Әңгіме: Антон Чехов | Үйде


— Григорьевтердікі бір кітап сұратқан екен, мен сізді үйде жоқ дедім. Пошташы газеттермен бірге екі хат әкеп берді. Айтпақшы, Евгений Петрович, Сережаға көңіл бөлсеңіз деймін. Бүгін де, кеше де соның шылым тартып жүргенін көрдім. Бірдеңе деп ақыл айта бастап едім, құлағын басып алып, менің даусымды естімеймін дегендей, жүгіре жөнелді.

Округтік соттың прокуроры Евгений Петрович Быковский мәжілістен жаңа ғана қайтып келіп, кабинетінде қолғабын шешкен күйі өзіне баяндап тұрған тәрбиеші әйелге қарап күліп жіберді.

— Сережа шылым тартады... - деп иығын бір қозғап қойды ол, сол тәштектің папирос тартып тұрғанын көрсемші! Айтпақшы, нешеге келді өзі?

— Жетіде.

— Сізге бұл әншейін нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ оның жасында шылым тарту зиянды, жаман әдет, ондай жаман әдетті әуел бастан құрту керек.

— Әбден дұрыс. Ал темекіні қайдан алып жүр?

— Сіздің үстеліңізден.

— Солай ма? Олай болса оны маған жіберіңіз.

Тәрбиеші әйел кеткен соң, Быковский жазу үстелінің алдындағы орындыққа отырды да, көзін жұмып ойлай бастады. Евгений Петрович Сережасын, ұзындығы бір кез, дәу папирос тартып, темекі түтініне көміліп тұрған тәрізді елестетті, соның өзі күлкісін келтірді: сонымен бірге тәрбиеші әйелдің шынымен абыржыған ажары, жарым - жартылап ұмытылып кеткен, әлдеқашанғы бір күндерді есіне түсірді: онда, мектепте, балалар бөлмесінде шылым тарту педагогтар мен ата-аналарға түсініксіз, сұмдық болып көрінетін. Ол шынында да сұмдық еді. Шылым тартудың нендей зиянды, қылмысты .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Заманауи әдіс

Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды көптілділікке бейімдеп келемін. Тіл –қарым-қатынас жасаудың негізгі құралы. Сондықтан, оқушылардың сауатты, нақты сөйлесуі үшін білім беру керек. Білім диалог арқылы беріледі. Оқушылардың сабақ барысында жасаған өзара байланысты, келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіреді. Сыныпта жасаған жұмыстары диалогпен жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және сыныптастарымен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді орынды қолдануына, өз болашақ мамандығында тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.

Диалог қолданғанда мұғалімнің көмегі арқылы үш тілді бірдей меңгертіп отыруға болады. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің аудармаларын тауып, оларды тәжірибеде қалай қолдануға болатындығы түсіндіріледі. Өздері қолданған негізгі сөздердің орысша, ағылшынша аудармаларын біліп отырады. Бұл тәсілді жаңа сөздерді қайталағанда жиі қолданамыз.Диалогтік оқыту – қарым – қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс. Диалог барысында оқушылар мен мұғалімдері келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. Пікір алмасу – оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Диалогтік оқыту тәсілімен мұғалім төмендегідей жетістіктерге жетеді:

Оқушылар тақырып бойынша сөйлеуге ынталанады;

Оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген шынайы қызығушылығы артады;

Тіл біліміне құштарлығы дамиды;

Халықаралық деңгейдегі мамандық таңдауға талпынады;

Сөздердің мағынасын зерттеуге ынталанады;

Оқушылар сын тұрғысынан ойлауыға дағдыланады;

Оқушылар өзгелердің пікірін құрметтеуге үйренеді;

Бір-бірінен үйренуге және бір-біріне үйретуге дағдыланады;

Алда кездесетін кедергілерді жеңуге үйренеді.

Б.Момышұлы «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» - дегеніндей, тіл – әрбір адамзаттың ұлттық абыройы мен болмысы. Ал, көптілділік – болашақ азаматтардың үш тілде бірдей сауатты сөйлеуі, ойлауы. Қажет болған жағдайда алма-кезек қолдана білуі. Бұл бүгінгі заман талабы. Ал біз осы заманға сай азамат тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Сол себепті «заманың түлкі болса, тазы боп шап», деген мақалды ұрандатып келемін.

Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін жетік меңгеру болашақ ұрпағымыздың жеке тұлғалық және кәсіби деңгейін арттырады. Ал біздің түлектерімізге көп тілді меңгеру өте қажет, өйткені олардың басым бөлігі әлеуметтік тұрмысқа қажетті мамандықтарды таңдайды. Үш тілді бірдей үйрету барысында біз әлеуметтік жағдайға байланысты мәселелерді көбірек қарастырамыз. Мысалы: аспаз, шаштараз, сауда-саттық, өнеркәсіп мамандықтарын халықаралық деңгейде пайдалануға бағыттау. Осылай көптілділік адамның кәсіби ажырамас бөлігіне айналып отырады. Оқушыларда мақсатқа жету және тәжірибе алу шарты туындайды.

Заманауи технологиялар мұғалімнің оқушыларын диалогтік оқытуы арқылы, ал оқушыларда дербестік және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда қалыптасады. Аталған әдіс арқылы оқушылардың іскерлігін және білім алуын епті басқаруға болады.

Сөзімнің соңын Дистервегтің «Жаман ұстаз шындықты ұсынады, жақсы ұстаз оны іздеп табады» деген сөзімен аяқтағым кеп тұр. Мұғалім ол үшін өзі де педагогикалық біліктілікті меңгеруі, шығармашыл болуы қажет.



Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
"№4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты" КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ташпулатова Акмарал Унарбаевна

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Кінәмшіл бойжеткен


Май айының іші. Гүбірнелік қаланың бақшасы мейрам күніне күндізден әзірленген. Күн батуға тақағаннан бері қарай, қаланың қызықты көксеген жастары әлденеше көңілді топ болып, күлісіп-әзілдесіп келіп, бақшаға кіріп жатқан. Бүгін күн ыстық болған. Сондықтан мынау бақшаның көлеңкесінен шыққан салқын леп майысып қана тербете соққанда, денені тез көтеріп, сергіткендей болушы еді.

Мейрам күннің түс мезгілінен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайраңдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр. Қала халқына көптен белгілі болған бақша оркестрі күндізден құтырып ойнап, дәмелі жастың көңіліне қозғау салып шақырып тұрған.

Құмы мен шаңы көп ыстық қалада майдың қоңыр салқын кеші кішкене сұлу бақшаның ішіне жанар оты сөнбеген жастарды еркін демалысқа, түстей сұлу сезімге шақырып, күтіп тұрғандай. Бақшаның сәнді шұбар тобы көрініске шыққан сахна сұлуларындай болып, неше алуан тілімен былдырлап, желікті күлкі, сезімді қалжыңмен оркестр күйінің ішінде толқынып, бұралып өтіп жатты. Күн батып, қас қараюға айналған кезде бақша мезгіл сайын жанданып, ыстық лепті тіршілік қызуымен ажарланып келе жатқан. Бақша, тіршілік күнінше, жылытатын ұяша талай меңіреу ойды да оятып сергіткендей.

Кейбір шеткі аллей ұзақ қоңыр, қараңғы болып келіп, қараңғы түн сырымен қосылып, ыстық демалыс, үзілген жүрек күйін ескерткендей болатын. Екі жақтағы қараңғы қалың тоғай ішінде тұңғиық қара көзді түн сыры оркестрдің сезімді күйіне тіл қосқандай. Қалқып тұрып иек қағып, жұмсақ жел сілкінткен жапырақтарын тілші қылып, сол күймен сыбырласып сырласқандай болушы еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардағы қант диабеті

Балалардағы қант диабеті



Балалардағы қант диабетінің даму себептері,

негізгіклиникалықбелгілері,

асқынулары,

қант диабетінемдеупринциптері,

гипо және диабеттік комалар кезінде көмек көрсету;

Инсулин дозасын есептеу, балалардағы инсулинмен емдеу ерекшеліктері.

Қант диабеті-асқазан асты безінің (ұйқы) бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Ертегі ішіндегі ғажап уақиға

Грейс, Клара және кішкентай Софидің әкесі таңертең өзінің тәтті балалық шағы өткен ескі үйіне жол тартады. Үйге кіре сала лезде өзінің жастық шағында өткен барлық еркелігі есіне түседі. Әр бір ескіріп, өңі кеткен бөлмелерді қарап жүріп әжесінің жерасты қоймасына тап болады. Қатты таң қалады, себебі осы үйде қанша жыл тұрса да әжесінің бұл қоймасын көрмеген екен. Ішінде әрдайым өзіне оқып беретін ертегі кітаптары мен көне заттар толы. Асықпастан ішін ақтарып балалық шағында естіген ертегілерін қайта оқып, беймәлім заттарды ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру
«Сөз - сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші. Кәзіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды. Осы ауқымды мәселеге байланысты мектеп жасына дейінгі мекемелердің тіл мамандарына төмендегі құрастырылған -тапсырмалар жүйесін ұсынып отырмыз. Бұл -тапсырмалар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру негізінде беріліп отыр, ойын түрінде жүргізіледі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ертегі: Сандық самолет

