Бағдат шаһарында бір жігіт болған екен. Бір күні түсінде Қызыр жолығып: «Мен Ніл дариясының жағасында бір бәйтеректің қасында тұрамын, сен маған кел, саған батамды беремін. Сен бақытты боласың», – дейді. Жігіт оянып көзін ашса, таң атып келе жатыр екен. Жігіт:
«Япыр-ау, бұл түсім қалай түс, мүмкін, рас түс болып шығар, мен сол бәйтерекке барып көрейін», – деп, шаһардың ұзын көшесімен жүгіре басып келе жатса, Бағдат шаһарының патшасы терезесін ашып қойып, көшеге қарап отыр екен. Асыға басып бара жатқан жігітті көріп, патша шақырып алады:
— Сен, жігіт, жұрт тұрмай, асығып қайда барасың, бір нәрсеге қуанып барасың ба, я болмаса бір нәрседен қорқып, қашып барасың ба? – дейді. Жігіт:
— Тақсыр, патша, мен бүгін түсімде Қызырды көрдім, ол кісі: «Мен сені Ніл дариясының жағасында күтемін, сен маған кел, мен батамды беремін, содан соң сен бақытты боласың», – деді. Осы түсім рас болар деп, сол Қызырды іздеп барамын, – дейді.......
Жасырынбақ ойнауды Әбдірахман шығарды. Тұрбек оны дереу қостады. Сыдық та қарсы болған жоқ.
Бірақ екі-екіден одақтасу үшін және бір адам керек.
Шақырып алатын ешкім көрінбес пе екен деп, үш бала қақпадан шығып, төңірекке көз салып тұр. Іштеріндегі ересегі Әбдірахман, бесінші класта оқиды. Дене тұрпаты ұзынтұралау, мінезі адуындау ақ сұр бала.
Тұрбек пен Сыдық екеуі төртіншіде оқиды. Біреу өзі тиіспесе, бұлар ешкімге шатақ іздеп ұрынбайтын басалқалы балалар.
Кешенің арғы бетіндегі өз қораларының үстінде рогаткамен сотқар Алмабек торғай атқылап тұр. Аңдығаны теректердің сонау ұшқары басы. Бірлі-жарым қонған торғай болса, атып тигізе алмай тұр. Басқа теректердің басында қаптап ұшып жүрген торғайлардың әлгі араға жоламауына қарағанда, Алмабек оларды әбден запы етіп, үркітіп бітсе керек.
— Алмабекті шақырсақ қайтеді? — деді Әбдірахман.
— Ой, құрысын. Ол шатақ шығарады, — деп Тұрбек пен Сыдық қабатынан без ете қалды.
Алмабек осы кезде бұларды керіп, айқай салды:
— Ей, неге топталып тұрсыңдар! Тараңдар! Атам!
Алмабектің сырын білетін балалар қақпаны тасалап, жасырына берді. Алмабек айтқанын істеді. Атып еді, тас ызыңдаған бойымен кеп қақпаға тиді.
Үйден Тұрбектің бірінші класта оқитын қарындасы Назым шықты. Екі иығында желбірі бар, жеңсіз көк шұбар көйлек киген, топ-толық қара домалақ қыз. Кезі шешесіне тартып шегірлеу.
— Біреуімізге Назым одақ болсын, — деді Сыдық.
Әбдірахман тыжырынып:
— Мұны қойшы, — деді.
Әңгіме өзі жайында екенін Назым біле қойды да, балалардың қасына келіп:
Оқу іс-әрекеттің мақсат-міндеттері: Білім беру саласы, «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас» Дидактикалық ойындар: «Қандай пішін, ата!», «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық», «Аққаланы құрастыр» т.б Ақпараттық құзіреттілік: Балалардың геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімдерін жетілдіру. Коммунакативтік құзіреттілік: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып, сәйкестендіре білу қабілеттерін қалыптастыру. Проблема шешу құзіреттілігі: Балалардың зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау сияқты танымдық үдірістерін дамыту. Пәнаралық байланыс: «Математика негіздері», «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар: Слайд көрсету, ойын-жаттығу Оқыту құралдары: Геометриялық пішіндердің макеті, кубиктер, пішіндер бейнеленген карточкалар Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сқрақ-жауап, көрсету, қайталау, дидактикалық, дамытушылық ойындар өткізу, ғажайып сәт ұйымдастыр, тіл дамыту жаттығулар т.б.....
— Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты.
Әлім айтты:
— Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—деді.
Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты:
— Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды - тасты, жел мен жаңбырды — осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес. Олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетіссең, иманыңның жартысы тамам болғаны, —деді.
Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Біздің әрбір толғанымсыз, әсерленуіміз бен әрект - қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Өткен тәжірбиемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Адам өзінің өмірде қөріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар мида сақталады және қажет уақытта қайта жаңғыртылып, еске келеді......
Жазық дала, таулы өлке, жасыл орман – айналым, Сұлулығын кең өлкемнің – көзбен қарап тоймағам. Қандай ғажап туған жерім, қандай ғажап, мән берсең Сұлулығын табиғаттың – жүрек қалап тоймаған.....
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.
1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.
Сабақтың мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту. Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, эксперемент көрсету. Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.....