Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол заманда хан серіктерімен жүреді екен. Хан серіктерімен бір үлкен тауға келіпті. Оның бауырында бір үлкен өзен бар екен. Хан өзенді жағалап сейіл құрыпты. «Бұған сен бас бол!» деп біреуді хан қойыпты. Ол өңірде бір үлкен көпес бай бар екен. Көпестің жалғыз қызы бар екен. Қызы оқымысты, дүниенің тілін біледі екен.
«Мен өлгенде, әйеліме зорлық қылмасын» деп көпес ханмен тамыр болыпты. Сол шағында бай дүниеден......
«Балалардағы пневмония ауруының алдын - алу» тақырыбындағы диплом жұмысы Неге бұл тақырыпты таңдадым? Осы тақырыпты таңдау себебім-қазіргі таңда балалар арасында өте кең тараған және жыл сайын осы аурумен ауыратын балалар саны өсуде.Неліктен пневмониямен балалар жиі ауыратындығын зерттеу мақсатында осы тақырып таңдалды. • Тақырып өзектілігі. Өлім көрсеткіштері патогенездің белгілеу критерийлерімен байланысты. Барлық балаларда аутопсия кезінде анықталған пневмония 9-23% өлімнің негізгі себебі ретінде анықталды, 23–33% ол басқа да ауыр патологиясы бар балалардың өлім себебіне бәсекелес болды; 50–60% пневмония патогенезде болмаған — ілеспе ауру. Дер кезінде емделген стационардан тыс пневмония іс жүзінде өлімге әкеп соқпайды. Стационар ішілік пневмониядан өлімдік 5–10% құрайды. ....
Баяғы өткен заманда бір хан өмір сүріпті. Ол жер бетіндегі адамдарды менсінбей, олардың қалау-тілеуіне онша көңіл бөлмепті. Содан кейін оған шайтан үйір болыпты. Сөйтіп, жақындаса жүріп, хан мен шайтан достасып кетіпті. Бірде әңгімелесіп отырып, шайтан өзінің құдіретін көрсеткісі келеді де ханға: – Достым, не қаласаң, соны сұра, айтқаныңды орындауға әзірмін, – депті мақтанып. Мұны естігенде, шайтанның қолынан келмейтін ештеңе жоқ екенін білетін хан ойланып қалады. Өйткені кең дала, аспан асты түгел шайтанға қарайды екен. Хан соны өзі иеленсе, байлығым да, абыройым да арта түседі деп түйеді......
Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әрбір білім .....
Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті. Жылдар өтеді, шал-кемпір қартая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды. – Қой, болмас, – дейді, бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумай-ақ койшы, бұзауы өссін.......
— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?
Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:
— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.
— Қай әңгімеңізді айтасыз?
— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.
— Дұрыс, соны айтыңыз.
— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.
Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.
Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.
Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.
Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.
— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!
«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.
Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.
Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....