Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Мектебінің өткенін де ұлықтап,
Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.

Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.

Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мен таңдаған мамандық

Ұстаздық ету -әлемдегі мамандықтың анасы,

Ұстазынан білім алып адамзаттың оянады санасы .

Бұл мамандық жемісі мол бәйтеректің ағашы,

Сондықтан да қымбат оның алтыннан да бағасы.

Автор

Қара сөздің қас шебері, халқымыздың ұлы ақыны Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - демекші қай қоғам болмасын әрбір азамат «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын тауып, өзі сүйген мамандық иесі болып, өз болашағының кірпішін қалауға тырысады.

Мен өз өміріңнің іргетасын берік қалаған және таңдаған сүйікті ұстаздық мамандығымнан еш өкінбеймін. Бұл мамандық менің өміріме күн нұрындай шуақ шашып, айналамдағы адамдарға мейірімділік пен адалдық қасиеттерді оята білді.

Мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды өмірлік қателеспес кәсібім етіп неге таңдадым және осы кәсіпке мені итермелеген қандай күш? деген сұрақтарға ең біріншіден: "Бала кезімнен спорт десе ішкен асымды жерге төгетін" -спортқа деген құлшынысым теңіздің жағаға ұрып соққан толқыны секілді асау болса, құштарлығым бала кезімдегі ауыл балаларымен асыр салып таңның атысымен кештің батысына дейінгі доп тебумен өтер еді.

Сыныбымызда мұғаліміміз біздерден "қай мамандық иесі болғыларың келеді?" -деп сұрақ қойғанда әр оқушы әр түрлі мамандықты бір атап жатса, менің жүрегімде бір ғана мамандық иесі болу арманым еді. Ол-дене шынықтыру пәні мұғалімі болатын.

Менің дене шынықтыру пәні мұғалімі болудағы мақсатым - өскелең жас ұрпаққа сорттық білім беріп, түрлі жарыстарға қатыстырып, қазақтың асқақ беделін көтеріп, көк туын желбірету еді. Шәкірттерім жеңіске жеткенде қуанышым қойнына симаған жүрегімнің тұсына оң қолымды қойып әнұранды тыңдағанға не жетсін,шіркін!

Мен осы ұстаздық мамандықты таңдаған соң тек қана өз мақсатымды көздеп, нан тапсам болды дейтін ойлардан аулақпын, керісінше өз кәсібіме шын беріліп, қыр-сырын игеріп, жұмысымда аянбай қызмет етіп, оқушыларға спорттық білім беріп қараңғыда қалған ой-санасына білімнің шамын шағып жарыққа алып шығамын. Ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: "қараңғы қазақтың көгіне өрмелеп шығып, күн болуға тырысамын.

Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйінін түйер болсам: «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады» деп даналарымыз айтқандай мен өзім ұнатқан мамандықты иесімін. Енді осы мамандығыммен бақыттымын!



.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жарылыс

Алғыс сөз

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүлеймен Баязитовтің аталмыш кітабына «Жарылыс» атты романы еніп отыр.

Роман оқиғасы Павлодар, Баян өңірінде, тіпті тұтастай қазақ даласында кеңестік кезеңдегі байларды кәмпескелеу, аштық ұйымдастыру, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигонындағы алғашқы атом сынағы, тың игеру, бір сөзбен, қазақ халқының басынан кешкен ауыр да азапты жылдар роман кейіпкерлері Әділ, Ғайша, Айтқожа, Валя, Әнуар, Адольф, т.б. тағдыры арқылы сөз болады.

