Курстық жұмыс: Математика | Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Кіріспе
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. “Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми – практикалық “Дарын” орталығы құрылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Ақ тас

Орманның шетіндегі кішігірім кішкентай үй бар. Сол үйде ұлы мен ағаш кесуші қария тұрады. Қария қартайған сайын оның жұмысы қиындай түседі. Ұлы Хуан мейірімді, қайрымды, батыр болса да, əкесіне көмектеспейді.

Бір күні қария Хуанға:

— Ағаш азайып қалды. Орманға барып ағаш кес.

— Мен қазір барамын, – деп уəде етті Хуан, бірақ тіпті қозғалмады.

Əкесі біраз күтті тағы сұрады.

— Ағаш кесуге қашан барасың?......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Тұлпардың тұяғы

Емханада, палатада жалғыз езің жатқанда басында неше алуан ойлар келеді. Ұйықтасаң — әр түрлі түс кересің.

Таң, алдында осы Орталық емханада Нұрғиса көз жұмды.

Бұл түс емес. Кез көргендер, көңілдес, дос пейіл азаматтар дүниеден өткен сайын, әсіресе емханада, палатада жалғыз жатқанда өзіңнің де бұл фәниге небәрі бес күн қонақ екеніңді ойлайсың.

Алдымда — түрлі газеттер, теледидар сайрап тұр. Газеттерді ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да — қым-қуыт қиыншылық. Әсіресе КТК құтыртады. Бір жерде газ жарылып, үй өртеніп кетіпті, бір жерде — біреуді - біреу өлтіріп кетіпті. Қажыгелдинге «қастандық» жасалыпты. Ұрылар үйді тонап кетіпті. Әйелдерді былай қойғанда, еркектер де тәнін сататын болыпты...

Сұмдықтардан сүрініп, аяқ алып жүре алмайсың.

Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы жұлдыздардай жыламсырап әрең - мәрең көрінеді.

Сонда бұл дүние — өзің бес-ақ күн қонақ болсаң — несі қызық?

Қызық ету, сірә, сирек адамдардың ғана қолынан келетін болар, Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден,

Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін керген шығар. Оған мойымаған. Қайғысыз, мұңсыз адамнан анадай сұрапыл да сұлу күйлер, әуендер төгілер ме еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ағаштар неге ашуланды

Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді.

Мектепте көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды.

Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тан іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол. Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады. Өз кластарымен бірге тоғайға ол да барды. Бірнеше жас тал, терек, қайың әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды.

Алмабек осымен істі тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бірін де істемеді.

Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкілдеп, бойлап есе бастады. Солардың арасында: Алмабек отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң тамырланып кете алмай, шөжіп шалажансар жұтап тұрды.

Орманнан өздерімен бірге әкеліп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсіп келе жатқанын көргенде, қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелі-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір біріне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, біраз күнде тамырымыз суалып, құритын шығармыз», — деп уайым шекті.

Бұл қайғылы халді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. «Осындай да осындай. Алмабек дейтін бала алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың халі мүшкіл екен»,— деп, ол сыбдырлап бұталарға айтып еді. Ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбдыр қағыл талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізді. Сөйтіп, кен алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Думан Рамазан | Көгершін

Күз. Күн шайдай ашық. Алматының оқтай түзу көшелерiнiң бiрiнде орта бойлы, қыпша бел, қарақат көз, қыр мұрынды, ашаң жүздi қыз қолындағы үлкен қара чемоданды терлеп-тепшiп әрең көтерiп келедi. Жол бойы жағалай өскен қайың-емен, тал-теректердiң сарғыш тартқан жапырақтары ұшып жүрген көбелекке ұқсап, қалқып барып жерге қонады.

Бiр кезде алдыңғы жағынан қарсы ұшыраса кеткен сұңғақ бойлы әдемi жiгiт «Қарындас, көмектесiп жiберейiн» деп келiп, қыз қолындағы чемоданға жармаса бердi. Қолы талып келе жатқан қыз қарсылық көрсете қоймады. Жiгiт жөткiрiнiп алды да, жуан даусымен сөз бастады:

— Атым Мұрат. Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң тiл-әдебиет факультетiнде оқимын. Өлеңдерiм республикалық газеттерге жиi жарияланып тұрады. Мүмкiн оқыған да шығарсыз, – деп желдей есiп келедi. Ал қыз болса: «Ақын болса ақын шығар. Олардың осындай сөзуар болып келетiн әдетi емес пе», – деген оймен оның сөзiне онша мән бере қоймады. Өзiнiң жетi атасына дейiн таныстырған жiгiт «Ендi сiздiң кезегiңiз» дегендей, бұған жымия қарады:

— Есiмiм – Көгершiн. Қыздар педагогикалық институтының үшiншi курсында оқимын. Оқуыма асығып келе жатқан бетiм ғой, – дедi сыпайы ғана тiл қатып.

