Ертегі: Бөгелек

Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона – хан, бөгелек – уәзір, шіркей – жасауыл сайланыпты.
Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса, жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қайнап, көзі алайып кеткен бөгелек ызыңдап, әрқайсысына бір төнеді. Оған жылқы да, сиыр да, есек те мыңқ етпейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғалым Әріп | Ана

Бұл бір уылжыған жап-жас келіншек еді. Ерге шыққан, алты айлық бөпесі бар дегенге білмеген кісі сене бермейтін. Өйткені, тым ұялшақ еді. Және жат адамнан жалтақтап қашып жүретін әдеті бар-ды. Көршілер оны «Үркек Мәриям» деп атайтын.

Бұлар бір отбасында үш-ақ адам болатын: күйеуі, өзі және жаңа отыра бастаған ұлы -Талғат. Ері Әнуар - мұнайшы, қызмет бабымен жүріп, ол көбіне үйге кеш оралады. Мұндай беймезгіл шақтарда Мәриям елегізіп үйде отыра алмайды.

 Сен жоқта біз қорқамыз, - дейтін ол кейде күйеуіне. - Әсіресе, Талғат ұйықтап жатқанда қорқамын.

 Сонда сен Талғат құрлы болмағаның ғой, - деп күлетін Әнуар.

 Ол жігіт қой.

...Жаз айы. Тас төбеден шақырая төнген күн сәулесі күйдіріп барады. Жексенбі күні болатын. Қаладан батысқа қарай бет алған көгілдір «Москвич» теңіз жағалауының оқшаулау бір жеріне келіп тоқтады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Мапуидің үйі

(әңгіме)

«Аораи» атты желкеме қаңқиып зор көрінгенімен қалай бұрса, солай жалтарып, самал желдің екпінімен зырлап келеді. Кеменің капитаны алда көрінген аралға таяна келе соқпа толқындардың жиегіне жетпей салдауыр тастады. Бұл — Хикуэру атолы, су ортасына сақинадай дөп-дөңгелек болып иірілген құм, маржанның үгіндісі, диаметрі жүз ярд, айналасы жиырма миль, биіктігі мұхит суының толқығанда көтерілетін деңгейінен төрт-бес фунттай ғана жоғары. Оның ортасындағы айнадай жарқыраған, суы тұп-тұнық үлкен қойнаудың түбінде меруерт қабыршағы өте көп. Міне қазір де меруерт іздеушілердің суға сүңгіп, жағаға кері жүзіп шығып жатқаны желкеменің палубасынан көрініп тұр. Бірақ атолға өзге түгіл сауда кемесі де кіре алмайды. Оған тек кішкене ескекті катерлер жел оңынан тұрса ғана. ирелеңдеген тар бұғазбен ептеп жүзіп өтеді, ал желкемелер рейдіге тоқтап, жағаға қайық жібереді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Кәмпит


Таңатар шешесінің зейнетақысымен күн көреді. Кейде бұл зейнетақы да оны-мұныға жете бермейді.

Бүгін Таңатар аулада зерігіп отыр еді, шуласып ойнап жатқан балаларға көзі түсе кетті. Сонан соң балаларды жанына шақырып алып:

- Жарысасыңдар ма? - деді.

Балалардың көзі жайнап кетті:

- Жарыстырасыз ба?!

- Ол үшін үйлеріңнен кәмпит алып келу керек, - деді Таңатар.

Кейбір балалар "мамам ұрысады" деп, барғысы келмеп еді, Таңатар оларға:

- Онда жарысқа қатысу құқығынан айырылдыңдар, - деді.

Біраз балалар үйлеріне қарай шапқыласып кетіп, уысын толтырып кәмпит алып шықты да, Таңатардың күректей алақанына салды. Таңатар алақанындағы кәмпиттерді жанында жатқан жұқа тақтайшаның үстіне үйіп қойды. Сонан соң балаларға қарап:

- Әнеееу талды көріп тұрсыңдар ма?! - деді. - Мен үшке дейін санағанда, жүгіріп кетесіңдер де, сол талды айналып жүгіріп келесіңдер. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Жерден шыққан Желім батыр

Баяғы уақытта бір кемпір бар екен. Оның үш баласы болыпты. Ол кемпірде түк мал болмапты. Күнелту үшін базарға жусан алып барып сатады екен. Сатқан жусаннан тамақтарынан артылып, күнде бес тиын қалады екен. Бір күні сол артылып қалған бес тиындарын санаса, едәуір пұл болып қалыпты. Қыс келе жатыр, балаларыма шапан әперейін деп, қалаға барып, үш баласына үш шапан сатып алады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Шұға