Ертеде бір көпес болыпты, оның байлығы сондай, ұзыннан-ұзақ бір көшені, оған қоса тағы бір шолақ көшені күміс ақшамен тұтас төсеп, көмкеріп тастауға дәулеті әбден жетеді екен. Бірақ ол мұны істеген жоқ, өз ақшасын басқадай жолмен жұмсады, егер ол бір скиллинг шығара қалса, одан тұтас бір дале пайда түсіріп отырды. Міне, ол осындай көпес еді. Сөйтіп жүргенде ол кенет қайтыс болып, әкесінің бар байлығы баласына қалды.

Баласы, шіркін, дүниенің қызығын көрді ғой: түн баласын......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аламан мен Жоламан

Бұрынғы уақытта ерлігі жаннан асқан Аламан деген бір мерген болыпты. Сұлулығы хор қызындай оның Қарашаш атты әйелі болыпты. Қарашаш атануы, шашы алтындай жалтырап, беліне түседі екен. Бір ұл, бір қызы болыпты.

Бір күні Аламан аңға шығып кетсе, әйелі мен қызы суға түседі. Сонда бір тал шашы үзіліп суға кетеді. Шашын аламын дейді, ала алмайды, қайтып үйіне келеді. Бұл мұнымен тұрсын. Енді ханнан сөйлейік.

Бір күні Сұлтан хан уәзірін ертіп, қырық жігітімен тауға шығып келе жатса, алыстан жылтыраған бір нәрсені көреді. Олар: «Бұл қалай, айдаһар ма, жылан ба?» – деп, дағдарып тұрады да: «Не де болса баралық», – дейді. Келсе, бір тал шаш бір үлкен қоғаға бөгеліп қалыпты да үстінен су сарылдап асып төгіліп жатыр екен. Хан шашты көріп, бұл шаштың иесіне ғашық болады. Хан үйіне келеді. Бүкіл қол астындағы білімпаздарын жиып: «Шаштың иесін табыңдар» – деп бұйырады. Олар таба алмайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Өмірге құштарлық

Сылти басқан олар жыраға қарай құлдилап түсе бастады да, алда келе жатқаны бейберекет шашылған тастар арасында сүрініп, теңселіп кетті. Өздері қалжырап біткен, жүздерінен ұзақ мұқтаждық ізі мен күйзелісті көнбістік қана аңғарылады. Иықтарындағы қайыс таспалармен шандылған зілдей тендер еңселерін одан әрмен езе түскен. Екеуінің де арқасында мылтық. Екеуі де бастарын төмен салбыратып, көздерін жерден алмастан бүкжеңдей түседі.

— Құпия орындағы оқтардың, тым құрығанда, екеуі өзімізде болғанда ғой, — деді бірі үнсіздікті бұзып.

Оның даусы еш сезімсіз, салғырт естілген. Жүдә енжар айтқаны соншалық, тастарға соғыла ақшулан түспен көбіктеніп аққан суды енді кеше бастаған серігі жақ жарған жоқ. Әлгінің соңынан жолдасы да суға аяқ басты. Ағын су сүйектен өткен мұздай болғанмен — суықтығы соншалық, балтырлары мен башпайлары мүлдем жансызданып сала берсін, — олар аяқ киімдерін шешкен де жоқ. Кей тұста су тізелерінен асып, тірегін жоғалтқан әлгілер теңселіп-теңселіп кетеді.

Жүргіншінің бірі жылтыр қойтаста тайғанақтап, құлап түсе жаздады да, жан даусы шыға шыңғырып жіберіп, сөйтсе де аяғында тік тұрып қалған. Сірә, басы айналып кеткен болуы да керек теңселген күйі қолдарын ербеңдете түсіп, ауаны құр қармағандай болды. Бойын әрең билеп, алға қадам басқаны сол-ақ ізінше қатты: теңселіп кетіп, тағы да омақаса құлай жаздасын. Сол сәтте кілт тоқтап, серігіне көз тастады: анау болса жүрісін кідіртпестен алға озып барады, ол ол ма, бұрылып қараған да жоқ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0