Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, — депті.

(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

Өтірікті айтқан жақсы,

Қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тіл бар?» — десе, өтірікші: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кеште алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр деп кетті. Онан не білесің?» — дейді. Сонда қостаушы: «Жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайран болған едім. Мынауыңыз сол жер болар», — деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табыл-са», — деп мәтел етіп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Кит

Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит.
Оның ұзын бойы он құлаштан он төрт құлашқа шейін, кеудесі ұзын бойына қарағанда бегірек жуан. Басы кеудесінің жартысындай, тебесі жалпақ, үстінде томпайып жабылып, ашылып тұрған екі тесік бар. Дем алғанда аузына су толса, суды әлгі тесіктерінен аспанға шырылдатып атып жібереді.

Басының екі жағында екі көзі бар, сиырдың көзінен үлкен емес. Басының зорлығына қарағанда көзі жоқ секілді көрінеді. Тісі болмайды, орнына екі езуіне мүйіздей қара нәрсе бітеді. Терісінің қалындығы екі елідей болады, оның астындағы майы сондай қалың. Бір киттен екі-үш жүз пұттай май түседі. Жемі уақ балық, шаян, көржер болады.

Ұрғашы киттің қарнының астында екі кішкене емшегі бар. Жаңа тапқан баласының ұзындығы бір құлаш шамасындай болады. Кит үлкен түпсіз терең теңіздерде жүреді. Суда жүзетін балықтікі секілді құйрығы бар. Бауырының астында қанаттары бар. Киттің еті жеуге жарамайды. Киттің майы мен тіс орнына біткен нәрсесі үшін аулаушылар көп болады. Әрбір киттің тіс орнына шыққан мүйіздей нәрсесі жүзден болып, әрбіреуінің ұзындығы үш құлаштай болады. Тілінің үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса кіші шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп жүргені осы кит болса керек.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Кептер мен қарға

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай

Апасы:

– Құлыным, мынау–

«Жыл он екі-ай» балалардың журналы,

Оқиды оны балдырғандар

Қаладағы, қырдағы.

Ертегілер, әңгімелер мұндағы,

Өлеңдер мен жаңылтпаштар, жұмбағы

Бөбектерге ұнайды,

Қолдан-қолға көшіп жүред ұдайы.

Немересі:

– Суреттер де қызық екен мұндағы,

Ата, апа... бұзау, лақ тұр бәрі.

Апа, маған тез үйретші әріпті,

Журналымды оқығым кеп тұрғаны.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Айтыс жайлы бірер сөз!

Жалпы айтыс қазақтың көсемдігі мен шешендігінің бір дәлелі іспетті ұлттық өнер.Ал айтыстың көшін алға сүйреушілер ақындар.
Ақындық кез-келгеннің басына қона бермес бақ,олар орасан зор дарын иесі.Әу демейтін қазақ жоқ дегенде бар бірақ,саxнаға шығып сенім артқан xалықтың үмітін ақтай отырып,табан астында сөз таба білу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.Ендеше осынау ғазиз өнеріміздің біздің өміріміздегі орны мен бүгінгі өресі жайында...
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Нан


Қонысбай ғажайып бір түс көрді. Түсінде қап-қара киім киініп, цирк аренасында тұр екен. Басында күмбез тәріздес қара сәлде, қолында қылтырықтай таяқша, кәдімгі жұрттың көзін байлағыш сиқыршының өзі дерсің!

Ол жан-жағына көз тастап, көпшілік қауымға ойлы көзбен қарады. Бәрінің де жүздері солғын, жадау тартқан. Алдыңғы қатардан «нан» деп жылаған жас балалардың ащы да аянышты даусы естіледі. Қонысбай таяқшасын бір сермеп, селтиіп тұрған цирк қызметкерлеріне ишарат білдірді. Олар табан арасында үлкен бір ақ тандырды дөңгелетіп аренаға шығарды. Сиқыршы бала тандырдың аузын жылтыр қара шүберекпен жапты да өлеңдете жөнелді.

Жомарт тандыр, ақ тандыр,

Мына жұртты шаттандыр.

Әмірімді ал, ұққын.

Қарнын тойғыз халықтың!

Қаптың аузы сөгілсін,

Аузыңнан нан төгілсін!

