Сабақтың мақсаты : Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері , қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту,баланы зейінді,епті болуға тәрбиелеу. Билигвалдық компоненті : Бағдаршам-светафор.жол белгісі – дорожный знак......
Әкесі елу тоғызға шыққалы бері Адалдың қатты мазасы кетіп жүрді. Әйелінің әр сөзі дұрыс та болса, оған инедей қадалады. Өсіп, алды он беске, арты беске келген үйелмелі-сүйелмелі жеті бала жақындап жанына әкелеп келсе, оларды да маңына жолатпады. Несіне жолатады? Өзін апарып жардан лақтыратын, өзінің ажалы солардың бірінің қолына екенін біле отырып оларды қалай жақсы керуге болады. Әкесі болса бар шаруаны тындырады. Мұның табанына кірген шәңге менің маңдайыма қадалсын дегеннен басқа байқұс шалда не жазық бар еді. Бірақ хан жарлығы солай, «алпысқа келген атаңнан ақыл сұрама!» Бұл ойын біреуге тіс жарып айтуға болмайды, оны зәушайтан біреу-міреу біле қойып жеткізер болса, ертесіне-ақ әлде тура, әлде қайқы қылыш көтерген жасауылдардың жетері хақ. Сонан соң жаның жаһаннамға кетті дей бер. Басың алмадай домалап көкжендет алдында жатады. Міне, жыл тез етіп барады. Енді біраздан кейін Адал әкесімен біржола қоштасады. Өзі қолымен жардан лақтырып өлтіреді.
Байқұс Ақыл шал да соңғы күндері өзінен өзі шөжіп, торы еттен ажырап, тамақты татып алмайтын болды. Кемпірі қазанға толтыр ұйытқан, қасық тік тұратын қой қатығының бетін сыпырып әкеп шал алдына қояды. Қазандағы айранның қаймағын келін сыпырып алып қарашұнақ балалардың біріне беріп қоймауы үшін таң рауандап к еле жатқаннан тұрып, зар қағады. .....
28-гвардияшы Панфиловшылар өздерінің қанымен өшпес даңққа ие болды. Халқымыз олар туралы өлең-жыр шығарды, аңыз етеді. Олардың есімдері халқымыздың гитлершіл басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады. Дивизиямызды құрушы Иван Васильевич Панфиловтың есімі мәңгі өшпейтін жауынгерлік даңққа бөленген. Сондықтан да панфиловшы ерлерді көргенде:
— Сіз расымен Панфилов дивизиясынансыз ба? — деп таңданған адамдарды талай кездестіргенім бар.
— Ия, — дейді панфиловшы. Сол таңдандырған панфиловшы кәдімгі жай адам болып шығады.
Ол керемет батыр емес, асқан алып емес, ол, тіпті, соғыстан бұрын армияда болмаған, тек бір колхозда адал еңбек еткен, фабрикада немесе заводта жұмыс істеген, я болмаса бір мекемеде бухгалтер болып қызмет еткен өзіміздей бір адам болып шығады. Әриие, бұл бейбіт совет азаматы солдат шинелін киіп, қолына винтовка алғаннан кейін де бірден жауынгер бола қойған жоқ.
Осындай әр алуан қарапайым адамдардан Генерал Панфилов 2,5-3 айдың ішінде жауынгерлік құрама жасақтады. Взвод емес немесе рота, полк емес, тұтас бір дивизия құрды. Бұл — Панфиловтың зор еңбегі. Ол 8-гвардия дивизиясының қолын жеңістерге жеткізді.
Панфилов соғыс өнерінің кемеңгері еді. Ол соғыстың өнері мен әдісіне мейлінше жетік, ұрыста батыл, соғыс ғылымында жаңалық тапқыш ақыл-ой иесі еді. Ол ұрыстарда дұшпанның генералдарынан басым түсіп отырды, оларға өз дегенін істей білді, жаудың әскер сапының осал жерлеріне қатты тиіп, оған істің түйіні шешілетін учаскелерде, үзілді-кесілді кезеңдерде қирата соққы бере білді. .....
Бұрынғы өткен заманда бір ханның үш тұлпары болыпты. Бұл тұлпарын өзінің бір өте сенімді құлына бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын ат бағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке тапсырып алып тұрады екен.
