсылап оқытып үйретуге тапсырма бермекпіз. Оларға білмегендерін үйретіп, амалдарды жылдам орындауға дағдыландырады, деген сенімдеміз,- дейді. Сөйтіп, ұстаздар мен оқушылар, оқушылардың ата-аналары да бұл ұсынысқа қуана-қуана келіседі. Осылайша қызу оқу жылы басталып, соңы табысты да жемісті жылға айналады. Оқу жылы аяқталғанда бұл мектеп оқушылары Сан-Франциско қаласындағы үлгерімі мен білім сапасы жөнінен басқа мектеп оқушыларын басып озып, үздік нәтижелерге қол жеткізеді. Сонда директор тапсырма берген 3 мұғалімді шақырып алып, былай дейді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мен және сен

Жақсы көру деген бір ұлы қасиет бар. Бұл сезім әйел адам мен ер адам арасында пайда болады. «Махаббат, жақсы көру дегеніміз не?» деген сұрақты қойсақ барлығы өзгеше етіп айтып берер еді. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын (адамзатты) жақсы көру. Және жеке біреуді жақсы көру, сол адам үшін барлық жақсылық жасау, қолымыздағын беру шынайы махаббат сезімі болса керек. Бала дүниеге келгенде ата-анасының махаббатына бөленеді. Есейгенде бір адамды кездестіреді, ғашық болады, кейде жүрегін жаралайтын сезімге дұшар болады. Махаббат әрі мейірімді, әрі қатал болып келеді. Кейде адам ғашық екенін сезбей де қалады. Немесе жауапсыз (безответная) махаббат сезіміне дұшар болады. Махаббат сезімі мыңдаған адамдардың жүрегін жаралаған, қаншама адам махаббат үшін күресте өмірімен қоштасқан (әдеби шығармалар, тарихи оқиғаларға сүйенсек). Бірақ, сонда да, махаббат туралы айтылған әндер, даналар сөзі, мақалдар, өлеңдер т.б. көп кездеседі. Қаншама атақты жазушылар бұл нәзік сезім туралы өлеңдер жазған десеңізші.

….. Біз өмірімізде әр түрлі адамдарды кездестіреміз. Балалық шағымызда тіпті балабақшада жүргенде біреуіне ғашық болып қаламыз. Есейгенде біздің бір адамға сүйіспеншілігіміз пайда болады, кейнірек болса арта түседі. Өмірімдегі жалғызымды таптым деп ойлаймыз, кейде қателесуіміз де мүмкін. Біреулер бір көргеннен ғашық болса, екіншілерге біршама уақыт керек болады. Басқалар болса өзінің махаббатын тым кеш кездестіреді. «Махаббат адам жасына қарамайды» - деп бекер айтпаған болса керек. Кейде жасы жеткен адамдар арасындағы нәзік сезімге күә боламыз. Киноларда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал өмірімізде солай бола ма? Біздің өміріміз құпия мен сырларға, күтілмеген жағдайларға толы болады ғой...

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жиренше шешеннің аңыздары

Жиренше

Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:

— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.

Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:

— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, ханымға береді.

— Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Алтын теңге

Өз жолына түсіп алып сүрлеу соқпағымен кіп-кішкентай Құмырсқа келе жатыр еді, кенет алдынан пенде шыға келді. Пенде Құмырсқаны бір-ақ мыжып өлтіре салсам ба екен деп ойлады. Сол оймен пенденің дәп-дәу бәтеңке киген аяғы көтеріліп келе жатыр еді, осы кезде Құмырсқа:

- Ей, пенде, тұра тұр! Айтатыным бар, - деді.

- Не айтайын деп едің? - деді пенде Құмырсқаға сайқымазақ дауыспен. Сөйтті де, өзі жүресінен отыра қалды: - Ал айт, айтатыныңды! Әйтпесе, мыжи салам!

- Жақсылық жаса, - деді Құмырсқа.

