Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалімнің қулығы

Бір әңгімеде мұғалімнің қулығы жайында айтылады. Онда сыныпқа кіріп сабаққа қатысқан директор сыныптан таңданып шығады. Себебі сынып тым белсенді болып кеткен еді. Анығында бұл сынып мектептегі ең енжар сынып болатын. Ал бүгінгі сабақ үстінде олар жүз пайыз қол көтеруден бір танған жоқ. "Ағай, мен айтайын! Мен айтайын!" Және мұғалім "ал, қане, айтып жібере ғой" деген оқушы орнынан тұрып сұрақтың жауабын айтып жіберіп жатыр. Директорды таңдандырған осы жағдай. Бәрін қойшы, ең алдымен, сынып неғып белсенді болып кеткен? Олар неғып қандай сұрақ қойылса да, бәрі түгел қол көтергіш болып алды? Оларға мұндай білімдарлық қайдан келе қалды? Директор осы сұрақтардың жауабын таба алмай басы қатады. Сөйтсе, гәп мұғалімде екен. Мектеп директорының өзінің сабағына кіргелі тұрғанын 5 минут бұрын ғана білген мұғалім дереу сыныпқа жүгіріп келеді де, былай дейді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Жол үстіндегі немесе таксист ағамен әңгіме

Атыраулықтар үшін яғни біздер үшін алдыңғы апта қолайсыздау болды. Неге десеңіз, ауа-райының күрт өзгеруі ықпал болып тұр. Жауын-шашынның жаууы, көшелердің лай суға толуы, былаң батпақ балшықтың сарсаңы халықты біраз сарсаңға салды. Апта демекші, алдыңғы аптаның жексенбі күні жастар сүйікті ойындарының біріне...
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Алтынасық және Құрмерген

Ерте заманда Қашақ деген ел болыпты. Бұл елдің Ғайып деген ханы болған екен. Ғайып хан асқан балуан және оған сай айлаға шебер батыр болыпты.

Осындай дәуірлеп тұрған заманында артыма атағымды қалдыратын іс істеуім керек — деп ойлап, осы ойын жаушылыққа тиянақтап, маңайындағы хандармеи соғыс ашып ел-жерін жаулап алып, атағы барған сайын аса берген екен.

Қалман деген ханның елін де шауыпты. Ғайып ханның өз тұсындағы жаугершіліктің соңғысы да осы Қалман соғысы болыпты.

Ғайып ханның жасы ұлғайып, бұрынғы күш-қайраты қайтып босағанын біліп, осыдан кейін ешбір ханның елін іздеп барып соғыс ашпапты. Ал жеңілген хандар тегіндегі дүмпу айбарынан қорқып, Ғайып ханды іздеп келіп соғыс ашып кек қайтаруға келмеген екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Соңғы хат

"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам.
"Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
Әңгімелер
Толық
1 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/ санын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Көптеген оқушылар: заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Кейбір оқушылар: заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Мамай батырдың арманы

Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып:
— Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып:
— Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап:
— Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақылсыз берілген жаза

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді.
Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Көктемгі қуаныш

Көктем келсе табиғат құлпырады,
Жүректерге ғажайып сыр тұнады.
Гүлге толып айнала күн жарқырап
Жанарларда қуаныш нұр тұрады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Алыптың арнасы

Гурьев облысындағы Эмба мұнайлы ауданы революциядан бұрын Баку, Грозныйлармен қатар ашылып, көп жылдар бойы жас совет халық шаруашылығының отын көзі болып келгені мәлім. Бұған осыдан сәл кейінірек Башкириядағы Ишимбай мұнай кен орны қосылды. Отан соғысына дейін және соғыс уақыттарында да елімізді жанар-жағар майлармен қамтамасыз етіп келгендер де осы кендер болатын. Бірақ, бұлардың өндіріс көлемі қазіргілермен салыстыруға мүлде келмейді. Ол жылдары жылына 20 миллион тоннаның маңайында мұнай өндіріліп жүрді. Партиямыздың XXIII съезінде мұнай өндірісіне ерекше маңыз берілген болатын. Онда елімізде мұнай өнімін жылына 30 миллион тоннаға жеткізуді нысана еткен еді. Совет мұнайшылары туысқан партияның бұл тапсырмасын абыроймен орындап шықты. Геологиялық барлау жұмыстарын, оның ішінде де, әсіресе, терең бұрғылауды өрістете отырып, Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан уақытының өзінде-ақ Волга бойынан мұнай көздерін аша бастады, ал 1944 жылы еліміздегі сол уақыттағы екі ірі кен орындарының бірі - Тоймаза кәсіпшілігі ашылып, іске қосылды.

Бұл бұған дейінгі мұнай қоры жөніндегі кейбір көзқарастарды түбірінен өзгертті. «Жер шарында мұнай көздері тек үш-ақ жерде. Олар: Каспий теңізі, Парсы шығанағы және Америкада - Мексика шығанағы жағалауларында. Басқа жерлерде мұнай болуы мүмкін емес» деген қате пікірді жоққа шығарды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0