Әңгіме: Джек Лондон | Әйел қырық жанды


Тұла бойы аппақ қырау, көзі кіртиген бір ит үшкір тұмсығымен шатыр есігін түртіп ашып, басын ішке сұғып жіберген.

— Е-ей, Сиваш!.. Әй, албастыдан туған малғұн, шық әрі, шық! — деп іштегілер жамырай айқайлап, өре тұрды. Беттлз қалайы тәрелкемен тұмсықтан таңқ еткізіп ұрып үлгергені сол — әлгі кіртиген көз бен үрпиген бас қас қағымда жоқ болды. Бұдан соң іле-шала Луи Савой шатырға есік ретінде ілінген қалың брезенттің жан-жағын қымтай жауып қойды да, пеш үстіндегі ыстық табаданды аяғымен аударып тастап, оның жалын шарпыған түбіне қолын төсеп жылытуға кірісті.

Сыртта сақылдаған сары аяз. Екі күн бұрын спиртті термометр алпыс сегіз градусты көрсетіп тұрып, кенет сырт етіп сынып түскен, одан кейін де суық күшейе түспесе бәсеңдеген емес, ал енді оның қанша күнге созылары да белгісіз. Мұндай түкірігің жерге түспес аязда, жылы үй, жылы ұядан алыста, мұздай суық ауамен өзек қарып отыруды досың түгіл дұшпаныңа тілемес едің. Рас, дәл осындай күндері алды-артына қарамай жолға шығып кететін көзсіз ерлер де болады, бірақ олардың кейін дін аман қалғандарын көрген ешкім жоқ — екі өкпеден айырылып, күрк-күрк жөтеліп, ақыры мәңгілік тоңға жамбасын мәңгі тигізіп тынғандар қаншама. Бір қызығы өстіп өлгендердің мәйітін мұздай көрге салғанда, осындай бүлінбеген, бұзылмаған қалпында Қиямет күніне жетсін деген ұғыммен олардың бетін мүкпен ғана жауып кете барады. Ал мұндай Ұлы Күнге сенбейтіндерге, әрине, ең кереметі — Клон-дайккс барып өлу деп көпіре алмайсың. Бірақ бұдан Клондайкте өлу — жаман, тіршілік ету — тамаша деген ұғым тумаса керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек деген екен.

Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз сиыры болыпты. Ермек шешесін калдырып өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал бір сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда»,– депті. Ермек келе жатып:

— Бұл сандыққа не сұрайсың? – депті. Шал:

— Сандығыма мың ділда сұраймын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аюбала

Ертеде бір асқан бай болыпты. Оның бір бәйбіше әйелі болыпты. Әлгі бәйбішеден бес ұл туыпты. Бес ұлы ер жетіп, бай қартайып қайтыс болыпты. Бәйбіше әйелі отыз екі жасында жесір қалыпты. Сонан бір жылдары ел жайлаудан етекке түскен кезде, жайланып жылдағы бір отыратын тау етегіндегі қонысында отырады.

Сөйтіп отырғанда, бір күні іңірде далаға шықса, бір нәрсе көтеріп алып қашып кетеді. Бәйбіше қорыққандығынан даусы да шықпайды. Сөйтсе аю екен дейді. Сол апарғанынан аю үңгіріне апарады. Бәйбіше үңгірде қамалып жатады. Жейтін тамағы алма, шикі ет, түрлі жемістер болады. Аю күндіз кетіп, түнде келіп түнеп тұрады. Түрлі жеміс, етті әкеп тұрады екен. Сонан бәйбіше үйреніп, аюмен бірге күнелткізіп тұра береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Сібір офицері


Бұл оқиға 1986 жылғы Алматыдағы аты шулы желтоқсан күндерінен соң алыстағы Сібір орманы ішінде болды. Арада жеті күн өткеннен кейін ешкім күтпеген жай еді...

Ақиқатында, желтоқсандық жай ой-санасын емес, жан дүниесін астан-кестең етті. Ал кейінгі саналы әрекет ол сұмдықтың қасында түк емес.

Қазір бәрі де түс секілді...

І

Сол күні Бурахан казармадағы түнгі кезекшіліктен келіп, түске дейін тынығып алып, жары Александрамен ас ішіп отырған.

Қаперлерінде түк жоқ. Александра өзі аттас арғы ұлы әжесі Александра Григорьевна Муравьева, арғы ұлы атасы Никита Михайлович Муравьев жайында әңгіме қозғаған.

— Хан, — деген Александра еріне қойған сүйікті есімімен атап, — әжем мен атам жөнінде тағы да тың деректерге жолықтым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мағжан Жұмабаев | Педагогика

Тарту

Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.

Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!

Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылам.

Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл көріп алыңыздар.

Мағжан Жұмабаев

СӨЗ АЛДЫ

Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге шейін басылып шығып жарық көре алмады. Бұл айып менікі емес, бүлінген замандікі.

Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге болмайды. Алдыма бір кітапты жайып қойып, бұрылмастан желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамасы келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым (Көп пайдаланылған Рубинштейн, Скворцов, Смирновтардың педагогика туралы еңбектері).

Бізде бұрын жасалған пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиісті таппадым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Болашаққа бет алды білімді ұрпақ


(Ата-ананың мектепке алғыс тілегі)

Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар! Ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, біліми көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық. Бойымызды тағы да ата-ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Аққала соқты балалар,
Шаңғы, шана теуіп жүр.
Өте қызық ойнауда,
Мұзда коньки теуіп жүр.
Айбек, Жалғас қырға барыпты.
Балалармен қызыққа батыпты.
Балалар үйге келіпті,
Анасы тамақ беріпті.
Сосын сабақты оқыпты,
Сабақты бітіріп болған соң,
Ұйқыға жатыпты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Ырыс қашса туыс қоймайды

Бұрын бір жалғыз басты Туыс деген жігіт болыпты. Ойдан орады, қырдан қырады, артып-тартып үйіне екі-үш айда бір келіп, үйіп тастап тұрады. Бірақ та дүниесі артпайды, кеми береді, берекесі болмайды. Қасында жақын отырған бала-шағалы бір әйел көршісі бар екен, оның ешқандай табары жоқ, үй айналасынан алысқа бара алмайды. Бірақ тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Туыс «бұл қалай?» деп сұрап Ақылға барып сынатады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақылды әйел

Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қылжақбас, мылжың екен. Бай осы баласы туғанда бір молданы әкеліп атын қойдырыпты. Молдасы құрғыр жақсырақ ат таппаған ба, яки бай орамалды жақсы бермесіне көзі жеткен бе, әйтеуір баланың атын Тесікбай дей салыпты. Тесікбай ер жетіпті, өсіпті. Айтқанды ұқпайтын ақпа құлақ болыпты. Ел аузына қақпақ қойған бар ма: «Баласының басы тесік болғандықтан, миы да ағып түсіп қалған-ау», – дейтін болыпты.

Қожанай мұны естіп намыстанады, осының басын түзейтін ақылды келін іздеп табуды ойлайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Мұстафин | Құлаған құз


Тоғай. Егін. Шалғын... Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді. Арғы қабақта аспанмен тілдескен Алтайға жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік. Жол Алтайдың ішіне сүңгіді. Біз де сүңгідік. Жүрген сайын артымыз ылди, алдымыз ор, өрмелеп аспанға шығып бара жатқан сияқтымыз. Тay қоюланып, ірілене түсті. Шат тереңдеп кетті. Екі ернімен көк тіреген тар жықпылды, шапши аққан тентек су бой бермеді. Былай бұрылсаң өзен, былай бұрылсаң тау қақпалар, қалың жолшының соңынан қиялай жүріп келеміз...

Сонау баста, «Бұдан әрі жол бермеймін» дегендей, көлденең шөгіп құз - жартас жатыр. Оның бер жағында, қолында кішкене қызыл туы бар бір әйел тұр. Машина жүре алмай, қайтып кетті. Жаяу өрмеледік. Әлдекім ысқырады! Сонша болмады, көп гүрсіл тауды жаңғырықтыра жөнелді...

— Тас бұзған дәрінің дауысы ғой...- дейді штаб бастығы Доншенко. Құлақты бітеп, жүректі сілкінткен күшті гүрсіл оған күзетшінің тоқылдағы сияқты. Алды-артымыздан құйынша көтерілген тас аралас тозаң састырып келе жатса, ол жалтыраған қасқа басын кепкесімен де бүркемеді.

Жасы он жеті - он сегіз шамасында, ақ таяқ ұстаған қыз құз тастың жақпарынан шықты. Жолдың алдын ашып жүрген тау бұзғыш жас маман екен. Сөзден гөрі өз ісін сүйетінін сездірген соң, бөгелмей өтіп кеттік. Құзға келсек төрт-бес жұмысшы жәшік-жәшік динамитті бұзып, бір үңгірге тасып жүр... Үңгірдің түбінде екі-үш адам динамитті, кірпішті қалап отыр. Біздің сұрауымызға: .....
Әңгімелер
Толық
0 0