Ертегі: Бай мен диуана

Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш әйелі болса да, баласы жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкі үзілмейді...

Бір күні бай да, жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: «Сендер күнде үй ішіңмен шулап жатасыңдар, өздерің тамақтарыңды таба алмай жүріп, сендерге ойын-күлкі не керек?» – депті. Сонда жарлы: «Бай, сіз білмеген екенсіз, біздің бір алтын сақамыз бар, соны біресе қатыным иіреді, біресе өзім иіремін, соған күлеміз де жатамыз депті. Сонан бай үйіне келіп, алтыннан сақа соқтырып алып, үш қатынымен кезек-кезек сақа иіреді, оған ешкім де күлмейді. Ертеңіне тағы да намазға бара жатып бай:

«Ақымақ жарлы, иірген сақаға несіне күлесіңдер?» – дейді. Сонда жарлы: «Байеке-ай, сен өзің бай болсаң да, ақылын жоқ-ау, менің айтқаным сақа емес еді, әлгі балам еді, сен оған түсінбеген екенсің ғой!» – депті......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ыбырай Алтынсарин | Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары


А

Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...

Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?

Қош, дауаларыңыздан үміткер балаңыз Н......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Сыбызғышы

Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып, бала жетім қалыпты. Шешесі ұлын жетелеп жүріп, ел қыдырып, күнін көріпті.
Бір күні бұлар Тайыр деген ханға келіп, мұңын шағып, жәрдем сұрапты. Сонда хан Асанның шешесі Жаңылға:
— Сен менің тазыларымның күтушісі бол, иттермен бірге жатып, бірге тамақтанасың. Ал мына балаң қозы бақсын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Паровоз туралы ертегі


Құланиектеніп таң білінген кезде Мекке - Мәдинеден дүлдүліне мініп, зұлпықарын асынып, атағы бүкіл әлемге кеткен Ғазретғали пайғамбар жолға шығыпты.

Оның ойына бірнеше қырғын соғыстардағы, тіпті өзі таң қаларлық болған жеңістері, «аллалап ап» дегенде, көлденеңінен пайда бола кететін күші, керемет майдандардың шаңы бұрқырап, қызыл қандар су болып аққан суреттері елестеді.

Бірақ бір ұзын аяқ сары маса ызылдап көзінің алдында, мұрнына қанатымен сырып өтіп быж-быж етіп мазасын кетірді. «Ер мұрынды келеді, ат ерінді келеді» дегендей, жарықтық Ғазретғалидің мұрыны қоқырайған үлкен болатын. Ал танауының тесігі анау-мынау шелектей бар. Ызылдаған сары маса енді мазасыздығын бұрынғыдан да гөрі ұлғайта түсті. Тіпті даңдайсып кетті. Бір кезде быж-быж етіп ән салып келді де Ғазретғалидың танауына зып берді.

Ғазретғали пысқырынды да қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух

90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Нұрмаш пен Дүйсен


Нұрмаш айтады:
«Дүйсен, біздің үйге бала бол, сонда біздің үйдің кісілері сіздікінен екі рет артық болады». Дүйсен ойлап тұрды да: «Жоқ, Нұрмаш. Сен біздің үйге бала бол, сонда сіздің үйдің де, біздің үйдің де кісілері бірдей болады», - деді.

Табыңдар, балалар, Нұрмаштың үйінде неше кісі бар? Дүйсеннің үйінде неше кісі бар екенін? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Күз

Күз келді алақай!
Жапырақтар сарғайды.
Өсіп тәтті жемістер,
Құстар аспанда ұшады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Қайтпас қайсар қалайы солдат

Жиырма бес қалайы солдат болыпты. Бәрінің де анасы бір қалайы қасық, ағалы-інілі бауырлар еді. Бәрі де қараса көз тойматын сымбатты сұлу болатын: бәрінің де қызыл әдіпті мундирі, иығына асқан мылтығы болатын және бәрі де алға қарап көз тігіп қатып қалған!

Өздері жатқан қорапшаның қақпағы ашылған кезде олардың алғашқы естігені «қалайы солдаттар!» деген сөз еді. Оны айтқан кішкентай бала санын шапалақтап қуанып қалды, өйткені ойыншық солдаттар оның туған күніне әкелінген тарту еді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бойы бір қарыс cақалы қырық қарыс

Бұрынғы өткен заманда бір кедейдің үш ұлы болыпты. Бүкіл өмірі байлардың есігінде өткен кедей өлерінде үш ұлын қасына алып отырып өсиет айтады. «Үйдің шығыс жағында бір жалмауыз бай бар, соған өлсеңдер де жалданбаңдар», – дейді.

Әкесі дүниеден қайтқан соң үш баласы қызмет істеуге кіріседі. Ең әуелі қызмет іздеп, ең үлкен ағасы үйінен кетеді. Ол көп уақыт жүріп, қызмет таба алмай әкесі «барма» деген байға барады. Бай мұны көрген соң «хош келдің» деп қарсы алады. Бай бұған:

— Саған бір қызмет берем, соны орындасаң, жалшылыққа алам. Ал орындай алмасаң, басыңды алам, бәрібір басқа байларда жұмыс жоқ, – дейді. Кедейдің үлкен ұлы:

— Жарайды, жұмысыңды істеймін, – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ханша мен баласы

Бар екен де жок екен, аш екен де тоқ екен. Ілгері заманда бір патша болыпты. Оның он екі жасар баласы мектепте оқып жүріпті. Осылай болып жүргенде, бір күндері болғанда патшаның бір биесі бес-алты күн жоғалып кетіп, оны жылқышы іздеп жүргенде ол бие бір көлдің жағасынан табылыпты.
Ол биеге жылқышы жақынырақ барса, қасында бір жылқы тұрған екен, жылқышыны көріп, ол жылқы суға түсіп кетіпті. Жылқышы биесін жылқысына қосып қойып, балаға келіп болған нәрселерді осылай да, осылай деп айтыпты. Осылай болып жүріп, бір жыл болғаннан кейін жаңағы бие туыпты. Бие туған заман бала құлынын үйіне алып келдіріп, өз қолында тәрбиелей бастайды.......
Ертегілер
Толық
0 0