Әңгіме: Ақмарал Берекетова | Жолың болсын жолаушы


Біз мінген вагон лезде лық толды. Адамның әр түрін көрдік. Әр жақтан мінсек те, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бізбен бірге мектеп оқушылары да мінген болатын. Поезға мінгеннен көзіме алғаш көрінген солар еді. Әңгімелесе келе, олардың қайда, не себеппен бара жатқанын білдім.

Олар дәстүрлі ән айтудан республикалық деңгейдегі жарысқа бара жатыр екен. Күні бойы домбыраларын тастамай, ән айтып, жаттықты. Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің. Дәстүрлі ән – ұлт қазынасы. Осы қанатты сөзді ұранындай көретін жандардың бірі – осылар.

Мен бұл балалардың өнерін көргенде, қатты қуандым. Олардың „91” тобы секілді шетелдік жұлдыздарға еліктемей, елімнің дәстүрлі әнін таңдауы жанымды жадыратты. Айгүл Қосанова, Нұрым Асқановтар сияқты Маңғыстауды әлемге танытатын жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Өнердің өлмейтіндігінің бұл да бір айғағы. Қоңыр домбыраға құс қанатты әуен қондырған әннің болашағы алда да биік. Күй мен әнді кезектестіре тартып, олар бізге де шабыт сыйлады. Олардың түсетін кезі келді. Мен оларға шын жүректен сәттілік тілеп, „Жолың болсын, жолаушы”- деп қала бердім.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Мейірімсіз князь

Ертеде мейірімсіз тәкаппар князь өмір сүріпті.

Оның жатпай-тұрмай бар ойлайтыны жер-жиһанды бір өзім бағындырып, қайтсем ашсам алақанымда; жұмсам жұдырығымда ұстасам деген пиғыл болыпты. Сөйтіп жан-жағындағы көршілес елдерді бірінен кейін бірін басып ала береді, оның әскері жүріп өткен жердің ойран-топыры шығады; егінді таптап, шаруалардың үйлерін өртеді, өрттің қызыл тілі айналасындағылардың бәрін жалмап, ағашты алқаптарды......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Аяулы

Танысу бұрышынан «Алматы» деген сілтемені тауып алды. «Я — парень», «Я ищу девушку», «В возрасте — от 18 до...»

— Өзіммен жастыларға дейін іздейін, үлкендерді қайтемін? — деп тез ойланды да, «до __» деген түйменің тұсына 22 санын енгізе қойды.

«Цель знакомства»... «Для серьезных отношений».

Енді «іздеу» деген нүктені басса болғаны. Жоқ-жоқ, суреттерімен қоса іздеген дұрыс.

Көз алдына самсап шыға келді. Түу, не деген көп! Жымиып қойды Жұмат.

Жұмыс арасындағы осындай бір жан шақырған сәттерде Жұматтың ғаламтор ақтаратын әдеті. Басқа-басқа, Жұмекең сияқты жұмбақ жандарға бұл әлемдік желі рақат болды. Монитор алдында өзінің бұйығы, сабырлы мінезінен түгел көз жазып, батыр, сөйлеуік, айтқыш болып кетеді. Әсіресе, осы танысу бұрышы керемет! Қыз бетіне өздігінен қарай алмайтындар үшін таптырмайтын ермек. Бірақ Жұмат бұған ермек деп қараған емес. Жүрегінің түбінде бір үміт жатыр — танысу бұрыштарынан... өзіне жар тауып алғысы келеді. Сондықтан да осы сайтта — Жұмат айтқыш, Жұмат аңқылдақ.

Бірақ жұрттың бәрі өзіндей ақтарылмайтынын өткен жолы ұғыңқырап қалған. Шашы карэ үлгісінде қиылған әдемі қыздың суреті бірден көз тартты. Жасы жиырма бірде екен. Жұматтың қазақша жазған хатына да тез жауап қатты. Ал бұл желіде қазақша сөйлесетіндер сирек. Сонысымен-ақ жақын тарта түсті сұлу қыз. Аты Жанат екен. Екеуі бір күн бойы жақсы сөйлесті. Бір қараса, Жұмат өзі жайлы барлығын айтып тастапты. Өзінің жалғыз ұл екенін, анасы мен әкесінің ауылда екенін, бұған көп үміт артатынын, солардың сенімін ақтауға тырысатынын... әй, қойшы, шертпеген сыры жоқ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Ақжан батыр

Ертеде бір бай болыпты, малы көп болыпты. Әсіресе, жылқысы сондай көп болыпты. Жылқысының саны алты айғыр үйір болыпты. Жаз өтіп, күз таяғанда, жылқыларды бағу қиынға түседі. Бір жағынан жылқыларға қасқыр тисе, екінші жағынан жылқыны шетінен білдірмей ұрлайтын белгісіз бір ұры пайда болады.