Бір күндерде хан уәзірлермен өзара кеңесіп отырып:
— Менің тұлпарымды бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай да өтірік айтпайтын адам болады екен, – депті.
Сонда қасында отырған бас уәзірі:
— Тақсыр-ау, өтірік айтпайтын адам баласы бола ма екен? Ол құлыңыздың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүрген шығар, – депті.
Сонда хан:
— Ол құлым өліп кетуіне қайыр, бірақ өтірік айтпайды, – депті.......
Ертеде Алдаберген деген шал болыпты. Шал баласыз болып, әулиеден әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, өлдім-талдым дегенде бір перзент көрген екен. Баланың атын Ғайыпберген қойыпты. Ғайыпберген он екі жасқа келгенде әке шешесі өліп, жетім қалыпты.
Ғайыпберген жастай Алдоңғар деген байдың малын бағып, күн көреді. Азып-тозып, басы таз болып, жүдеп-жадап кетеді.
Ғайыпберген жиырма бес жасқа келгенде, бай ойланып, жасынан еңбегі сіңіп еді деп, балаға бір жетім қызды алып береді. Қойдың шетіне қос тігіп, оларды бөлек шығарады. Ғайыпбергеннің қосағы өте сұлу болған екен.......
Түлкі бір күні оттап жүрген бір қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен басып тұрып, мазақ қылып, біраз азаптайын деп, мұртынан күліп: — Ә, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің? Қаз сәл ойланып тұрып: — Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеңе қойып, көзімді жұмып: «Ә, Құдай, бергеніңе мың шүкір!» дер едім де сені жеп қояр едім, – депті.......
Сабақтың мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады. 2. Интеллектуалды ойын.....
Ылғи да зәбір көре берген соң, орманның бір серісі еді ғой деп, бір топ тауық аюға арыз айта барады да түлкінің зорлығын баяндайды.
– О, аю қария, – депті, жалаң тәжісі желбіреген қораз тауықтар атынан сөйлеп. – Залым түлкі бізге күн көрсететін емес. Одан басқа бізге ешкім де тиіспейді. Сұм түлкі ұрланып келеді де түн ішінде қырып кетеді.
Аю арыз айтқан тауықтарға тесірейе қарап тұрып:
–Түлкі ме? – деп, қайталап сұрайды. Қораз құлшына растайды......
Ерте жастағы балалардың аурулары. Ерте жастағы балалардың тамақтануының созылмалы бұзылыстары.
Арулардың анықтамасы, жіктелуі
аурулардың даму себептері, белгілері, диагностикасы
асқынулары,емі ,алдын алуы
клиникасы мен емі
науқас нәрестелердің күтім принциптері
Баланың физикалық дамуы және жүйке-жүйесінің дамуы өз жасына сәйкес болса, бұндай балаларды-нормотрофиктер дейді.
Егер баланың дене құрылысы оның мөлшерлік нормасынан артық немесе кем болса, бұл балалар дистрофиктер деп аталады.
Салмағы мөлшерден артық балаларды паратрофиктер деп атайды.
Салмағы мөлшерден төмен болуы және организмнің қорғаныс принциптерінің нашарлауымен сипатталатын созылмалы жағдайды гипотрофия деп атайды.
Балалардағы дистрофия – бұл созылмалы тамақтану бұзылысы, онда асқорыту қызметінің бұзылуымен қатар,зат алмасу мен клеткалар мен тіндердің сіңіру қызметі де бұзылады. Олдене және жүйке–психика дамуынтежеп, бала организмінәлсіретеді. Дистрофия ауыр және созылмалыинфекциялыауруларпайдаболуынабейімдейтінқолайсыз фон болыптабылады. Дистрофиялыбалаларды осы ауруларбойынша "қатер” тобынажатқызады.
Баяғыда өткен заманда, хан Жәнібек тұүсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты. Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік жетеді. Кәсіп етуден қалады. Ақырында, шал балаларын жинап алып:
— Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер болсаңдар ержеттіңдер. Мал тауып, тамақ асырайтын менен әл кетті. Мал табу, тамақ іздеу енді сендерге жетті. Ай, балалар! Кәсіп етіңдер, мал табыңдар. Мені асыраңдар. Кәні, қайсың қандай кәсіппен мені асырайсыңдар, айта беріңдер, — дейді.
Сонда әрі-бері ойланып тұрып, балалары мынаны айтады......