Ертегі: Қорқау шал

Бір қорқау кісі болыпты. Ол үйленгеннен кейін әйелі бір ұл тауыпты, тұңғышынан кейінгі баласын «шыр» етіп жерге түскенде-ақ әкесі даяр отырады екен де, өзі жеп қояды екен.

Сөйтіп ол жеті баласын жеп қойыпты. Әйелі тоғызыншы балаға жүкті болады. Жалғыз ұлы әкесінің өз балаларын жеп қоятынын білген соң ендігі бауырын аман алып қалуды ойластырады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жылан қабықты жігіт

Баяғыда бір кедей шал мен кемпір болыпты. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал мен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде, шалдың кемпірі айдаһардың етіне жерік болыпты. Шал айдаһарды іздеп келе жатса, бір шаң көрінеді. Жақындаса, қара айдаһар мен сары айдаһар арбасып-алысып жатыр екен. Қара айдаһар сары айдаһарды өлтіреді. Шал өлген айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерігі......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Құндыз апай ақылыңды
Жаттап өстім сөзіңді
Мейлі күндер, жылдар өтсін
Ұмытпаймын өзіңді.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Самарқан хан

Ерте заманда аңшылықпен күнін көрген бір кемпір мен шал болыпты. Бірақ өмір бойы бір перзентке зар болып жүріпті. Күндерде бір күн кемпір жүкті болып, қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті болыпты. Бұл жолы ер бала туыпты. Сөйтіп, кемпір-шал баласының атын Самарқан қойыпты. Міне, осымен Самарқан өсіп, ержете бастайды. Әке-шешесі оны жанындай жақсы көреді. Ол бала өскен сайын ақылды болады. Неше түрлі өнер шығарады. Жасы толғаннан......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жазасын тартқан қу

Бір ханның бас уәзірі ханына өте сенімді болыпты. Не жұмысы болса да сол уәзір бітіреді екен. Хан бұйрығының қалай орындалғанын да сол тексереді екен.

Өзге уәзірлер оны көре алмай, әсіресе екінші уәзір бас уәзірі өзі болғысы келіп, бас уәзірді қалай да өлтірмек болады. Бас уәзірді әр айда ханға жамандайды екен, бірақ хан көпке шейін нанбаған. Бір күні екінші уәзірі ханға келіп:

— Бас уәзірдің жұқпалы бір дерті бар, қасына жанасқан......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Сәбиге өмір сыйлаған құдірет

Ерте заманда бір патша өмір сүріпті. Патшаның қисапсыз байлығы болса да, үнемі қабағының астынан бір мұң бары байқалып тұрады екен. Сөйтсе, әлгі патшаның перзенті болмапты. Патша қапаланып, қайғырып жүргенінде, бір күні жұбайы жыланның тіліне жерік екенін айтыпты. Осы сөзді қаншама рет Құдайдан жалынып сұраса да, ести алмаған ол жүрегі жарыла қуанып, жар салыпты:
— Егер кімде-кім менің жарлығыма құлақ асып, жарымның жерік асы-жыланның тілін әкеліп берсе,соған жалғыз қарындасымды қосып, өзіме күйеу бала етемін. Бір ескеретін жәйт: ол Сахарадағы жыландар ордасының патшасы атақты Афита-Әбжыланның тілі болуы тиіс, – депті.
«Үмітсіз–сайтан» демекші, байлық пен аса сұлу патша қарындасын алуға қызыққандар Сахараға жол тартыпты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Қыс мезгілі келді,
Қысқы аяз енді.
Алғаш қарлар жауып,
Бізге сәлем берді......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Еліме

Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Алдардың қалыңдық айттыруы. Қудан алдануы.

Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырында тағы бір ел көреді. Елге қарап тұрса:

Қойлар жатыр жусанда,

Түйе жатыр сортаңда.

Жылқы жатыр беткейде,

Ешкі тастан кетпейді.

Алдекең ағып жатқан малды көріп:

«Енді қандай несіп болар екен» деп езу тартып, қарап тұрса, жылқы шетінде жүрген жылқышыны көреді. Елге бару үшін алдымен осыдан жай-мәнісін сұрап білу керек болар деп, жылқышыға келеді. Жылқышыға келіп амандасып, ол-пұлды айтып, қалжыңдап тұрып:

— Бұл кімнің малы, мынау кімнің ауылы? Үлкені кім, ханы кім? Жақсысы кім, жаманы кім? Байы кім, жарлысы кім? — деп сұрау қойып, жылқышыдан елдің барлық сырын біліп алады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қанай мен Жанай

Бұрынғы заманда бір байдың екі ұлы, екі қызы болған екен. Үлкен баласының аты Жанай, кіші баласының аты Қанай екен. Үлкен қызының аты Апан, кіші қызының аты Ұпан екен. Сөз салып, құда түсем деушілерден қарындастарын қызғанған екі ағасы Апан мен Ұпанды елден жасырып, елсіз бір тауда сақтайды.

Күндерден күн өтті. Бір күні екі ағасы аңға кетті. Екі қыз бір көлге келіп, бастарын жуып отырып сырласты: «Осы екі ағамыз бізді өздері алайын деп жүр ме, кісіге бермейді»,– десті......
Ертегілер
Толық
0 0