Бай қыстың, таянып келе жатқанын ойлап, қар түскенде жылқыларды далаға бақтыру әрі күнделікті жоғалуын тыю үшін, жылқы бағушы адамды іздеуге кіріседі.

Сол кезде елге аты шыққан жылқышы, әрі батыр, әрі мерген, мал дегенде жалғыз торы аты бар, Ақжан деген кедей бар екен. Ол туралы бай ести сала, Ақжанның.....
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі:
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.
Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Осы курстың міндеттері:
 дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның тарихы, қазіргі кездегі жағдайы және оның дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;
 мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық сипаттама беру;
 арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жүйесін, яғни білім беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілдері мен формаларын ашу;
 мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің жолдарын көрсету;
 дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін ашу;
 балалардың бойында кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
 балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зерттелуінің объективті заңдылықтарын жүзеге асыру;
 аномальды балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін іске асыру;
 аномальды балалардың қоғамдық ортадағы өмірі мен белсенділік ерекшеліктерін зерттеу;
 аномальды балаларды тәрбиелеу жүйесінің даму принциптерін, білім алуын жақсартуды жолға қою;
 арнаулы мектептердегі оқушыларды практикалық белсенділікке даярлау.
Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар:
1. Баланың бас миының дұрыс қызмет жасауы;
2. Баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы;
3. Сезім мүшелерінің сақталып, дұрыс қызмет атқаруы;
4.Балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, мектепте жүйе бойынша оқытылуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Жыл шежіресі

Бұл өзі январь айының аяғында болған оқиға. Өршелене соққан боран өте қорқынышты. Қарлы боран көшелер мен қиылыстарды қуалай соғады. Қар үйлердің терезелерін бітеп тастап, шатырдан түйір-түйірімен сырғи құлап жатыр. Ал жел әрлі-берлі өткен кісілерді қуалай түсуде. Олар бір-бірімен беттесіп, иық қағысып, бірінен-бірі мықтап ұстап бір мезетке аялдағанша зыр жүгіріп, құстай ұшатын. Күймелер мен аттар бейне бір опа жағып алғандай. Жалшылар өз орындарында, күймелерге сырт......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Саша


Павлодар қалалық қонақ үйі әкімшісінің алдында тұрмын. Бұл көзәйнек киген үлкен мұрынды кішкентай сұр кемпір. Қолдан тоқылған ескілеу жүн бөкебаймен арық жіңішке мойнын иегімен тұтастыра орап алған. Менің орын сұраған өтінішіме ол мезі болған қатқыл үнмен: «Орын жоқ», — деп қысқа жауап қайырды.

— Енді қалай ету керек?

Кемпір менің бұл сұрағымды құлағына да ілмеді. Столыпин тартпасынан қысқыш темір алып, бір қағаздардың шетін бекіте бастады. Оның тырысқақ кейпіне іштей ызам келіп тұрса да, биязы үнмен жағына сөйледім: — Кешіріңіз, мен тыңға келген жазушы едім.— Жазушылық кішкентай қоңыр билетімді кемпірдің алдына тостым. Кемпір менің билетіме емес, ажырайған суық көзбен жүзіме қарап:

— Мына отырғандарды көрдіңіз бе! Бәрі тыңға келгендер Әне, бірнеше күннен бері бала-шағасымен дәлізде Иленіп жатқандары бар. Орын болса, әуелі соларды орналастырмас па едім, — деді.

Мен ештеңе дей алмай қалдым. Дәліздің екі өңіріне қойылған диван, орындықтарда шынында да әйел-еркегі аралас он шақты адам түйіншек, чемодандарын төңірегіне үйіп қойып, манаурасып отыр еді. Соларды елеместен киіп-жарып кеп, орын сұрап, жазушылығымды дес еткеніме ыңғайсызданын та қалдым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіптің Қамаралдин хазіретті жоқтауы

Кіші жүз Бөкей елінің ұланы Қамаралдин хазірет Мәшһүр Жүсіптің:

Мерғараб сабақ оқып Көкалдаштан,

Ғылыммен біте қайнап бала жастан.

Бұхарай шәріфте Мәшһүр болып,

Замандас, бастасына болған дастан - деп жазысына қарағанда, әу бастан - ақ аты аңызға айналып, сөзінің мол білімі, биік парасаты арқасында қайда барса да сол ортада ойып орын алғаны байқалады.

Оны Мәшһүр Жүсіптің:

Әуелі келіп тоқтаған Қоңырқұлжа,

Әр жұртқа ғылым шашып, салған жолға (олжа)...

Онан соң тұрған жері - Қыпшақ: Ыбырай,

Ғылымнан артық нәсіп берген құдай.

Советник Тұрлыбектің тірісінде

Неше жыл тұрған мұнда бірнеше ай.

Жиылып сабақ алған Керей біткен,

Атығай, Қарауыл боп құрмет еткен.

Қанжығалы, Қыпшақ пен Қуандыққа,

Он екі пән ғылымнан дін үйреткен, - деген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0