(пьеса)
4 перделі, музыкалы пьеса
ҚАТЫСУШЫЛАР:

Есімбек – бай.
Бәйбіше – оның әйелі.
Әлім – баласы.
Шұға – қызы.
Мақпал – Шұғаның жеңгесі.
Айнабай – Есімбектің қол шоқпары.
Күлзипа – оның қызы
Қабен.
Кәрім – Әбіштің жолдастары.
Қарасай – Шұғаның айттырған күйеуі.
Шоқпарбай – Қарасайдың жолдасы.
Базарбай – Есімбектің қойшысы.
Әбіш – оқыған жігіт.
Қыз-келіншектер, жігіттер, бақсы, пристав, тағы басқалар.

БІРІНШІ ПЕРДЕ
Шымылдық ашылар кезде сахнада жаң-жұң дауыс; ойын-күлкі. Қыз-бозбала, келіншектер. Сахнаның орта шенінде алтыбақан. Алтыбақанда бір қыз бен бір келіншек тербеліп, көтеріңкі түрмен ән салады. Бірсыпырасы оған қосылады. Алтыбақаннан бөлектеу Шұға мен жеңгесі. Жеңгесі Шұғаға сөз айтып тұрады. Шұға ұнатпаған пішін көрсетеді. Бұларға таяу бір келіншек пен Күлзипа. Бұл екеуі де өзара сөйлесіп, әлденеге мәз болған түрде. Алтыбақанның екінші жағыңда Қарасай мен Тоқтарбай. Бұл екеуі өзара сөйлесіп, көздерін Шұғаға қадаумен болады. Ән тоқталып, жаң-жұң басылған кезде.
Шұға (ұнатпай).
Апырм-ай, жеңеше,
Құлағым сарсылды.
Мақпал.
Беу, еркежан,
Жастықты неліктен,
Жүрегің тарсынды? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Ақсақ құла

Ертеде бір сараң бай болыпты. Оның адам баласында жоқ жалғыз құла тұлпары бар екен. Бай құла тұлпарының тұқымын өсіріп, даңқын асыра түскісі келіпті. Сөйтіп, құла тұлпардың қасына бір биені қосып, жойқын теңіздің ортасындағы адам аяғы баспайтын иен аралға алып барып тастапты. Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайтын тарпаң екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Малхуан сұлу

Ертеде адам басына бітпеген сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты.
Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін менменшіл қара ниет хан болыпты. Ханның қырық сарайы бар екен. Сарайларының сәнділігі сондай - жақұт, маржан, алтын, күмістермен әшекейлеп салдырған екен.
Хан Малхуанның суретін көріп, қызға ғашық болады. Сондықтан: «Егер осы қыз бұл дүниенің үстінде туса, қалай да іздеп тауып алармын», – деп, өзіне-өзі серт қып, жансыз бейнені бір сарайға сақтауға бұйырды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай Кентавр

Қара суықты қараша. Жалтаң қырға қара күз келіп, ықтасын тауға қоңыр күз түскен.

Тарбағатайдай тарлан тартқан кәрі керінің адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес бір пұшпағы. Терең шатқалдың жазда жел соқпас, қыста қар алмас күңгей қолтығында жетімсіреп жалғыз үй тұр. Төбесі шатырсыз, қара тастан қаланған еңселі, тоқал там. Маңайында боз талдан тоқылған шарбақты, таспен шегенделген қора-қопсасы бар. Бұл ұры қонысты тап төбесінен түспесең, жабулаған жылқыдай тани да алмайсың, таба да алмайсың.

Тау іші — тымық. Күн көзі — шуақ. Бар дүние балауыздай балбырайды. Биік бауырына бұққан тас үйге Тәңірінің көзі түсіп, күн нұры құйылған.

Тұғырлы келген тас үйде екі жан иесі ғана бебеу қағулы еді. Бірі — құлжадай еркек, бірі — құралайдай әйел.

— ... —

— Иә, Алла! Өзің жар бола гөр! Жанын қалдыра гөр! Жылбысқаны алсаң да, жарымды алма!.. Осы тілегімді бере гөр, Тәңірім! Әумин! .....
Әңгімелер
Толық
0 0