Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Сол бір сапар

Жаз. Біріншіні бітіріп, демалысқа шыққанбыз. Ауданнан жарлық кепті: колхозаралық пионер лагері ашылады. Соған сабақты жақсы оқитын үш бала жібересіңдер. Әрқайсысы өзімен бірге бір пұт үн, бір серке (немесе қой) ала келуі керек. Бұл оның бір aй бойына ішіп-жейтін азығы болады дейді.

Аудан айтты — ауыл үшін заң. Колхоз басшылары мен бізді оқытатын мұғаліміміз абыр-сабыр қам істей бастайды. Қазіргідей емес, артельдің сіңіріне сүрінген кезі. Лагерьге баратын үш бала оңай табылғанмен үш пұт үн, үш серке оңай табыла қоймайды.

Осы барсын, осы барсын деп, арқадан басып таңдаған үш оқушының біреуі мен екем. Қалғаны Ахмет, Садық деген балалар. Жастарымыз шамалас.

Қазіргідей дыр еткізіп жөнелетін машина ол кезде жоқ. Колхозда ат арбаның өзі жетіспейді. Дегенмен колхоз бізді лагерьге жеткізіп салуға бір арбасын береді. Арба айдаушы Базарбай дейтін мінезі күйгелектеу, өзіміздің жамағайын.

Сонымен, аудан айтқан жағдайларды түгел жасап алып, лагерь қайдасың деп жолға шықтық.

Лагерьге бала жіберу ол кезде ел салтына енбеген. Лагерь ол не зат? Онда барған балалар не істейді? Бұны біз түгілі, ата - аналарымыз да жөнді білмейді. Әйтеуір сабақты жақсы оқитын балалар барады деген сөзге қарап, жаман болмаса керек деп топшылайды.

Лагерьдің қандай болатынын кезбен көріп білгенше, біз асығудамыз.

Лагерьдің ашылған жері Құмтекей деп аталатын жазық дала. Бұл арадан елу шақырым шамасы. Арбаға жегілген арық ат бір күнде алып бара алмайды. Ара қонып, ертең жетеміз деген жоспармен шығып келеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Наурыз

Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ата Заңым

Ата Заңым шындығымды қорғайды
Ата Заңым шаттығымды қорғайды
Ата Заңым денсулықты ойлайды
Шындығымның шырайы.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ауылымның құстары

Белқопамды келді міне сағалап,
Ару құстар қопа көлін жағалап,
Көктем неткен сұлу едің әдемі,
Ұя салды құстар көлді паналап.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Ханның тілсіз баласы

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол ханның жалғыз баласы болыпты. Баласының басқа шаруаға кемдігі жоқ, құлағы есітеді, көзі көреді, бірақ сөйлемейді, тілі жоқ. Хан жалғыз баласының тілі жоқтығына ішінен қайғырып, бір күні халқын жинап алып:

— Кімде-кім менің баламды сөйлетсе, мен сол кісіге өгіз тұлыппен алтын беремін. Жан-жаққа жар салып хабар шашты. Бір күні сол хабарды есітіп, бір қарт адам ханға келіпті. «Тақсыр хан, сенің шақырған хабарыңа келдім. Сен айтқан уағдаңда тұрсаң, мен балаңды сөйлетемін», – дейді. «Хан айтпайды, айтса айтқаннан қайтпайды деген қайда. Ханның сөзінде екілік болмайды. Баламды сөйлетсең, тағы да астыңа ат мінгізіп, үстіңе шапан кигіземін», – дейді. «Жақсы, олай болса, ел-жұртыңды жина. Мен айтатынымды сонда айтамын», – дейді. Хан: «Жақсы, болады», – деп, уәзірлерін, атарман, шабармандарын шақырып алып, жан-жаққа ат шаптыртып, халқын жияды. Хан халқын жинап алып......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Ел ермегі


Елде кәсіп жоқ. Қар кетісімен тырбанып бір-екі жер егін салса, жазғы кәсіпті сонымен бітті деп санайды. Көлеңкеге жатып, айран-шалабын ішіп, ұзақ күнді тек жатумен кеш қылады. Өзі қарап жатқан соң, жұмыс істегенді жақтырмайтын әдеті ғой, қит етсе орыстарды ермек қылады:

— Апырмай, орыс деген жан тыныштығын білмейтін "мақұлық"-ау. Шілденің ыстық күнінде шыжып жұмыс істеп жүргені. Бүйтіп тапқан малы құрысын! — дейді.