Пенде Құмырсқаның сөзіне күйіп-пісті:

- Сол ма айтайын дегенің?! Сол да жаңалығы бар сөз бе?!

- Жақсылық жасасаң, өзіңе пайдасы тиеді, - деді Құмырсқа. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Түсік


Түлен түртті пендені...

Түсінде түсік көрді. Түсік — түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.

Жүзіп жүрген мекені — жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды.

“Япыр-ау! Баяғыда бұған тіршілік суда пайда болды деуші еді, сол рас болғаны да... Пенде де көлкіген көгілдір дүниеде жаратылады екен-ау!” деген бір сұм ой орала кетті. Денесіндей жіңішке, шағын емес, алдымен пайда болған жұп-жұмыр, жуан басына келген түсініксіз ойдан түсік селк ете түсті. “Астапыралла! Өзің кеше гөр, жаратушы ием! Мұндай мұндар ой қайдан ғана келеді, осы?! Осындай орнықсыз жерде... О, күнәһар!” деп өз-өзін жазғырып та қойды.

Әлгінде ғана адам еді.Түсік емес еді. Бауырымен жүзбей, аяғымен жорғалап жүрген: жер бетінде, күн өтінде... Енді мына бір көлкіген көгілдір әлемге тап болды. Не күн жоқ. Не ай жоқ. Не бір жұлдыз. Торғындай жұмсақ бірақ. Жанға жайлы, тәнге майлы. Емін-еркін жүзе бер, жүзе бер.

Түсікке айналған адам көк теңіздей көлкіген әлемде армансыз жүзе берді. Алаңсыз жүзіп жүріп: “Әлгінде ғана адам едім. Неге түсікке айналдым? — деген оқыс ойға тағы келді. — Ал енді, саптан қапқа тамып түсер тамшыдан емес, бірден адамнан айналған түсікті жайлы жатыры жатырқап, жатсынып қалса қайтеді?! Онда тұқымының тұздай құрығаны – жатсынған жатыр сылып тастағаны”.

Түсік дір ете түсті...

Құрсақ та кенет қуықтай қусырылып, жыландай жиырылып жазылды. Сонда ғана түсік ұлы қауіпті сезінді. Жатыр жатсынса, мұны бойға біткен арам без ретінде сылып тастайды екен. Ал арамның аты да, заты да арам. Бұл бірақ арам ба? Бұл адам еді ғой.

Адам еді...

* * *

Жатырдағы жұмбақ әлемде емес, жарығы мол жұмақ әлемде жүргенде ұрынды ғой бұл. Ұрынды. “Түсік” деген қол-аяғы жоқ домалақ пәлеге сонда жолықты.

Түсік түлкі бұлаңмен өткенін шолды...

Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?.. Құба күндер, құла түндер сынаптай сырғыды......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балапан торғай

Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының дәл астындағы шарбақ ағаш сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгіргенше, балапан торғай жөндалбаса ұша жөнелді.

Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Кешенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талып, әрең жетіп қонды. Жүрен кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты.

Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап кетті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды.

Балапан торғай ұша жөнелді...

Жантас балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп, әлсіреген балапанда көтеріліп ұшуға енді хал де қалмады.

Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап «Аяшы!» Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етті. Бірақ без бүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады.

Кенет Жантастың арт жағынан:

— Әй, о немене? — деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқаны да тимесе, онда бас салып, Қожадан бұрын оны ұстап алмақ......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Тым балажандық

Ата-ананың ең үлкен уайымы, ең негізгі мақсаты баласын ең жақсы түрде жетілдіру болып табылады. Бірақ кейде жақсылық жасайын деп отырып зиян тигізуі де мүмкін. Бұған мысал ретінде «Кезінде біз көрмедік осылар көрсін, біз қиналдық осылар қиналмасын» деген көзқарастағы тым қорғаушыл, тым балажан, баланың сұрағанын дереу орындап, шектеу, қағида қоймай, баланы еркін жіберетін ата-аналарды атауға болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0