Автор боямасыз өмір шындығын шама-шарқынша әділ бейнелеуде. Атомсыз әлемге жол ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 - жылдың 29 - тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы» № 408 - Жарлығы романның толғақты түйіні ретінде ұсынылуы автордың сәтті шешімі екені деп білеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Бұрқасын ханым

Бір жесір әйелдің туған қызы және өгей қызы болыпты. Өгей қызы көрер көзге көрікті, биязы екен де, өз қызының сырт пішіні ұсқынсыз, оның үстіне кержалқау болса керек. Жесір әйел туған қызын жанындай жақсы көріп, тамақтың тәтті-дәмдісін соның аузына тосып, сөкет қылықтарын да елемейді екен, ал өгей қызына күндіз-түні жұмыс істетіп, жарытып тамақ та бермепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Байғыз

Сүлеймен патшаның нақсүйері томсарып отыр екен. — Сен, бүгін неге кейіп отырсың? – деп сұрапты одан әрі. — Мен кейімей қайтейін, осында жұрт патшаның нақсүйерін көреміз деп келген екен. Ойым – жұрттың ойынан артық, өзім сендей жер-дүниені билейтін патшаның зайыбымын. Ал дәрежем өзге жұрттан артық болмады, – деді. Сонда Сүлеймен патша:

— Ендеше сенің дәрежең қайтсе артық болады? – депті.

— Түзге отыратын жерім алтыннан болса, үйімнің іші-сырты шаңқан болса, сонда менің дәрежем де асар еді, – депті әйелі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді, алақай!
Шаттанайық балақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Асыр салып ойнайық.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өлең

- Қабырға газетіне өлең жазшы, - деді бірде бұған қыздар. - Бірінші мамыр мерекесіне арнап шығаруымыз керек.

Мектеп қабырғасында жүргенде де, осында келгелі де, өлең жазу дегенді былай қойғанда, қалам ұстай қояйыншы деген ой арман-мақсатында да болып көрмеген еді. Бұлардан бірінші курста шығарма жұмысын алғаны бар. Бар болғаны бір-ақ рет. Сол жолы өздерінен шығарма жұмысын алған ағайы:

- Сен осы әңгіме жазбайсың ба? - деді.

Бұл жазбайтындығын айтты.

- Шығарма жұмысыңа қарап отырып, әңгіме жазатын бала шығар деп ойлап едім.

Оқуын бітіріп мектепке мұғалім болып кеткен жылының екінші жылында мұның 1456 жылды негізге ала отырып, Қазақ хандығының 540 жылдығына арнап өзі қызығушылығымен жазған дәптеріне көпшілік те қызығушылық танытып, жұмыла жүріп мәдениет Үйінің сахнасына қойып шыққаны бар. Осы шарадан кейін екі ай өткенде, бірде мектеп директоры педсоветтің үстінде 8 наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шараның жұмыстарына байланысты үш адамның бірі ретінде бұған да жұмыс жүктеді. Педсовет 8 наурыз мерекесіне байланысты екі жұмысты бағдарлаған еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Қаракесектердің қалжыңы


Жазғы уақыт еді. Кешкі мезгіл. Қараңғылық енді түсе бастаған шақ. Апасы мен көкесі ауызғы бөлмеде шай ішіп отырған. Жандарында әлі мектепке бара қоймаған бұл отырды. Бір кезде ауызғы бөлменің желмен толқып, тербеліп тұрған жапқышын серпіп тастап үйге бір жұмаланған кемпірдің кіріп келгені. Кемпірдің басында өңіріне түсіріп тартып алған шашақты жаулық, үстінде жеңсіз камзол, камзолдың сыртынан белін қабаттай буынып алған, қолында талдан жонып жасалған ұзын ақ таяғы бар. Кемпірді көріп апасы мен көкесі құрақ ұшты:

- Кел! Кел, апа! Шайға кел! Жоғары шық!

Кемпір апасынан жоғары өтіп барып, көкесінен төмен отырды. Бұл келіп отырған көкесінің қарамағында байланыс бөлімінің механигі болып істейтін кісінің шешесі еді. Апасы кемпірге шай құйды. Кемпір салған жерден көкесіне қарап отырып, әңгімесін бастады.

- Қолғанат, маған пенсиямды бер! Маған ақша керегіп тұр! - деді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0