Әңгіме: Джек Лондон | Сэмюэл


Маргарет Хэнен жүрген жерінде көзге түсе кететін ірі түлғалы кісі екен, солай болса да алғаш рет көргенімде мен таңырқай қалдым: ол бүткіл бір центнер қанар қап астықты арбадан иығына алып ұрып, қамбаға қарай адуындай бет алып, тіп-тік басқышқа барып жеткенде ғана кідіріп тыныс алды. Бұл кемпірдің толқымастан, ауытқымастан өр күшпен, төрт басқыштың бірінен соң біріне көтерілгеніне сүйсінгенімнен мынау ауыр күштің астында екі бүктетілген тарамыс тұлғаның діңкесі құрып, иығындағы дәу қапты тастап жібереді-ау деген ойымның қайда кеткенін сезбей де қалыппын. Осынша ұлан-асыр күшті көріп, кеудіреген кемпірден көзімді ала алмай, арбаның қасында қалтардым да қалдым.

Астық толы ауыр қапты арқалап, арба мен сарайдың арасына алты рет қатынады, саусыз ба дегені болмаса, мені елең қылған жоқ. Арбадан жүгін түсіріп болып, қалтасынан оттығын алып, молтақ трубкасын тұтатты да, күс-қүс бармағымен темекінің қызыл шоғын басып-басып қойды. Қолына қарасам: сап-сары, ісініп кеткен, буындары буылтық-буылтық, қара жұмыстан тырнақтары мүжіліп, алақанын күс басқан, тілім-тілім, қайсыбір жерінен ырсиып жаңа жара көрінеді — әдетте ауыр жұмыста жүрген еркектің қолы осындай болатын. Қолының бадырайған тамыры қара жұмыстың азабын көп тартқанын, жасының келіп қалғанын аңғартады. Мынау қолына қарап тұрып оның бір кезде Мак-Гилл аралында айтулы сұм болғанына ешкім де сенбес еді. Анығында мұны мен кейін барып білдім. Тап бұл күні қарияның өзі де, өмір тарихы да маған мәлімсіз-ді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Үйлену

Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан, ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып, өзгеше жарқырап, шақырайып тұр. Күшті жарығы қаратам көзді ұялтып, еріксіз жұмғызғандай. Күн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең - зең қылып әлсіреткендей. Бірқалыпта айнымай шыжып тұрған ыстық ауада анда - санда болымсыз ыстық леп білінсе, адам қомағайланып, сол тынышты салқынға қарай бойын созып, бетін төсеп еріксіз ұмтылғандай болады.

Бұл уақытта азғана тыныштық табылса, жалғыз ғана үй ішінен табылғандай. Әсіресе салқыны көп — үлкен ақ үйлер. Есігі түрулі, түңлігін еңкейтіп, терісінен ашқан үлкен үйлерге кіргенде ғана дене аз тыныштық алғандай болады. Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды, жерді қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында, сары даланың шетінен жотасы көрініп, иректеліп, созылып жатқан Көктау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Кей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне - бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады. Өзен осы адырды кенерлеп, таумен бірге айырылып ағады. Сары дала, сары адырдың арасындағы жіңішке өзен екі жағасындағы көк жиектенген шалғынымен, жағалай қонған ақ ауыл жыбырлаған неше түлік малымен, әр жерден бұраңдап аспанға шығып жатқан көкшіл түтінімен бірқалыпты дүниенің ажарын, ашып, сырт көзге көркейтіп тұрғандай. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы — Байбосын қажының ауылы. Бұл ауыл өзгелерден артығырақ күй іздегендей, өзеннің суы жалпақ шалғыны мол жеріне қонған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Ұстазым сені көргенде,
Қуанып кеттім бірдемде,
Әліппемді ұстадым
Білім берген күніңде!
Біліміңді үйрендім,
Бәрін біліп алдым мен
Бәрін біліп әрдайым
Ұстазымның күнінде.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ

Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар. Мысалы. оларды бүгінгі таңға орайластыра шартты түрде жіктесек:
1) отбасы болуға дайындық және ұрық тазалығы;
2) Ана құрсағындағы тоғыз ай;
3) Бесіктің тәрбиелік мәні;
4) Балбөбек кезеңі;
5) Балабақша тәрбиесі;
6) Бастауыш мектеп кезеңі;
7) Орта білім беру және кәмелеттік кезең болып шығады.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді.
Міне, баланың жан тәрбиесі, оның құрамындағы 12 арна (түйсік, ұят, сүю, зерде, қабілет, жігер, мінез) осы кездерден бастап қалыптаса бастайды да, одан кейін барып сыртқы бес мінез қосылады. Ал егер адамда жоғарыдағы жеті арнаның бірі болмаса тәрбие кетік болып қалады.
Өмірге ұрпақ әкелуге алдын-ала дайындық жасамаған, сондай дайындықтан өтпеген адамдар өмірге дертті ұрпақ әкеледі. Бұл дегеніңіз кешірілмейтін күнә болмақ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Өліп тірілген қыз

Бір жарлы шал болыпты. Оның бір ұл, бір қызы болыпты. Ұлы мен қызы он жеті-он сегіз жасқа келгенде шалдың кемпірі қайтыс болыпты. Кемпірі қайтыс болған шал қолыңдағы бірлі-жарым ірі қарасы мен жиырма шақты ұсағын беріп, өзі сияқты бір кедейдің жалғыз қызына баласын үйлендіріпті. Шалдың келіні асқан сұлу болыпты. Үйленген соң көп кешікпей шалдың ұлы қайтыс болыпты да келіні жесір қалыпты. Шал келіні мен қызын асырап отыра беріпті. Келіні басқаға тұрмысқа шықпапты.

