Ертегі: Арам түлкі жайында

Ертедегі заманда бір түлкі, бір құлан, бір сауысқан үшеуі дос болып, жолдас болады. Бір-біріне жамандық ойламасқа ант айтып, шарттасады. Сөйтіп жүргенде, бір күні құлан тұзаққа түсіп, шарқ ұрып, босана алмай, өлемін-ау деп қорқып, түлкі мен сауысқан достарына қарап «айла, лаждарың бар ма?» – деп, жалтақ-жалтақ қарап жылаған соң, түлкі тұзақты қимақ үшін құланның қасына таман келеді. «Осы құланның өлсе етін жейін, тұзақшы сойса, ішек-қарындарын тастайды ғой. Мұның достығынан маған.....
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуымен қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылыгын қабылдауы к немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты жай нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлық тифлопсихологтар және тифлопедагоггар көру кемістігінің салдарынан түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығымен зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың өмірі тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соға, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
Мәселенің өзектілігі: К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімдік аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көрініс қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Көз көріп құлақ естімеген

Кімде-кім ешкімнің көзі көріп, құлағы естімегенді жасаса, сол корольдің қызына үйленеді, жасауына жарты корольдік беріледі.

Солай деп хабарлау мұң екен, барлық жігіттердің, олардан қалыспай шалдардың да бастары қатты. Бәрі де жаппай жанталасты: екеуі лықа тойып тамақ жеді, тағы екеуі ес-түстен айрылғанша ішті өздерінше көз көріп, құлақ......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз...​​ ....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нәсіреддин Сералиев | Қарақыз

1

Шынарды біздің ауылдың үлкен-кішісі түгелдей Қарақыз дейтін. Тек мен ғана Қарақыз демей, «апа», не Шынар деп атын атайтынмын.

Көрші едік. Менен он жастай үлкен еді. Мені ол туған бауырындай көретін. Мен де оған үйір едім. Шешем «ізіне ерген не інісі, не сіңлісі жоқ, сосын сені қара тұтады ғой, қайтсын» деп отыратын. Әкесі соғыста хабарсыз кеткен, бір үйде шешесі екеуі ғана. Соғыс кезінде мектепті тастап, майдандағы ер-азаматтар орнын басып, колхоз жұмысына араласып кеткен. Оқи алмай қалғанына өкініп, «жетіншіден әрі оқи алмадым ауылдан ұзап... ой, жағдай киын болды ғой, елдің қарны тойғаны осы ғана» деп, менің кітаптарымды бірге оқысып, «жақсы оқы, жақсы оқысаң адам боласың» деп ақылын да айтып қоятын. Дастан, қисса дегендерге құмар-ақ. Ауылдағы Ахмет деген жыраудан жазып алған бес-алты дәптердей қиссаларым бар. Көбіне маған соны оқытып, «даусың әдемі, нашына келтіріп оқисың» деп мақтап, ұзақ тыңдайды.

Шынар бүйрек бет, бітік көздеу қарақыз еді. Осы түсінің қаралығына қарап жұрт қарақыз атап кеткен-ау деймін. Он үштердегі кезім, көп нәрсені біле бермейім. Жиырма төрттегі Шынарды ауылдың әйел-еркегі. «Отырып қалды. Көк етікті табылмайды, көн етіктіге бармайды. Енді сүйтіп жүріп «кәріқыз» атанады» деп өсектейтін. Шынарды аяйтын менің шешем ғана. «Қайтсін енді, құрбыларының көбі соғыстан оралмай қалды. Шал-шауқанға қалай барсын. Майданнан бірен-сараң аман келген жігіт кімге жетсін» деп аяйды.

Мен де аяймын. Шынарды «кәрі қыз» деп мазақтағандармен төбелесуге бармын. Бірде әлде кім оның есігіне:.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Құм мен Асқар

I

Түн. Қойлы ауылдың қотаны. Түн аспанының қақ жартысын қаптаған қара қошқыл, түйдек-түйдек бұлттар ауыл үстіне қарай төніп келеді. Шаңдақ жерден топырақ борады. Түңліктер желпілдеді, жел көтеріле бастады. Алыста найзағай жарқылдайды. Күн күркірейді. Жалт еткен жарық ішінде ауылдың жеті үйі көрінді. Қалың қойдың шет-шеті тұрып, сілкініп, қозғалақтап абыржи бастады. Ала төбет пен қара қаншық ауылды айнала жүгіріп, арсылдап үреді. Қотан ортасында ескі жыртық жабу үстінде үлкен жыртық күпі шекпенге оранған Райқан отыр.

— Е-е-й, һайт, — деп айтақтап қойды.

Үлкен үйде жертөсекте ұйықтай алмай аунақшып жатқан бәйбіше сексиіп басын көтерді. Желпілдеген түңлікке, сықырлаған уыққа қарады. Құлақ салды. Киініп тысқа шықты.

— Тоқалдың қасында албырап жатырсың-ау, — деді. Жөткіреді, айтақтайды. Күндестің үйіне қарап үн бере береді. Жұдырығы құрысып, жағы тістенді...

Екінші ақ үйде Райқанның айтағымен оянып, тұра бастаған Жексенге тоқал қарайды... Жексен үйден шыға бастады. Тоқал артынан есікке таман ере барып:

— Жас тоқалға бой ұрды, — дейді. Бай Райқанды табады. Бұлтқа нұсқап, ұйықтама деді. Жауап жоқ. Иығынан тартады. Райқан сыртымен отырып, ояу екенін білдіреді. Анау зекігенде басын екінші жаққа бұрып күрсініп, тізесіне тағы сүйенеді. Бай ашулы түспен үңіліп тепсінеді. Райқан құнысып, бүкшиіп, тоңғанын білдіреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов Шанин атын ауылдың жөн сақтаған

(Ұстазым Қабдолла Кәлиұлы Смағұловқа)

Кешегі Абылайдың заманында

Батқан сәт су болды ма дала мұңға.

Сарыарқа жатты талай қанға бөгіп,

Қазақ қыры жаулардың табанында.

Білесіз езілгенін, жаншылғанын

Ұмытып дала иесі Алаш барын.

«Қынадай бірін қоймай қырыңдар!»- деп

Тепсініп тексіз жоңғар төкті зәрін.

Сәтінде Абылай Бұқарды шақырғанын .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

К і р і с п е
Зерттеудің көкейтестілігі: Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикаық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда.
Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі – болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақсатн Республикасының Конституциясында «Тіл туралы» Заңдарында т.б. атап көретілген.
Қазақстан республикасының тәуеліздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол мүмкіндік тғызды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Біз бақытты баламыз

Сабақтың мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы,достық,ойын,ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік

Сабақтың мақсаты: 1. Баланың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт- дәстүрлерімізді, қазақи дархандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ(интеграл, ата-анамен жұмыс, жас тәрбиешілер мен жұмыс, іскерлік, үлгі сабақ )
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, айналамен танысу, көркем әдебиет
Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу (өзіндік білімнен - ортақ білімге жету)
Сабақ көрнекілігі: электрондық тақта, киіз үй, бильборт...
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0