Айтқандай-ақ, нан дегеніңіз тандырдың аузынан қайнап шыға бастады. Тап-таза бәрі бидайдың ұнынан жасалған, буы бұрқыраған арайлы да ажарлы кәдімгі нан! Түйенің көзіндей күлшелердің асты қаудырақ, үсті том-томпақ, аузыңа салсаң ериін деп тұр әншейін. Шайнамай-ақ жұта салуға болады. Жұрт мәз-мейрам. Бөбектердің қолында бір-бір күлше. Жүздерінде күлкі ойнайды. Бүкіл көрермендер сиқыршы балаға алғыстарын айтып жатыр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұя

Ұя салды көктемде,
Қос қарлығаш ұшып кеп.
Біткенше ұя тынбады,
Ары-бері ұшып көп......
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясын алыптасытрып, белсенді оқуды
жүзеге асырумен қатар баланың өзін - өзі
тексеру, бағалау ептілігін өзін - өзі бақылау мен
өзіне - өзі баға беру әрекетін орындауды талап
етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып
табылады.
Зерттеудің міндеті: Бастауыш мектеп жасындағы баланың оқу
мотивациясын қалыптастыру және өзін - өзі
бақылау мен бағалауды жүзеге асыруда әрбір бала
оқу әрекетін табысты орындауы үшін оларға оқу
нәтижесін меңгерте отырып түсіндіру.

Зерттеудің әдістері: Бестауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясын қалыптастыруды психологиялық
әдістердің бірі байқау, әңгімелесу, анкета,
тәжірибелік, лабараториялық әдістерді қолдану
арқылы мұғалімнің жетекшілігімен іске асатын оқу
іс - әрекеті, оқу тапсырмасы, өзін - өзі бақылау
және өзін - өзі бағалау әрекеттерін зерттеу болып
табылады.
Бестауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясын қалыптас-тыруда баланың оқуға деген ішкі құмарлығын, баланың оқуды өз-өзіне, өз тәжірибесіне және өз өміріне қолдана алатындай етіп үйрету. Оқу – бұл тек оқу жұмысының техникасы ғана емес, ең бастысы мектептен тыс дара, қайталанбас тәжірибесіне сәйкес өзінің міндеттерін шеше алатыннақты бала тұлғасын тәрбиелеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Қыдыр бақ және ақыл

Бұрынғы заманда қыдыр, бақ, ақыл үшеуі кездесіп қалып, ерегісе кетеді. Үшеуі ерегесіп отырып әрқайсысы өз күшін көрсетпекші болады.

Қыдыр, бақ пен ақылды ертіп алып, бір жер айдап жатқан жынды адамға барып дариды. Сонда жындының айдаған жерінен төңкерілген кесектердің бәрі алтын болып кетіпті. Жынды біраздан кейін шөлдепті. Анадай жерде бір топ керуен түсіп жатыр екен, солардан су ішіп келуге барады. Барарда: «Керуеннің иті қауып алар», – деп, қолына бір кесек алтын ала барыпты. Керуеншілерге барып, су сұрапты. Керуеншілер су беріпті. Суды ішіп алып, анадай жерде өзіне қарап үріп жатқан итке қолындағы бір кесегін атып жіберіпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Саруарова Ақбота | Текті әулет

Қазақ тарихында Шақшақ Жәнібек деген атпен белгілі Жәнібек Қошқарұлы 1693 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Абылай ханның сенімді серігі болған. 1740-41 жылдары Абылай жоңғарларға тұтқынға түсіп қалғанда оны құтқаруға барынша күш салған осы Жәнібек болатын. 1748 жылы 11 шілдеде императрица Елизавета Петровнаның жарлығы бойынша Тархандық атаққа ие болған. Дәуітбай Жәнібекұлы 1712 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. Жасөспірім бозбалалармен бірге «мың бала» жасағында соғыстарға қатысқан. Әкесі сияқты, Абылайдың сенімді серігіне айналып, хан саясатын жүргізуде маңызды қызмет атқарды. 1759 жылы мұрагерлік жолмен «Тархандық» атаққа ие болған. 1783 жылы қайтыс болып, өзінің туған жерінен топырақ бұйырады. Батырдың жатқан жері Дәуітбай қорымы деп аталады. Дәуітбайдың төртінші ұлы Мұса 1746-1747 жылдар шамасында дүниеге келіп, 1820 жылы дүниеден озған. Сырым Датұлы көтерілісіне қатысқан .Бұл 1790 жылдары, яғни көтерілістің 3 кезеңі болатын. 1793 жылы тархан атағына мұрагерлік жолмен ие болады. Шеген Мұсаұлы 1785 жылы Торғайдың Тосын құмында дүниеге келген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0