Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!-деп Елбасымыз айтқандай еліме азда болса үлесімді қосуға, бар күшімді салып еңбек ету менің басты мақсатым болмақ.
Міне, Қазақстан тәуелсіз ел болғанына биыл 25 жыл болып отыр. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыз да, жақсылығымыз да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы - Қазақстан. Біз бақытты да ынтымағы мен татулығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатырмыз. Ата-бабамыз ғасырлыр бойы аңсап келген Тәуелсіздік 1991 жылдың 16 желтоқсанында бастау алады. Қол жеткізген тәуелсіздік қолызмызға оңай түскен жоқ. Еліміздің басынан небір қиыншылықтар, сұрпайы соғыстыр өтті. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтауға батырлар мен қарапайым халықтар өз жандарын пида етті. Қазіргі Қазақстан бүкіләлемдік проблемаларды талқылыуда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді. Еліміздің тыныштығы мен қауыпсіздігі біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясытының арқасы деп білемін. .....
Жер бетіндегі адам баласы мен аң-құсты түгел билеген Сүлеймен деген патша әйелін өте жақсы көреді екен. Не қаласа, бәрін орындай беріпті. Бір күні еріккен әйел Сүлеймен патшаға былай депті: – Маған тек қана құстың сүйегінен сарай салдырып бер! Патша шабарманы қаршығаны шақырып алады да құс атаулыны түгел жинап келуге бұйырыпты. Патша әйелінің сөзін дуал үстінде отырған байғыз естіп қойыпты. Қаршыға ой мен қырды шарлап, құстарды тегіс жинапты.......
Жалға берілетін "Лиссабон" бөлмелерінің ең бір арзанқол кішкентай нөмірінде үшінші курстың студенті, медик Степан Клочков бұрыштан - бұрышқа әрлі-берлі жүріп, өзінің медицинасын жаттап жүр. Жақ жаппай, тынымсыз жаттаудан әбден тамағы тобарсып кеткен, маңдайынан шып-шып тер шықты.
Шет-шетіне қырау тұрып, неше түрлі өрнек түскен терезе алдында, жайдақ орындықта оның пәтершісі Анюта отыр, жасы жиырма бестер шамасында, сүйегі ұсақ, өзі ап-арық, кескіні қара торы, өңі құп-қу, жәудіреген қоңыр көздері, тіпті, монтаны. Жауырынын бүгжитіп, еркек көйлегінің жағасына қызыл жіппен кесте тігіп отыр. Жұмысы тығыз. Дәліздегі сағат құмыға күңгірлеп түскі екіні соқты, ал бөлме іші әлі жиналған жоқ. Умаждалған көрпе, әр жерде жайрап жатқан жастықтар, кітаптар, әйелдің көйлегі, үлкен легеннің ішінде мөймілдеп көпіршіген жуынды, оның бетінде қалқыған шылым тұқылдары, еденде ыбырсыған қиқым-сиқым - осының бәрі бір жерге үйіліп, әдейі қойыртпақталып, былығып жатқан сияқты...
— Оң жақ өкпе үш сайдан тұрады... — деп жаттайды Клочков. — Шекаралары! Үстіңгі сайы көкіректің алдыңғы бетінде 4-5 қабырғаларға дейін барады, бүйір жақта 4- қабырғаға дейін... артқы жақта Spina Scapulae1-re дейін... .....
Қазіргі таңда кеңес елі кезіндегідей емес кітап оқитын адам саны аз. Сондықтан да моральдық жағынан ол қоғам әлде қайда жоғары болған шығар. Дегенмен ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Сол себепті адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни көп оқитын ел болғанымен таңдау құқығының шектеулілігінен өкінішке орай адамдар кітап оқудан пайданы ала алмады.
Ал қазір.... кітаптың небір түрі бар: қазақша, орысша, ағылшынша. Кітап сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!
Кітап оқитын жастар жоқ емес,бірақ олар ішкі мазмұны емес сыртқы жылтырауығына қарап оқима деимін.
Жақсы кітап оқу — ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.
Л.Н. Толстой
"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің ойың... Кітап тек досың ғана емес, ұстазың …ақылшың.
Қазіргі кезде том-том кітап құшақтап, кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіретін болдық. Мерекелерде адамдар бір-біріне кітап сыйламайды. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Өкінішке қарай, кітапқа деген адамдардың өз бетімен қызығушылығы азайып барады. Оның себебі ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Қазіргі жастар кітап оқудың орнына теледидарға үйірсек.
Қазіргі таңдағы ғаламтор, компьютер,теледидарлар кітап оқуға үлкен кедергі келтіреді Қазақтың бай тілі – бар қазынасы көркем әдебиетінде. Әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен сол ұлттың өзіне керек. Қазіргі біздің қоғамымыздың алдында жас ұрпағымызды кітапқа, нақтырақ айтсақ қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу деген міндетіміз бар. Осыны естен шығармағанымыз абзал.
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады: Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»). әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).....
Бір күні Арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып Түлкі келеді.
— Сәлеметсіз бе, Арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді.
— Жай ма? – деп сұрайды Арыстан.
— Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар. Қасыңызға біраз......
Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты. Үрейі ұшқан бөдене: – Түлкіжан, тимеші, екеуіміз дос болайық, – депті, құтылудың амалын іздеп. – Ендеше, мені тойғыз, – депті түлкі. – Онда ер соңымнан, анау қыздарға барайық, – депті, бөдене жаңа қонып жатқан бір ауылға ерулік алып бара жатқан қыздарды көрсетіп. Оны көріп: – Ал, баста! – дейді де түлкі соңынан ілеседі.......