Күндерде бір күн шалдың үйіне үш кісі келіп қонады. Оның бірі қарапайым киім киіп, ел арасына сейілге шығып жүрген басқа бір елдің ханы екен. Оның көзі шалдың сұлу келініне түседі де:

— Мына келініңе құда түскім келеді, қалыңды мол берейін, маған бер, – деп шалға қолқа салады. Сонда шалдың келіні:

— Мен атама ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып отырмын. Маған үйленем десең, малдың керегі жоқ, атам мен қайын сіңілім......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жарылыс жаңғырығы

Семей полигоны. Ондағы жарылыстар туралы соңғы жылдары аз айтылып жүрген жоқ. Полигон төңірегінде болған әрқилы демонстрациялар, телемарафондар, ең ақыры астанамыз Алматыда «әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» конгресі дүние жүзінің ақ жүректі адал жанды азаматтарын мазасыздандырған ғасыр қаруының қаншалықты қатерлі күшке ие екендігін айқын аңғартса керек. Алайда соған қарамастан, полигон төңірегінде күні бүгінге дейін бірін – бір қарама – қайшы екі ұдай пікір қалыптасып отыр. Оның шырқаған шындығы қайсы? Осыны әлі күнге дейін басын ашып, ажырата алмай жүргендер аз емес.

Ал оған одақтық, мерзімді баспасөз беттерінде, радио, теледидар арқылы берілген кейбір ғалымдар мен журналистердің өзара сұхбаттары да аз себеп болып отырған жоқ. Тіпті олардың кейбірі жарылыс әуеде және жер үстінде ядролық – сынақтар жасалған 1949 – 1963 жылдарда атом сәулесіне ұшыраған адамдар жайлы дерек ешқайда сақталмаған, ондай болған күннің өзінде, ол шамалы болғанға ұқсамайды деген уәж айтады. Ал бұл байламмен полигон төңірегінде туып, ержеткен, осында өмір сүріп, еңбек еткен кез – келген адамның келісе алмасы хақ. Өйткені, өткен – кеткенді ой безбенінде саралай келіп, жарылыс зардабы .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Мұғалім

Білім беріп бүлдіршінге
Мұғалімім жан сырым
Тәртібіме қатал қарап,
Жақсы білім алсын деп,
Жылылық төккен шәкіртіне
Мықты тұлға болсын деп!
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттар арасындағы достық неден басталады? М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттар арасындағы достық неден басталады?М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді)
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Эссе құрылымын сақтай отырып, эссе жазуға дағдыландыру.
Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана білуге үйрету.
Барлық оқушылар:
Үзіндісінің мазмұнын түсінеді. Лексикалық минимумды орынды қолданып, эссе жазады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі.
Көптеген оқушылар:
Эссе құрылымын сақтап жазады. Адамды, бір оқиғаны сипаттап жазады. Эссе жазуда болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Үзіндіден аргументтер келтіре отырып, оқиғаны сипаттап эссе жазады. Мәселеге өз көзқарасын білдіріп, баға бере алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Василий Шукшин | Микроскоп

Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:

— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.

Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.

— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:

— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.

— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..

Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...

— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..

— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.

— Әкел қолыңды, уәде ме!

— Шама-шарқың белгілі, қисық тұмсығым! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқан Иманжанов | Адам туралы аңыз

«Адам — ардақты ат».

Максим Горький

1

— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын терең сезімді тербете жырлар едім, достым! Адам бойындағы ерлік пен ізгілікті мадақтауға не жетеді!

— Біз сені үй салуды ғана үйренген қарапайым инженер ме десек, өзің үлкен романтик екенсің ғой, Бәкен,— деді құрылыс бастығы Петров, өткір қара көзімен алысты шолып, тотыққан қара торы бетінде қанатты ойдың елесі ойнаған жас инженерді арқаға қағып.

— Қалжың өз алдына, Николай Иванович. Көз салыңызшы төңірекке. Зәулім үй, сәулетті қала алақаныңыздың аясында тұрған жоқ па! Осыдан екі жыл бұрын сіз бен біз қайда кездесіп едік. Есіңізде ме, бірінші рет қол алысып төңірекке көз салғанда, қаусаған қаланы, бұзылған үйлерді, жалын жалап кеткен құр қабырғаларды көрмеп пе едік. Менің бір жолдасым: «Біздің еліміз ерлердің елі, әр күніміз — ұлы жорық» деуші еді. Өмірдегі қарапайым адамдардың ерлік ісін көргенде, осы сөз есіме түседі. Біздің өмірдің әр минутты бір дастан сияқты. Мынау үйдің әр кірпішінде дауыстап айтылмаған терең сыр жатқандай көрінеді маған... .....
Әңгімелер
Толық
0 0