— Жүгiңiздiң ауырлығына қарағанда, ауылдан келесiз-ау!..

— Иә, жаңа ғана поездан түстiм. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Баскетбол секциясына балаларды іріктеудің әдістемелік ерекшеліктері

Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Ұсқынсыз үйрек

Қаланың сырт жағы қандай тамаша! Жаздың жайма-шуақ кезі, қара бидай сарбалақтанып, сұлы көктеп, пішеннің шөмелеге салынған шағы. Көкорай шалғын көк майсада ұп-ұзын, қып-қызыл сирағы анадайдан сидиып, бір құтан египетше сайрап жүрді ол тілді оған өзінің шешесі үйреткен. Сонау жайсаң дала, жасыл алқаптың ар жағында қарауытып қара орман тұр, оның қойнауы толған түпсіз терең шалқар көл. Шаһардың шеті қандай ғаламат! Айналасын табағы сулы терең сай қоршаған, аумақты келген......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Қара шелек

Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді.

— Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, деп Бірмағамбет, Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан.

Бірмағамбет мұны айтқанда, Айшаны салақ деп, дүниесін бүлдіріп ұстайды деп айтқан емес. Айшаның сөзін аяқсыз қалдырмағандығын сездіргелі айтқан. Әйтпесе, Айшаның жинақтығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде:

— Көріне бірге алып кетсе, көрерміз: әйтпесе кімнен қалмаған дүние, — деп бұрқылдасады.

Сол қара шелек бүгін майып болыпты! Қожағұлдың қара тоқалы біреуден нәрсе сұрамай, алған нәрсесін бүлдіріп бермей жүре ме, бүгін келіп қара шелекті сұрай қойды. Айша — шелек сұраушыны жайшылықта маңына жүргізбейтін:

— Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар, —дейтін.

Бүгін сонысын айта алмай қалды. Айта алмай қалған себебі болды: бүгін айға толды Бірмағамбет жоқ! «Аудан жұмсапты, науқанға өкіл қылыпты, 5-ауылдың байларын Бірмағамбет протоколдап ауданға айдап жіберіпті...» деген сияқты хабар еміс-еміс естіледі. Науқаны несі? Байларда не жұмысы бар? Айлап қаңғырғандай, ай толғанша үй бетін бір көрмегендей не болды? Бұл не деген сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола ма екен деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап суатқа апарып суғарса да есі-дерті Бірмағамбет болады да жүреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Үлкен жүрек

Таңертеңгі қоңырау соғылды. Класқа жапырлай кipген балалар тегіс орындарына отырды. Мұғалім келгенде олар әдеттегідей орындарынан тұрып қарсы алды. Кіріп келе жатып-ақ мұғалім Жанардың көзі алдыңғы партада бір баланын. жоғын байқады. Класс іші күрек тісінің бірі түскен кісінің аузы сияқтанып омырайып қалғандай. Тары Нұрлан жоқ. Мүмкін тағы да кешіккен болар. Бірінші кластан бері оқытып келе жатқан төрт жылдың ішінде Нұрланнан мұндай нәрсе байқалмап еді. Нұрлан кеше де, бұрнағы күні де сабақ басталып кеткен соң келді. Жанар оны тұрғызып қойып, неге кешіккенін сұрап еді: ол үндемеді, ештеме айтпады: «Кешігіп қалдым, кінә өзімнен» дегеннен артыққа бармады. Жанар бұл сабаққа да даярланбаған шығар деп сұрап көріп еді, сабақтың бәрін айтып берді. Үйге берілген жазу, есеп жұмыстарын да тап-тұйнақтай етіп орындапты. Барлығы да әдеттегіден бес қоярлық.

Мұғалім ойға қалды. Үйінде басқа жағдай болып қалды ма екен? Бірақ ондай кірбің шәкірт қабағынан байқалмайды. Тіпті осыдан үш күн бұрын ғана Нұрланның әкесі де, шешесі де Жанарға келіп жолығып кетті. Мұғалім осындай ой үстінде отырып балаларды түгендеп, тізімнің аяғынан шыққанын да білмей қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғалары

Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Ертегілер
Толық
0 0