Орыстың кәсібі өнімді. Егінді көп салған соң, күзді күні астықты көп алады. Жаздай дамыл көрмей, тырбанып шөп жияды. "Жан тыныштығын" білгіш қазақтың бір-екі жер егіні қыс ішуіне жетпей қалып, бір күні дорбасын қолтығына қысып тамырына барады.

— Ай, тамыр, менікі ұн біткен. Сен маған бидай бер, менікі саған жер береді!..

Міне, оңай сауда! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс және балалар

Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын.
Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Айсәуле


Жеңгесі өзінен төрт жас кіші. Бірақ «жасым кіші» деп жүрген ол жоқ, таңертеңнен құлақ етін жеп, шегелеп тұрып айтқан. «Бүгін Зейнеппен жолықтырамын, ешқайда қашып кетпе. Кешкісін Әскердің үйі босайды. Бала-шағасымен Көлбұлаққа кетеді екен. Қызды сонда әкелеміз. Қиқаң-сиқаңды қой. Бүгін не бүк, не шік болып шық» деп салмақ сала сөйлеп, дік-дік басып шығып кеткен. Жеңгесінің аты — Әсел, осы ауылдың қызы. Мұның екінші атадан қосылатын ағасы Мінуарға тұрмысқа шыққанына он екінші жыл. Жасы отызға осы көктемде ғана толса да, Әсел ажары тозып-ақ қалған. Тозбай қайтсін, бірі етегіне, бірі жетегіне жармасқан төрт баланы бағып-асырау оңай болып па?

Мінуар ағасы Әселге үйленгенде Ғұмыр әскерден жаңа келіп еді. Өзінен төрт сынып төмен оқыған қыздың келбетін әуелде көз алдына келтіре алмай-ақ қойған. Дегенмен екеуі жеңге-қайны болып тез табысты. Ғұмыр Әселдің ашықтығын, ақкөңілділігін жақсы көреді. Ашуының зілі жоқ, дүңк еткізіп айта салады да, артынан өзінің не айтқанын ұмытып қалады. Қазір есіне түсірсе, Әсел келін болған он екі жыл ішінде ол тек Ғұмырға қалыңдық іздеумен күн өткізген сияқты.

Ғұмыр — бір үйдің жалғыз ұлы. Жасы биыл отыз төртке шықты. Әлі бойдақ. Әсел жеңгесі мұның бойдақтығын жасықтығынан, жуастығынан көреді. Ғұмыр шынында да тым жуас. Момын. Үндемес. Төрт әпкесі де күйеуге тиіп кеткен соң қарт ата-анасына қарап үйде қалған. Оқыған жоқ. Өзінің талабы да болмады. Білетіні — жазда қолына ұстайтын шалғысы, қыста — айыры......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мархабат Байғұт | Оқу залы


О баста оқу залына ғашық болдым.

Алматының Гоголь көшесінде Чехов атындағы кітапхана бар ғой. Соның оқу залын айтып отырмын.

Одан соң оқу залында Айкенжені...

Сүйіп қалдым дейін бе, демейін бе? Өзгелерге, кім білсін-ай, кім білсін, оп-оңай шығар. Ал мына маған ондай сөзді айту – азап.

Студенттік ғұмырым сұрғылт сиырымыздың желінінен іріп шығатын сүттей бүлініп сала берсе, шара нешік. Шешемнің белін бумаққа әзер жарайтын қара шылбырдың қалдығындай қайта-қайта бытырлай үзіліп кете берсе, амал қанша.

Отырар мен Оқсыздың арасына түзу сызық жүргізсеңіз, Сырдарияға таманырақта біздің ауыл бір нүкте боп көрінер. Адыраспан түйін тастай бастағанда, сол ауылдың орта мектебін тәмәмдаған төртеуміз Алматыға аттануға тиіс ек. Ол кезде оқуға түспекке талпынатындарды талапкер емес, абитуриент деп атайтын.

Сырдарияның тоғайында сиреп кеткен тораңғылға және былайырақтағы сәуір гүлі семе қоймаған жыңғылға қимай-қимай қараймыз. Әбунасыр данышпанның кіндік қаны тамған төбенің түстік бүйірі мамыр мейрамына жетпей-ақ күйіп кеткентұғын. Маусымның соңында қылтанақсыз қиялар құм суырып тұрды.

— А-ал, абитуриенттер! Жортқанда жолдарың болсын! — деді Мошқал ағай жел жұлмалаған жасыл адыраспанды сүйір таяғының ұшымен түрте тарағыштап. — Ең бастысы, осы Оқсыз маңында ұлы ойшылдың туып-өскенін ұмытпаңдар. Ең құрығанда, төртеуіңнен екеуің оқуға түспесеңдер, бүкіл республикаға машқарамыз шығады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0