Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Келіншек

Күйеуінің қолы тиіп кеткен еді. Бұрынғы сезіммен қосылып тұрмысқа шыққан көңілінде содан кейін оған деген пайда болған өкпе ме, реніш пе, әйтеуір, бірдеңе бұрынғы оған арналған жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімімен бірге ішкі сарайында бірін-бірі жеңе алмай, итжығыс түсіп, алмасып келді де отырды.

- Айдын, әу, Айдын! Мына көйлекті киіп көрші! Саған алып едім! Қане! Дұрыс алған екем ғой! Мә, керемет жарасып тұр екен! Тура бір көйлектің жарнамасындағы жігіттердей болдың да қалдың! (Осы кезде ұрғаны есіне түсіп кетіп, ішінен). Қолың сынғыр, қолың сынғыр. Мені ұрған қолың сынып қалмайды-ау сенің. Қолың сынып, көйлектің жеңі салбырап тұрса, жақсы болар еді.

- Айдын, әу, Айдын! Ертең Жұмабектер қарындасын ұзатқалы жатқан жоқ па? Осы көйлекті сол кезде киіп барасың ғой! Жарасымды болып барғаның өзіңе жақсы ғой! (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Сені кім шақырғалы жатыр соған?! Тек мен жүргесін шығар қасыңда.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Біз сөкті деп


Мына жарық дүниеге келген әр адамның діттегені болып, ойлағанның орайы келіп, асығы алшысынан түсіп, қайғы - мұңсыз өмір кешуі ежелден - ақ екіталай дүние екені талас тудырмасы анық.

Алайда «біреудікі біреуге қыз көрінер» демекші әр тағдыр иесісі өз басына үйірілген сәтсіздіктің қара бұлтын ғана көріп, айнала төңірегіндегі адамдардың тағдыр - талайына жете мән бермеген. Олардың да шуақты күндерімен қатар басына бұлт үйірілген сәттері аз болмайтынын есепке ала бермейді. Ең бастысы, өз басындағы сәтсіздіктің бастау көзі қай тұста, оған не себеп екендігіне ой жүгіртіп жатпайды.

Қиыншылыққа қарсы тұру, оған қарсы күресу қаперіне кіріп шықпайды. Содан барып тәңірге, қала берді жарық дүниеге өкпе артады. «Жалған дүние...» осы бір сан көкіректі жарып шыққан өкініш пен өксікке толы сөз тіркесі атам заманнан - ақ ауыздан - ауызға, құлақтан - құлаққа жетіп, тілдік қордан берік орын алған.Оның елден елге, жерден жерге тарауына өмір жайлы толғақты ойларын жырларына арқау еткен жыраулар мен ақындардың да үлесі аз болмаса керек.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Бөпе

Балалардың бәрінің
Бөпесі бар үйінде
Ал мен болсам әлі күн
Жүрмін жалғыз күйімде.
Қыңқылдадым тәтеме,
Бөпе сатып ал дедім.
Сосын келіп әкеме
Дүкендерге бар дедім.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Бөкейхан | Тәуелсіздік жаршысы ұлт көсемі


Ә. Бөкейхан – Тәуелсіздік жаршысы, ұлт көсемі

Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна

Ақтөбе қаласының

№ 51 гимназияның тарих пәні мұғалімі



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры XIX ғасырдың 90 –шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Ә.Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған «Қазақтың» негізін қалап, бағыт-бағдарын анықтаушылардың бірі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең белсенді және өндірімді авторлардың қатарында болды. Ал, «Қазақ» болса 1913-1918 жылдар аралығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және М.Дулатовтардың табан ет, маңдай тер еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді. Тура осы мезгілде ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Мағауин | Тазының өлімі

1

Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп қалған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төңіректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қорқырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лақтырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-құмырсқа қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситын-ды. Ал мына жас топырақты қаба дем тартқан кезінде бойын мүлде басқа сезім билейтін. Қолқаны атары рас, бірақ соның өзінде әлденендей таныс, жанға жақын бірдеңе бар. Не екені де белгілі. Шіріген етпен аралас, мұрынға болмашы ғана лебі жеткен иіс – иесінікі. Ол осы арада жатыр. Қисынға келмейтін нәрсе, бірақ анық солай. Өз көзімен көрген. Тазының бойы жеңілейіп, еңсесі көтеріліп қалатын. Алысқа ұзаған жоқ қой әйтеуір. Ертең-ақ оянады. Қашанғы жата берсін... Енді міне, сол белгінің өзі жоғалыпты. Бәлки, тұрып кетіп қалған шығар. Мүмкін, ендігі үйде отырған болар? Жоқ. Қар түнде ғана жауды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты:
Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеті: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Үш қу

Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен. Әркайсысының кеселі бар, таздың басы қышып, көзі ауырған көзі қышып, жалақтың ерні тырысып, әрқайсысы басымен әлек болып келеді, сонда бұлар ақылдасып, бүйтіп кор болғанша уәде етелік, басты қасымасқа, көзді сипамасқа, ерінді жаламасқа деп ......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Жауынгердің тұлғасы


Ерлерді ел танысын деген мақсатпен «жауынгердің тұлғасы» деген теманы қолдан келгенше жазып, тілдің жеткенінше айтып, (қалам ұстаған жазушыларға) көзбен көріп, қолдан өсірген (әрине, әскери мағынада) ел азаматтары — жігіттер — жауынгерлердің, олардың әскери мамандықтары — кәсіптерінің әр түрінен (майдан — соғыс оқиғасына байланыстырып) болған ақиқат мысалдар келтіріп, аттарын қағаз жүзіне қалдырып, істерімен елді қысқаша таныстыру ниетімен күнделікті дәптерге найзадан қол босаған кезде, шала - шарпылау етіп асығыста жазып жүргендерімнің бірнешелері осы одағай, көркемсіз түрінде сізге тарту болсын. Аманшылық болып, қол тисе, теманың қалған әңгімелері кейіннен жазыла да, айтыла да жатар. Барлығы 20 әңгіме былай доғартылмақ.

Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі.

Ноябрьдің 26 жаңасы. Жерге шідеріден жоғары қар түскен. Солтүстіктен соққан қара жел қарып жеп, кісінің өңменінен өтіп барады. Немістің басым күшінің алдына көлденең түсіп, Мәскеуге қарай жібермей бөгет болып, күніне үш-төрт шабуылын тойтарып С. қыстағының маңайында жанталасып соғысып жатқанымызға төртінші күн болғанда, мені күтпеген жерде дивизияның штабына шақырды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0